gram news
Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары channel avatar

Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

@alashkznews

«Alash.kz» ұлттық порталының телеграм-арнасы https://alash.kz

ProjectsKKNews

7,822subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    22 Sept, 06:46edited

    🥇 Қазақстан қоржынына аралас жекпе-жектен алтын медаль түсті!Финалда қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Бахрейн өкілі Мұхаммад Набиевтен басым түсіп, Азиада чемпионы атанды.Бұл — Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы бесінші алтыны.Фото: Владислав Семеновhttps://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    22 Sept, 06:46edited

    Белла Самашева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. 🥉Осы жүлдеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 9-ға жетті. Оның ішінде 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    21 Sept, 07:05edited

    Дональд Трамп АҚШ-та Ғарыш күштерінің үлгісімен «Жасанды интеллект күштерін» құрып, осы салаға жауапты арнайы «патша» тағайындауды жоспарлап отыр.Трамп ЖИ дамуын барынша аз реттеуді көздейтінін айтты. Жаңа құрылымның құрамы, бюджеті мен қай ведомствоға бағынатыны әзірге белгісіз. «ЖИ патшасы» қызметіне үміткер де аталмады.Сурет: Xpert.Digitalhttps://t.me/alashkznews
    15611Open in Telegram
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    21 Sept, 07:03edited

    🇰🇿🇷🇺 Тоқаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтадыҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының сәтті өтуіне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Тоқаев сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болғанын атап өтті. Оның айтуынша, дауыс беру қорытындылары Владимир Путин жүргізіп отырған стратегиялық бағыттың халық тарапынан кең қолдау тауып отырғанын көрсетті.https://t.me/alashkznews
    15511Open in Telegram
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    18 Sept, 06:41edited

    Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қазақстанға келеді.Спортшы Астана мен Алматы қалаларына барып, жас теннисшілерге арнап шеберлік сабақтарын өткізеді.Рыбакинаның сапары АҚШ ашық чемпионатындағы тарихи жеңісінен кейін және WTA рейтингінде әлемнің бірінші сатысына көтерілгеннен соң өтеді.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    18 Sept, 06:40edited

    Шығыс Қазақстан облысында Зайсан көлінде бірнеше тәуліктен бері екі балықшы іздестіріліп жатыр.Құтқарушылардың мәліметінше, қатты жел салдарынан балықшылар отырған қайық аударылып кеткен. 58 жастағы ер адам жағаға өз бетімен жүзіп шығып, оған жергілікті тұрғындар көмек көрсеткен.Ал оның екі серігі суға батып кеткен. Қазір оқиға орнында оларды табу үшін ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    18 Sept, 06:38edited

    Қарағанды облысында CVK қаржы пирамидасының бөлімшесін ұйымдастырған ер адам сотталды.Сотталушы салымшылардан USDT криптовалютасы түрінде ақша жинап, оларға виртуалды дүкен сатып алуды ұсынған. Қатысушыларға күн сайын табыс табу және жаңа адамдарды тартқаны үшін бонус алу мүмкіндігі уәде етілген.Алайда виртуалды дүкендерде нақты тауар болмаған. Қатысушыларға төленетін табыс жаңа салымшылардың салған қаражатына тәуелді болған.Тергеу барысында 474 мың USDT, яғни шамамен 212 миллион теңге бұғатталды.Сот шешімімен ер адам 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар криптоактивтер мемлекет пайдасына тәркіленді.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    17 Sept, 11:30edited

    Семейде TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, қоғамдық тәртіпті бұзған 53 жастағы әйел бес тәулікке әкімшілік қамауға алындыІІМ мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысының полицейлері TikTok-тағы тікелей эфирді анықтаған. Онда әйел балағат сөздер айтып, алкогольдік ішімдік ішкенін әдейі көрсетіп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Аталған трансляцияны шамамен 12 мың адам көрген. Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жасын ескере отырып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердің баршаға қолжетімді кеңістік екенін, ал тікелей эфирлерді кәмелетке толмағандар да көруі мүмкін екенін ескертті. Ведомство интернетте жасалған әрбір құқық бұзушылыққа заң
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    17 Sept, 10:13

    Бақытжан Базарбек қағып кеткен азамат ауруханадан шықтыЖамбыл облысында 15 тамызда болған жол апатынан ауыр жарақат алған 36 жастағы Нұржігіт ауруханадан шықты. Бұл туралы Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Бұған дейін, 8 қыркүйекте Базарбек апаттан кейін Нұржігіттің 24 күн комада жатқанын және есін жиғанын хабарлаған еді.Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты кезінде Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі ер адамды қағып кеткен. Оқиға Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында болған.Осы дерек бойынша соталды тергеу басталған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    17 Sept, 06:32

    Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кеттіЖезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов төрт жыл атқарған қызметінен босатылды.Жезқазған — Ұлытау облысының әкімшілік орталығы. Екі ай бұрын өңір әкімі болып Есет Байкен тағайындалған болатын.Қаланың жаңа әкімі болып Мұрат Бөрібаев тағайындалды. Ол бұған дейін Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарған.https://t.me/alashkznews
    19511Open in Telegram
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    16 Sept, 03:55edited

