Latest posts

Atameken Business - Жаңалықтар
13 Nov, 09:14
Қазақстан мен Ресей «Есіл – Астана» газ құбырын салуды пысықтап жатырҚазақстан мен Ресей еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыруға бағытталған «Есіл – Астана» газ құбырын салудың техникалық және коммерциялық шарттарын талқылап жатыр. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Асқаров мәлімдеді. Асқаровтың пікірінше, аталған мәселелерді шешуге бірнеше жыл қажет болуы мүмкін.«Қол қойылған меморандум бар. Қазір техникалық келіссөздер жүріп жатыр. «Газпром» мамандары бізге келеді, біз де оларға барамыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Келіссөздер барысының барлық егжей-тегжейін жария ете алмаймын, өйткені техникалық мәселелерден бөлек, коммерциялық сұрақтар да бар. Атап айтқанда, газ бағасы талқылануда», – деді Бауыржан Асқаров COP31 саммиті аясында.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
13 Nov, 08:45
Қырғызстанда президент болуға 11 адам үміттіБүгін Қырғызстан президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды. Алдын ала қорытындыға сәйкес, сайлауға қатысуға 11 адам ниет білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Кандидаттардың ең үлкені 72 жаста болса, ал ең жасы бірнеше күннен кейін 35-ке толады:1. Аймен Касенов – кәсіпкер; 2. Азамат Эсенбеков – экономист, бұрынғы әкім; 3. Сыймык Жапыкеев – экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің бұрынғы басшысы; 4. Акай Қыдыров – кәсіпкер; 5. Исхак Масалиев – саясаткер, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты; 6. Садыр Жапаров – қазіргі президент; 7. Бақтыбек Калмаматов – Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты; 8. Бақытбек Адылов – көші-қон қызметінің бұрынғы басшысы 9. Амур Айба Медер – кәсіпкер; 10. Мамбетжунус Абылов – Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы; 11. Клара Сооронкулова – Жоғарғы соттың Конституциялық палатасының бұрынғы судьясы.Заңнамаға сәйкес, әрбір кандидат тіркелу үшін сайлаушылардың кемінде 30 мың қолын жинауы тиіс. Президент лауазымына үміткерлерді тіркеу 23 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
13 Nov, 08:00
Цифрлық теңге «Халықтық құрылыс» бағдарламасында қолданыладыҰлттық банк цифрлық теңгені ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресінде мәлімдеді. Жыл соңына дейін цифрлық теңгенің көлемін арттыруды да жоспарлап отыр.«Цифрлық теңге пилоттық жобалар кезеңінен өтіп, нақты тәжірибеде қолданыла бастады. Биыл Үкіметпен бірлесіп, цифрлық теңгенің көлемін 2 трлн теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл құрал Мемлекет басшысының ауқымды "Халықтық құрылыс" бастамасы аясында да пайдаланылатын болады», – деді Тимур Сүлейменов.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qazAtameken Business - Жаңалықтар pinned «Қазақстанның қаржы нарығындағы қандай өзгерістерден хабардарсыз?»
