Latest posts

men
14 Jul, 13:35
бала “құлақтан семіреді” – ата-анасы айтқан алымды ақыл көмейінен көкейіне құйыла береді. сөздік қоры боп жиыла береді. сөйтіп оқуға жол ашылады…🧠«оқитын ми» туралы ата-аналарға арналған нұсқаулықты; 100-ден аса мысалы бар тіл ұстарту материалын алам десеңіз, жазыңыз.
men
1 Jul, 08:12
түркі дүниесінен нобель алған жалғыз жазушы орхан памукты айтам…бір кітабында бүй депті: “достоевскийдің “братья карамазовы” романын алғаш оқығаным есімде қалыпты. он сегіз жаста ем. терезесінен босфор көрінетін бөлмеде өзім жалғыз отырып оқитынмын. әкемнің
men
1 Jul, 08:10
ойлы оқырман, амансыздар ма! сіздерге paraqta атты кітапсүйерлерге сүйеніш-түрткі болар қолданбаны таныстырмақшымын. телеграм арқылы тіркеліп алсаңыз, жыл ішінде “шам жағып” отырып бірнеше кітап тауысуға жол ашылады. тақауыры мен тиянағы көрініп тұрады сайтта. тегін кітапханасы, топтары, талқысы да бар.🎁үздіксіз оқу мен тоқтаусыз ізденістің мұрындығы – марафонға қатысыңыздар. менің атымнан тіркелгендерге 800 теңге.🪔мына сілтемені басып тіркелесіз: https://paraqta.kz/b/arynPARAQTAPARAQTA — үздіксіз кітап оқу платформасыОқуды қызықты әдетке айналдыр — streak, статистика, достар, айлық есеп. Telegram арқылы тегін баста.
men
15 May, 07:10
✨нағыз филфак көретін сұхбат:https://youtu.be/e5a4dFGqeBg?si=rnSh8qkz9MiHBAQOYouTubeӘркім жалыға білуі керек | Қатынбұраш | Сөзбұзар сленгтер | Арын ҚұнанбайұлыҚазақ тілін трендтің тіліне айналдыру неге оңай? “Моггать” - “бәсі артық” неге демеске? “Қатынбұраш” деген кім? Ғабит Мүсірептің Оралхан Бөкейдің сөзін қалай түзеді? Санаға сіңімді сленгтер мен жұтаң сөздік қоры туралы танымды әңгіме. Ақ студияның кезекті…
men
10 Apr, 16:04edited
«даже Өміш те үйленіпті». – анау Өміштің өзі үйленіпті. – тіпті Өміш те үйленіпті. – өле жатқан Өміштер де үйленіпті. – қыл аяғы Өміш те үйленіпті. – Өміш екеш Өміш те үйленіпті.“дажыламаңыздар”.
men
10 Apr, 15:57
– білімнің абзалы қайсы? – біліміңді аз деп білуің. білімсіздер ізденісті тоқтатқандар, көпсінгендер.