    Осакаров аудандық мәслихатының төрағасына электронды темекі шеккені үшін айыппұл салындыОсакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Саққұлақов Zoom платформасы арқылы өткен жұмыс кеңесі кезінде қызметтік кабинетінде электронды темекі шеккен.Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.Нәтижесінде оған 32 437 теңге көлемінде айыппұл салынды.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    16 Sept, 03:53edited

    🇰🇿⚽️ Қазақстанда 2028 жылы УЕФА Суперкубогы өтеді2028 жылы УЕФА Суперкубогының матчы Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.Бұл шешімді УЕФА Атқарушы комитеті қабылдады.Тартысты кездесуде 2027–2028 жылғы маусымның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы жеңімпаздары бас жүлде үшін алаңға шығады.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    15 Sept, 06:54edited

    Шымкент әуежайында жолаушының сөмкесінен аңшылық патрон табылдыШымкент әуежайында Жезқазғанға ұшуға дайындалып тұрған әйелдің жүгінен 12 калибрлі аңшылық патроны анықталды.Жолаушы патронды сөмкесіне байқамай салып алғанын айтып, оның қалай және қашан пайда болғанын білмейтінін түсіндірген. Алайда сараптама кезінде патронның атуға жарамды екені расталды.Сот әйелді кінәлі деп танып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Ал тәркіленген патрон жойылады.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    14 Sept, 06:50

    🇰🇿🇰🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен бардыҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Сеулге мемлекеттік сапармен келді.Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары, Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    14 Sept, 06:49edited

    Семейде әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалдыСемейдегі сауда орталықтарының бірінде әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған.Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдың көмегімен эскалатор арасындағы саңылауды кеңейтіп, әйелді босатып алды.Зардап шеккен әйел кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.https://t.me/alashkznews
    229video1Open in Telegram
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    11 Sept, 06:52edited

    Рыбакина US Open финалында Соболенкомен қайта кездеседіҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің финалына шықты. Әлемнің бірінші ракеткасы шешуші кездесуде Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнайды.Осылайша, қазақстандық спортшы америкалық «Үлкен дулыға» турнирінің финалында бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасымен қайта кездеседі.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    11 Sept, 06:50edited

    Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынады.Ақтөбенің батыс бөлігінде 25 гектар аумақта ірі спорт кешені бой көтереді. Жобаны жүзеге асыруға Үкімет алғашқы кезеңде 6,5 млрд теңге бөледі.Жоба үш кезең бойынша іске асырылады. Бес қабатты ғимараттың жалпы аумағы 80 мың шаршы метрден асады. Стадион УЕФА-ның төртінші санат талаптарына сәйкес салынады.Нысанды 2028 жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтау жоспарланған.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    10 Sept, 10:05

    Қазақстан мектептерінде амандасудың жаңа әдебі енгізілуі мүмкін Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр Мәдениет және ақпарат министрі А. Қырықбаев пен Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменоваға депутаттық сауал жолдап, қазақы амандасу әдебін білім беру жүйесіне тұрақты тәрбие элементі ретінде енгізуді ұсынды. Негізгі ұсыныстар мен мақсаттары: Ұлттық бірегейлік: Амандасуды жай әдептілік емес, үлкенді сыйлау мен ұлттық мәдени кодты қалыптастыратын күнделікті әдетке айналдыру. Іске асыру жолдары: Тәрбие нормаларын мектепке дейінгі ұйымдардан бастап ЖОО-ларға дейін сынып сағаттары, мектеп ережелері, ата-аналармен жұмыс және мұғалімдердің жеке үлгісі арқылы енгізу. Ұзақ мерзімді саясат: Бұл бастаманы бір реттік шара емес, ұлттық бірегейлікті нығайтатын мемлекеттік мәдени саясаттың ұзақ мерзімді бағыты ету.
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    10 Sept, 06:09edited

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанады.Рыбакина US Open турнирінің ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді үш сетте жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы келесі аптада WTA рейтингінде қазіргі көшбасшы Арина Соболенконы басып озып, бірінші орынға көтеріледі.https://t.me/alashkznews
  • Alash.kz - Қазақстанның басты жаңалықтары

    8 Sept, 07:16edited

    Қазақстандық жүргізуші куәлігін Қытай да мойындайдыҚазақстандық жүргізуші куәлігі Қытайда да мойындалуы мүмкін. ҚР Ішкі істер министрлігі Қытай тарапымен ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге келген.Алайда қазақстандық жүргізуші куәлігімен Қытай аумағында нақты қашан көлік жүргізуге болатыны әзірге белгісіз. Бұл жөнінде қосымша ақпарат кейін жарияланады.Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай «Қорғас» шекара маңы аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесі бойынша да келісімге келді. Бұл мәселе бойынша тараптар 14 жыл бойы ортақ шешімге келе алмаған.https://t.me/alashkznews