13 Nov, 07:20

Atameken Business - Жаңалықтар
13 Nov, 07:20
Абу-Даби банкі елімізде исламдық қаржыландыру қызметін ұсынадыАбу-Дабидің Abu Dhabi Commercial Bank банкіне Қазақстанда исламдық қаржыландыру тетігі бар әмбебап лицензия беріледі. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан конгресте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.Лицензия бүгінгі конгресс аясында табысталады. Жаңа формат банкке дәстүрлі қаржы қызметімен қатар ислам қағидаттарына сай өнімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Бұған дейін аталған қаржы ұйымы Қазақстанда еншілес банк ашуға рұқсат алған.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
13 Nov, 06:55
Ақтөбедегі дәмханада жарылыс болдыАқтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, бүгін сағат 10:28-де бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кафеде газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан кафенің жапсарлас салынған құрылымы опырылып, өрт шыққан. Тұрғын үйдің терезе құрылымдарына зақым келген.Екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ. Өрт сағат 10:53-те толық сөндірілді.Видео: әлеуметтік желіденБізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
13 Nov, 06:25
Бүгін Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресі өтеді Іс-шараны Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен ұйымдастырады. Конгресс аясында алғашқы токенделген облигацияны іске қосу рәсімі
Atameken Business - Жаңалықтар
13 Nov, 05:22
Дженсен Хуанг NVIDIA басшысы қызметінен кетті NVIDIA компаниясы Дженсен Хуангтың отставкаға кеткенін ресми мәлімдеді. Топ-менеджер корпорация басшылығынан ғана емес, директорлар кеңесінен де кетті. Енді компанияны бұған дейін қаржы директоры болған Колетт
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 13:39
🏓🇰🇿Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы Жапонияның Айти префектурасында (Нагоя қаласы) өтіп жатқан ХХ Жазғы Азия ойындарының командалық жарысындағы өнерін аяқтап, 5-орынға ие болды.Бұл – Қазақстан ерлер құрамасының Азия ойындары тарихындағы ең үздік нәтижесі.Топтық кезеңде қазақстандық спортшылар үш жеңіске қол жеткізіп, өз тобында сенімді түрде бірінші орын алды:✅Қазақстан — Бангладеш 3:0 ✅Қазақстан — Сингапур 3:1 ✅Қазақстан — Лаос 3:11/8 финалда Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Санжар Жұбановтан құралған Қазақстан құрамасы Бахрейнді 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.🏓1/4 финал🇰🇿 Қазақстан 0:3 🇯🇵 Жапония• Алан Құрманғалиев — Томокадзу Харимото 0:3 (5:11, 5:11, 5:11)• Кирилл Герасименк
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 13:21
Ел полициясына 20 мыңнан аса қызметкер жетіспейдіБұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Вице-министр құқық қорғау органдарына патрульдік полицейлер, участкелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жетіспейтінін айтты. Бұл ретте патрульдік полицияның қатарына кемінде 10 мың маман қажет.Игорь Лепеха бұл бөлімшелердің барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынын жеткізді. Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірге олардың санын кезең-кезеңімен көбейту мүмкіндігін пысықтап жатыр.«Президент Әкімшілігі мақұлдап, Үкімет қолдаса, келесі жылдан бастап штатты кезең-кезеңімен арттыру мәселесін қолға алатын боламыз», – деп атап өтті спикер.Оның нақтылауынша, жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлерінің жалпы тапшылығы 20 мыңнан асады.Бізге жазы
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 12:43
Елімізде жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді📆Еңбек министрлігінің хабарлауынша, 1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.❗️Осы уақыт ішінде:• Мансап орталығының мамандары азаматтың білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарайды; • Түйіндемеге сай келетін бос жұмыс орындарын ұсынады және қажет болса, жұмыс берушілермен байланысады; • Егер қолайлы жұмыс 13 күнге жетпей табылса, мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ, жұмысқа бірден орналасуға болады.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 11:46
Президент орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдадыАқордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 11:15