men
27 Mar, 17:35
❗️❕‼️🔺 тіл байлығының бала танымына, бітім-болмысына әсері жайлы оймақтай ой. әсілінде, баланы метафоралар, синонимдер, перифраздар, омонимдер, антонимдер өсіреді ғой… жиған-тергеніміздің тиянағы – дәріс-сұқбатымыз шығыпты: https://youtu.be/M1bW-EbP568?si=Gu-E1sVv2Ibco-Zm жақсыны көрмекке🫰
men
22 Mar, 10:26
🌿наурыз. ораза айт. жұма… көктем-көңілдеріңіз бүр жарып, жан дүниелеріңізді наурыз-құттың шуағы шарласын.самарқанның көк тасын ерітіп, тас астындағы тамырды тірілтіп, жер дүниені түрлендіріп, жан дүниені гүлдендіріп, адамзатты керемет бір күйге ендіріп, төрт түлік төлін ойнақтатып, күрең шайды қаймақтатып келіп жеткен наурыз құтты болсын! армандарыңыз асқақ, ниеттеріңіз ақ, көңілдеріңіз шат, мақсаттарыңыз асыл болсын! отбасыларыңыз аман, туған-туыстарыңыз түгел, ырыс-нәсіптеріңіз мол, денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз толағай болуын Алла нәсіп етсін!p.s.: мешітте айтылған жұма уағызын имам Науауидің кітабындағы “шариғаттағы нақты айтылмаған тұстарда салт-дәстүрге сүйену керек” деген ой түйіндеді. наурызда туыс-туғанды аралап, “көңілдерді зиярат етіп”, ақжарма тілек, риясыз әңгіме, батиқалы сөз тыңдағанның өзі сауап. туыс қақы деген бар. сауабы
men
19 Mar, 13:31
✨рамазан аяқталды. ораза жалғасады. тілдің, көздің, асқазанның, әуес-құмардың оразасын айтам. науқаншыл болмайық.
men
16 Mar, 15:56
біз – біреудің қабыл болған дұғасымыз…❤️ таңдайдағы тілек маңдайға бұйырар түндері бірімізге-біріміз дұға етейік. қайтарылмайтын дұға деген сол
men
16 Mar, 11:45
тұяқ серіппей ұйықтап өткізген түннен берекелі таң күту ақымақтық емес пе?! түні тірілгеннің күндізі жарық болмас па…”түн” сөзі Құранда 114 рет келеді екен. мейірім көп түсетін уақ – түн. ояну керек. жүректі де ояту керек.🌙таңның берекесі таңнан емес, түннен бастау алса керек
men
10 Mar, 07:01
“рамазан кәрим” деп екі сөзді бекер тіркестірмейміз. кәрім – сақи, мәрттік, жомарттықты білдіретін сөз. осы айда барынша кеңпейіл болған жөн. жомарттық үйіп-төгіп садақа беру емес. бәлки, міндетсімей, кішірейіп беру. бәлки, жомарттық – сұратпай беру. уақыт бөлсе де, жақсы сөз сөйлесе де, көңіл бөлсе де – жомарттың ісі. нағыз кәрім сипаты бар кісі садақа беріп жатып алушыдан қарағанда өзінің сауапқа көбірек мұқтаж екенін сезінеді. бір қызығы, Құранда адам сараңдықты басқаға емес, өзіне ғана жасайды дейді. 🔗сілтеме
men
9 Mar, 17:29
асыл тас су түбінде жасырын жатады. оның қадірлі болатыны сол – інжу-маржандығы. Алланың “Ұлы Есімі” де құпия. бізге мәлімі 99 ғана. жұма күнгі дұға қабыл болар сәт те сыр, беймәлім. ол сағатқа сай келген таңдайдағы тілек маңдайға бұйырар. іздеу – оның қадірін арттыра түседі. қазақ “қырықтың бірі қыдыр” дейді. әр келгенді қадірлеп, Қыдырдай сыйласаң, астыңа тақ, тәлейіңе бақ боп қонар…әр түнді қадір тұтсаң, әр сағаттың сәнін келтірсең, текке кетірмеуге тырыссаң, сәтін салып, қадірің артар. қадір тұтқанның қадірі артар, тұтылмас. әр демің де жақұт, қадам. қадам болатыны – жатар жерің – қабіріңе қадам. қазынаның түгесілмесі, бақиы деммен өлшенеді. демің қашан үзілері де белгісіз, сыр. әр деміңді аялау, қадірліге түгету шарт. мақсат-діттем табу емес, қадір тұтып іздеу. 🌹іздегеннің бәрі таппас, – тапқанның бәрі іздепті.
