gram news
Qsport Qazaqstan channel avatar

Qsport Qazaqstan

@qsportqazaqstan

QSport медиахолдингі 📺 QLeague | QArena | QFootball Қазақстан мен Орталық Азиядағы басты спорттық медиаплатформа. 🔹 IG Qsport Qazaqstan: https://linktw.in/ZTfFjR 🔹 YouTube Qsport: https://linktw.in/yCoMqY

ProjectsUKSports

5,510subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 19:24

    «Реал Мадрид» Тебасты клубқа тұрақты түрде шабуыл жасайды деп айыптады 🇪🇸Ла Лига президенті мадридтіктерге жүйелі түрде төрешілік зиян келтіріп жатыр деген әңгімелер команданың алаңдағы мәселелерін ақтаудың бір тәсілі деп мәлімдеді.🩵🩵🩵 Толығырақ осы жерден оқуға болады
    QFootball«Реал Мадрид» Тебасты клубқа тұрақты түрде шабуыл жасайды деп айыптады - QFootballБұған дейін чемпионат басшысы «Реалдың» төрешілерге қатысты шағымдарын сынға алып, клубтың телеарнасына да қайта шүйліккен еді. Тебас мадридтіктерге жүйелі...
    94311Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 18:33

    Әйелдер Чемпиондар лигасында үлкен ойын! ⚡😍«Реал Мадрид» әйелдер командасы Чемпиондар лигасының ширек финалына үш рет дейін жеткен. Ал ПСЖ бұл турнирдің финалында екі рет — 2015 және 2017 жылдары ойнаған.Жарты сағаттан кейін екі команда да еуропалық аренадағы кезекті маңызды ойынына шығады! ⏳📺 «Реал» – «ПСЖ»: осы жерде эфир
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    174411Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 17:33

    🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🙁 «Тоттенхэм» стадионының жанында көңіл-күйі түскендерге арналған арнайы орындық пайда болдыОл 2020 жылы өзіне қол жұмсаған «Тоттенхэм» жанкүйерін еске алуға орнатылған. Орындыққа отырып, көңіліңізге ауыр тиген сәтте әңгімелесетін адам табуға болады.Ал команданың қазіргі жағдайы да жанкүйерлерді қуантпай тұр. АПЛ-дің бес турынан кейін «Тоттенхэм» 2 ұпаймен соңғы орында. Команда әзірге жеңіске жетпей, небәрі екі гол соқты. 😬🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    249322Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 16:45

    Ұлттық құрамадан жағымсыз жаңалық! 😢🇰🇿Алибек Қасым жарақатына байланысты сырт алаңдағы кездесулерде командаға көмектесе алмайды. Оның қарымта матчтарға қатысуы әзірге белгісіз. Бұл футболшының қалпына келу барысына байланысты шешіледі.Ал Ислам Чесноков жарақатына байланысты ұлттық құраманың келесі төрт матчын толық өткізіп алады.❤️ – Екі футболшыға да тезірек сауығып, алаңға оралуды тілейміз!🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    317321Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 16:01edited

    Иә-иә, дұрыс түсіндіңіздер! 😅Әйелдер арасындағы Германия чемпионы өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдайды. Ойын басталуына санаулы минуттар қалды!Матчты 💙💙💙 телеарнасынан тікелей эфирде 21:35-те тамашалаймыз!🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    341531Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 15:15

    Зидан Франция құрамасымен алғашқы жаттығуын өткізді! 🇫🇷Жаттығуға 12 футболшы қатысты. Қалпына келу сипатында өткен жаттығуды шамамен 50 журналист бақылап отырды.Кейін қақпаға соққылар орындалды. Ал допты қапталдан көтеріп берген — Зиданның өзі. 😎Зизу әлі де бабында! 🔥🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    361video621Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 14:33