Ақ үй Trump TV онлайн-арнасын іске қостыТәулік бойы хабар тарататын Trump TV арнасы Дональд Трамптың бірнеше БАҚ-пен арадағы шиеленісі аясында ашылды. Ақ үй CNN, MS NOW және Politico тілшілерін аккредитациядан айырды. АҚШ президенті бұл БАҚ-тарды жалған ақпарат таратты деп айыптаған. Үш медиакомпания Трамп әкімшілігін сотқа берді.Бұған дейін CNN, ABC, CBS, NBC және Fox News арналары Президент сапарларын кезекпен түсіретін. Алдағы жоспар бойынша CNN Трамптың БҰҰ Бас Ассамблеясына сапарын түсіруі тиіс еді. Медиакомпаниялар CNN-нің орнын алмастырудан бас тартып, Трамптың қатысуымен өтетін шаралардан хабар таратуды белгісіз мерзімге тоқтатты.Телеарналардың бұл қадамын өзге де беделді басылымдар қолдап отыр. AP, AFP, Washington Post және The New York Times сияқты әлемдік жетекші агенттіктер мен басылымдар Дональд Трамптың қатысуымен өткен шаралардан түсірілген суреттерді жариялаудан
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 10:38
Отандық бизнес шығынға жұмыс істеп жатыр ма?Әлгі 20 пайыздық маржаны айтпақ түгілі, қарапайым үй астындағы дүкендердің жалпы пайдасы 10%-ға әупірімдеп жақындайды екен. Кәсіп иелері қаржының басым бөлігі жалдау ақысы, коммуналдық төлем, жұмысшылардың жалақысы мен банк қызметтерінің үстемақысы мен салыққа кететінін айтады. Оның үстіне қосымша шығындар мен ұрлықтан келетін залал да бизнестің кірісін азайтып отыр. Салдарынан тұрғын үйлердің төменгі қабатындағы шағын дүкендердің бір бөлігі жабылып жатқан көрінеді.Толығырақ YouTube арнамыздан көре аласыздар.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 09:54
forwarded from @atamekenbusiness_silkway
🗺 10 сотық тегін жерді қай өңір көбірек береді?Қазақстанның әр азаматы жеке тұрғын үй салу үшін 10 сотық жерді тегін алуға құқылы. Алайда жерді бірден беру мүмкін емес. Алдымен жер телімі тұрғын үй құрылысына дайындалып, оған инженерлік желілер тартылуы керек. Сондықтан учаске беру қарқыны өңірлерде әртүрлі. Мәселен, Қостанай облысында 2025 жылы 214 учаске берілсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 815-ке жеткен. Өңірде жер алу кезегінде 89,6 мың адам тұр. Маңғыстау облысында былтыр 312 учаске берілген, ал биыл алғашқы сегіз айда 22 учаске ұсынылды. Сонымен қатар өңірде 4,2 мыңнан астам жер телімі дайындалып, әкімдіктердің бөлуін күтіп тұр. Бұл туралы өңірлік жер қатынастары басқармаларының деректеріне сүйене отырып inbusiness.kz жазды.Ақмола облысында 2021–2025 жылдары азаматтарға шамамен 2 мың учаске берілген. Қазір кезекте 417,9 мың адам бар. Алматы
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 08:22edited
23-24 қыркүйекте Халық кеңесінің бірінші сессиясы өтеді. Президент тиісті өкімге қол қойды.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 07:29
Бұрынғы министрлер мен депутаттар Халық кеңесінің құрамына кірдіҚазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды. Оның құрамына 126 адам кірді. Қатарда бұрынғы министрлер мен депутаттар да бар.Толық тізімді осы жерден көре аласыздар.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 07:15edited
«Жағдайды түзетіңіз, әйтпесе бұл іспен басқа адамдар айналысады»: Бектенов Қазавтожол басшысына ескерту жасадыПремьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевқа жол сапасына қатысты мәселелерді түзетуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.«ҚазАвтоЖол» басшысы Үкімет отырысында жол қауіпсіздігі мен жолдағы жағдайға қатысты баяндама жасады."Баяндама жақсы, бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оны айтқан жоқсыз. Президент айтқан олқылықтардың бәрі сіздің де жұмысыңызға тікелей қатысты. Жолдардың сапасы жоқ, жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе басқа адамдар бұл жұмыспен айналысады", – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 06:55edited
Жол ережесін өрескел бұзатындарды бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру ұсынылдыМұндай бастаманы Ішкі істер министрлігі көтеріп отыр. Ержан Сәденовтің сөзінше, қазіргі таңда айыппұлды елемейтін «өрескел» құқық бұзушылар бар.«Олармен күресу мақсатында «баллдық» жүйені енгізуді пысықтап жатырмыз. Ол – әрбір заңбұзушылықты және оның ауырлығын ескереді. Айыппұлмен қатар, бірнеше мәрте және ауыр бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігін 1 жылға тоқтату көзделеді. Тиісті түзетулерді Құрылтайдың қарауына енгіземіз», – деді министр.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
22 Sept, 06:16
«Қамау керек»: Бектенов қатты шу шығаратын мото мен авто мәселесін көтердіҮкімет басшысының сөзінше, қатты шу шығаратын мото мен авто түнде елдің тыныштығын бұзады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне бақылауды күшейтуді тапсырды.«Оларға айыппұл емес, қамау керек», - деді Бектенов.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Followers write to the bot, you answer by reply, your account stays hidden. Created in one tap.
How it works →Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
