Latest posts

Aikyn.kz
22 Sept, 12:27
Іле аңғарындағы күлгін алқап: Қытайда лаванда өндірісі қалай дамып жатыр?Қытайдағы лаванда өндірісінде Хочэннің орны ерекше. Мұнда лаванда өсірумен қатар, одан эфир майы, гүл суы, құрғақ гүл және түрлі хош иісті бұйымдар өндіріледіТолығырақ мына сілтемеде@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 11:58
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 08:25
Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атандыҚазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті.Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) жеңіс тұғырына көтерілді.Қадырбек алтын жүлде сарапқа салынған жекпе-жекте тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті.@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 08:22edited
❗ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойдыҚазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 07:43
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілдіҚазақстан Халық Кеңесінің құрамына кімдер кірді?Толығырақ мына сілтемеде@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 07:15
Қаныш Сәтбаев неге әдебиетке баса назар аударды?«Ғалымдардың айлығын төмендету керек болады. Жұмсалатын қаржы үнемделеді. Сол кезде Қаныш Сәтбаев әдебиетке бөлінетін қаржыны сақтап қалады. Себебі әдебиетте тіліміз, тарихымыз, құндылығымыз бар. Ал техника, биология ғылымдарын өзге елден үйрене аламыз. Әдебиеттің орнын ештеңе баса алмайды. Қазір меніңше, бұл пәнді көбейту керек», - дейді кітап продюсері Едіге Қожахмет.@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 06:42
Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдадыҚасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.– Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, – деп жазды Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 06:33
Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарланудаҮкімет отырысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздеріндегі ағымдағы нәтижелер мен отын қорлары туралы баяндады. «14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Бұл жұмыстарды Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткіштеріне қарай 1 қазанға дейін бастау күтілуде», — деді Ерлан Ақкенженов.Энергия көздерінде жылыту маусымын бастау үшін қажетті отын қоры (4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут) және «негізгі» жабдықтардың құрамы қалыптастырылды. 4 энергия блогында, 30 қазандықта және 19 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 мың шақырым электр беру желілерін жөндеу толық көлемде орындалды. Сондай-ақ жоспардағы 377 шақырым жылу желілерінің жалпы дайындығы 97%-ды немесе 366 шақырымды құрайды.Соны
Aikyn.kz
22 Sept, 06:31edited
Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында топ жарды!Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті.Қазақстандық спортшы 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.Еркінғали алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді.Осылайша Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 06:30
Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды! 🥉🇰🇿Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Бэлла Самашева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.Бэлла қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңді.Осылайша Бэлла Самашева 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 06:29
Баспанамен қамтуға басымдық берілдіШымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қала тұрғындарын қолжетімді әрі жайлы баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл – ең алдымен, отбасының әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, әр шаңыраққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды әлеуметтік саясаттың бір бөлігіТолығырақ мына сілтемеде@aikyngazeti
Aikyn.kz
22 Sept, 03:32edited
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:🔸 Азияда аламаны сәтті басталды🔸 Жылуыңды жаз қамда🔸 Сау ұлттың ұстыны – «ақылды» медицина🔸 Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл🔸 Дмитрий Малахов, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы: Судьяға қойылар талап биікОсы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңызАнығын "Айқыннан" оқи аласыз!❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз➡️ https://wa.me/77717007424
Aikyn.kz
21 Sept, 14:50
🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында қатарынан алтыншы жеңісіне жеттіҚазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы шахмат Олимпиадасының 6-турында Әзербайжанды 2,5:1,5 есебімен жеңді.Қазақстан сапындағы жалғыз жеңісті Алуа Нұрман еншіледі. Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Зарина Нұрғалиева қарсыластарымен тең түсті.Осылайша, Қазақстан құрамасы Олимпиададағы алтыншы матчын қатарынан жеңіспен аяқтады.@aikyngazeti
Aikyn.kz
21 Sept, 14:35edited
Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: экономика қалай өзгерді?Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті. Осы кезеңде бірқатар негізгі экономикалық көрсеткіш өзгерді.Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2019 жылдың І тоқсанындағы 715,5 мың теңгеден 2026 жылдың І тоқсанында 1,66 млн теңгеге дейін, яғни 2,3 есе өсті. Доллармен есептегенде көрсеткіш 2 005 доллардан 3 338 долларға жетті.Қазақстанның таза сыртқы қарызы 51 млрд доллардан 35,1 млрд долларға дейін немесе 31%-ға қысқарды. Ал халықаралық резервтер 27 млрд доллардан 66,8 млрд долларға дейін өсіп, шамамен 2,5 есе артты.Резервтер құрамындағы монетарлық алтынның құны 15 млрд доллардан 51,8 млрд долларға жетіп, 3,45 есе өсті.Ең төменгі зейнетақы да 36 108 теңгеден 69 049 теңгеге дейін көтеріліп, шамамен 1,9 есе артты.@aikyngazeti
Aikyn.kz
21 Sept, 13:06
Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айттыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға інісі шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге шейх Ахмед Әл Мактумның айтарлықтай үлес қосқанын атап өткен.Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне риясыз қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.@aikyngazeti
Aikyn.kz
21 Sept, 10:46
📞 Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлестіҚазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.@aikyngazeti
Aikyn.kz
21 Sept, 09:33
Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Асель Қанай Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.61 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кумитэ бәсекесінің финалында қазақстандық спортшы Қытай өкілі Гун Лиге жол берді.Гун Ли – әлемдік каратэнің ең титулды спортшыларының бірі. Ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы және Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы@aikyngazeti
Aikyn.kz
21 Sept, 09:31
Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтадыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Ваагн Хачатурян мен Премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады.Мемлекет басшысы армян халқының ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы абырой-беделін паш ететін бұл айтулы күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. – Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. Қазақстанның Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын, – деп жазылған жеделхатта. Президент Армения елі басшыларына мемлекеттік қызметте толайым
Aikyn.kz
21 Sept, 07:09
▪️ Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларға аса мұқият болуға шақырады▪️Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 700 мың гектардан асты▪️Алматыда XI Baiqonyr Film Festival кинофестивалі басталды@aikyngazeti
Aikyn.kz
21 Sept, 04:40
Аралас жекпе-жек: Санжар Әділов Азия ойындарының қола жүлдегері атандыҚазақстандық спортшы Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалда сынға түсті.Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта (traditional) ел намысын қорғады.Санжар финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды.Осылайша қазақстандық спортшы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