    Дастан Сәтбаев жастар құрамасына қонаққа келді! 😍🇰🇿 Дастан Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиынына арнайы барып, жігіттерге қолдау көрсетті. Қазіргі таңда жастар құрамасы Хай-Уиком қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.Айта кетейік, үш күннен кейін Қазақстан жастар құрамасы Англия жастар құрамасына қарсы алаңға шығады. 📆🎥: KFF team🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    375video721Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 13:45

    Еуропаның топ-5 лигасында тек үш клуб маусымды ұпай жоғалтпай бастады 🔝«Барселона», Дортмундтың «Боруссиясы» және «Манчестер Сити» чемпионатты жүз пайыздық нәтижемен бастады.⚽️ «Барса» – 7 матч, 7 жеңіс, 21 ұпай. ⚽️ «Боруссия» – 4 матч, 4 жеңіс, 12 ұпай. ⚽️ «Ман Сити» – 5 матч, 5 жеңіс, 15 ұпай.Үш чемпионат – үш керемет бастама. Осы үштіктің қайсысы жеңісті сериясын ең ұзақ жалғастыра алады? 👀🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    3684221Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 13:01

    Өз буынының үздік екі футболшысы – енді бапкер! 🔥🇳🇱🇫🇷 Хави Нидерландта жұмысын бастаса, Зидан Франция құрамасын тізгіндеді. Кезінде бұл екеуі де өз командаларының нағыз аңызы болған.Енді олардың бапкерлік жолын Ұлттар лигасында бірге бақылаймыз!🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 12:15

    Әйелдер футболы – әдемі футбол! 😍⚽️ Әйелдер футболының деңгейі төмен дейтіндерге сенбеңіздер. Әйелдер Чемпиондар лигасында әдемі голдар мен тартысты матчтар жетерлік!Бүгін турнирдің жалпы кезеңіндегі алғашқы матчтарды 💙💙💙 телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаймыз.📺 21:35 УЕФА Әйелдер Чемпиондар лигасы, 1-тур. «Бавария» – «Манчестер Сити»📺 23:50 УЕФА Әйелдер Чемпиондар лигасы, 1-тур. «Реал Мадрид» – ПСЖ⚡ «Реал» – «ПСЖ»: осы жерде эфир
    401video21Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 11:32

    🇪🇸 Рафинья «Алтын допты» Ламин Ямаль алуы керек деп есептейдіРафинья биылғы «Алтын допқа» басты үміткер ретінде Ламин Ямальды атады. Оның пікірінше, жас футболшы жеке статистикасы, командалық жетістіктері және алаңдағы ойыны бойынша бұл марапатқа лайық.«Алтын допты» Ламин Ямаль алуы керек. Бұл жерде жеке статистика, командалық трофейлер мен алаңдағы шеберлік ескеріледі. Ал Ламинде мұның бәрі бар. Оның статистикасы керемет. Ол үш трофей жеңіп алды, оның ішінде әлем чемпионаты да бар», – деді Рафинья.Ламин Ямаль «Алтын допты» алуға лайық па? 👀🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    3886511Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 10:45

    🏴 Энцо Фернандестің трансфері екі команданың нәтижесіне бірден әсер еттіАргентиналық жартылай қорғаушы кеткеннен кейін «Челси» әлі бірде-бір матчта жеңіске жете алмады.Ал Энцоның жаңа клубы «Манчестер Сити», керісінше, оның трансферінен кейін өткізген барлық кездесуінде жеңіске жетті 🔥Кездейсоқтық па, әлде Энцоның әсері ме? 🤔🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    399611Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 10:04

    🇦🇷 Кристиан Ромеро Лионель Месси биыл күзде тоғызыншы «Алтын добын» алуы тиіс деп есептейді.«Алтын допты» Лео Мессиге беру керек. Қайталаудан жалықпаймын: әлемде оған тең келетін басқа футболшы жоқ. «Алтын доп» туралы тек ол мансабын аяқтағаннан кейін ғана таласуға болады», – деді Ромеро ESPN-ге берген сұхбатында.Жеңімпаздың есімі 26 қазанда Лондонда өтетін марапаттау рәсімінде белгілі болады.Месси «Алтын допқа» лайық па?🔥 — Иә, Месси – топ 👎 — Жоқ, оған жетеді🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    423109111Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 09:15