men
8 Mar, 08:43
шеше💗 анаға құрмет – тағдырға құрмет. сол құрсақта құндақталуды саған Алла таңдап берді емес пе?! сені туған анаң – Алланың жазған тағдыры, таңдауы. тоғыз ай құрсағында тасиды, тағы тоғыз жыл арқалайды, өле-өлгенше жүрек түкпірінде сақтайды. шеше деген Жасаған Иеміздің Рахман сипатының ең әдемі көрінісі ғой. Алланың мейірімінің ең көркем көлеңкесі шешеміз емес пе?! кісі баласының көңіліндегі бір көктем, я бір табиғатындағы шуақ-нұр болса, ол ана жарықтықтан дарымай ма?
men
19 Feb, 19:29

men
19 Feb, 19:29
💕 сен оразаны емес, ораза сені “ұстайды”. ұстамды етеді. сақтайды. өтірік-өсектен, көз күнәсінен, әуейіліктен. өз қалау-құмарыңды басқара білсең, өзің қаламайтын жағдайға тап болмайсың.
men
29 Jan, 16:12
❗️кезекті подкаст шықты, ойлы оқырман. дәрісте Абай хәкімнің таным тамыры, іргелі концептілері, жәдидизм жайлы пікір айттық. Абай-Ғазали пікір сабақтастығы – жауанмәрттік, сыддық, адамның рухани дәрежелері жайлы да дәйектеуге тырыстық. мархабат! таратып қойыңыздар❣️https://youtu.be/QWfDD1d7uog?si=ZZX7nD7K6yKmZUbgYouTubeАрын Құнанбайұлы: Абай Құнанбайұлы кім? Толық талдау.Арын Құнанбайұлы: Абай Құнанбайұлы кім? Толық талдау. Абай Құнанбайұлы кім? Абайдың қара сөздері. 00:00 Бүгін көретіндеріңіз... 02:22 Абай кім? 05:40 Абай ата образы. 14:17 Күніміз неге кәпірлерге қарады? 18:16 Абай орысқұл емес... 22:00 Мешіт сала бермей…
men
1 Jan, 06:40
📚бүгін – кітап оқитын күн. оқи жаздаған кітаптарды оқитын күн. оқитын кітап іздейтін күн. әлем де бір алып кітап. ол кітаптың мазмұны – адам. ал адам деген жұмбақ болмыстың мазмұны – кітап. сол кітапты іздеңіз… мазмұнды өмір сонда басталмақ.
men
23 Dec 2025, 18:15
осы жаңа студенттерге дәріс оқыдым. батыс шайыры Гёте айтты деген сөз бар – “эти добрые люди и не подозревают, каких трудов и времени стоит научиться читать. я сам не это употребил 80 лет и все не могу сказать, чтобы вполне достиг цели”. сол секілді үйрету де ілім деген ризығыңды еселей түсетін, түсінбеген, аңғармағаныңды аңдататын құтты қарекет. оларға жауыр кітаптан гөрі ауыр кітапқа көбірек жүгініңдер дедім. ондай пікірді талғампаз қаламгер А. Сүлейменовтен оқып едім – “ең терең идеялар – қиын идеялар. өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. жазушының бір міндеті – идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «шайнап берген ас болмас». оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? алсын қамау терін!”.⭐️қосымша: білім тұрғысынан кітаптан аса алмайсың. парасат тұрғысынан асасың. парасат – білімнің адам бойына
men
14 Dec 2025, 17:32
кітап есейтеді, қартайтпайды. кітап оқығанның жасы жас, ойы кәрі келеді. кітап бетін түртіп ашпайтындар, керісінше, жасқа кәрі, ойға жас болады. Абай айтпақшы, өз бойыңды күнде тексермесең, ақылдың таразысы, иманның күзетінде қоймасаң, “тауып алған өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың”. қаламызда тағы бір шуақты мекен ашылды – @steppeworld-тің “1000 кітап” дүкені. келіңіздер, ойлы оқырман. Райса апайдың шайын ішіп қайтыңыздар🌸
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