    ❌ Гранит Джака жалған COVID-сертификатын қолдануы мүмкін деген күдікпен тергеуге алынды.Болжам бойынша, швейцариялық футболшы 2022 жылы вакцина салдырмай-ақ екпе алғаны туралы құжат рәсімдеген болуы мүмкін.Егер оның кінәсі дәлелденсе, Джака бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    427521Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 08:31

    Әйелдер Чемпиондар лигасы қайта оралды! 🔥Бүгін және ертең әйелдер арасындағы ең үздік клубтық турнирді бірге тамашалаймыз.📺 Матчтарды QLeague телеарнасынан тікелей эфирде көріңіздер!🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    423511Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 07:45

    🇪🇸😃 «Атлетиконың» ресми аккаунты мадридтік дербидегі төрешілікке қатысты сынға жауап берді!Мадридтік клуб әлеуметтік желіде мынадай жазба жариялады:«Төрешілерді қорлауды ДӘЛ ҚАЗІР ТОҚТАТЫҢЫЗДАР!»🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    432921Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 07:00

    🇦🇷 Месси Аргентина құрамасындағы қоштасу матчына арналған жейдесін көрсетті39 жастағы футболшы 6 қазанда ұлттық құрама сапындағы соңғы матчын Бенинге қарсы өткізеді. Лионель Instagram парақшасында бутсасын дайындап, бір жейдені екіншісіне ауыстырып жатқан видеосын жариялады.«Соңғы матч… Өмір бойына қалатын жейде ❤️», – деп жазды Месси.🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    447video4222Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    22 Sept, 06:15

    Бүгін тікелей эфирде – әйелдер Чемпиондар лигасы!💙💙💙21:35 📺 УЕФА Әйелдер чемпиондар лигасы, 1 тур, Бавария – Манчестер Сити23:50 📺 УЕФА Әйелдер чемпиондар лигасы, 1 тур, Реал Мадрид – ПСЖ❇ Барлық трансляциялар бағдарламасы QSport сайтында
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
  • Qsport Qazaqstan

    21 Sept, 17:26

    🔥 WhoScored маусымды үздік бастаған футболшыларды атадыПорталдың бағалауынша, маусым басындағы ең жоғары нәтижені «Барселона» шабуылшысы Рафинья көрсетіп отыр. Бразилиялықтың орташа рейтингі — 8,95.Үздік бестікте:1️⃣ Рафинья — «Барселона» — 8,952️⃣ Ламин Ямаль — «Барселона» — 8,863️⃣ Игорь Матанович — «Фрайбург» — 8,374️⃣ Майкл Олисе — «Бавария» — 8,235️⃣ Килиан Мбаппе — «Реал Мадрид» — 8,14Бұл рейтингпен келісесіз бе?🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan
    558431Open in Telegram
  • Qsport Qazaqstan

    21 Sept, 16:36

    🎮 EA FC 27 ойынында Дастан Сатпаевпен ойнауға болады, бірақ бір мәселе бар…EA футболшының сырт келбетіне аса мән бермеген сияқты. Сатпаевқа арнайы фейсскан жасалмай, оның орнына стандартты ойыншының моделі қойылған. Соның салдарынан виртуалды Дастан шынайы өзіне мүлдем ұқсамайды.🇰🇿 Қазақстандық EA FC жанкүйерлері жаңа бөлімді Сатпаевпен ойнау мүмкіндігі үшін де асыға күткені белгілі.🩵🩵🩵 Футбол туралы көбірек жаңалықтар
    Image from a post by Qsport QazaqstanImage from a post by Qsport Qazaqstan