gram news
БІРІНШІ БОЛ channel avatar

БІРІНШІ БОЛ

@b1rinshibol

Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «1bol.kz»-ның ресми аккаунты. Лицензия № KZ40VPY00100286, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 03.09.2024 жылы берілген. ⚫️ Жарнама бойынша: @olzhas_baibosin

ProjectsUKSports

10,400subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 18:08

    Қазақстанның әйелдер құрамасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында екінші орынға көтерілді.Алтыншы турда қазақстандық шахматшылар Әзербайжан құрамасын 2,5:1,5 есебімен жеңді. Командаға шешуші ұпайды Гюнай Мамадзадудан басым түскен Алуа Нұрман әкелді. Ал Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Зарина Нұрғалиева өз партияларын тең аяқтады.Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан алты жеңіске жетіп, 12 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Дәл осындай ұпай жинаған Қытай құрамасы көш бастап тұр. 23 қыркүйекте өтетін жетінші турда Қазақстан мен Қытай өзара кездеседі.Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы алтыншы турда Колумбияны 3,5:0,5 есебімен жеңіп, 25-орынға көтерілді.
    300video4Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 16:14

    Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз Усман Нурмагомедов пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Илия Топурия арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру үшін өз қалтасынан 1 миллион доллар төлеуге дайын екенін мәлімдеді.Менеджердің айтуынша, ол Усманның гонорарына жетпейтін қаражатты жеке өзі өтеуге әзір. «Усман мен Топурия арасындағы жекпе-жек – менің арманымдағы кездесу. Оны ұйымдастыру үшін 1 миллион доллар қажет болса да, өз қалтамнан төлеуге дайынмын», – деді Абдель-Азиз.Алайда Усманның UFC-ге ауысуы әзірге ресми расталған жоқ. Оның PFL ұйымымен келісімшартына байланысты эксклюзивті келіссөз кезеңі қазан айының басына дейін жалғасады.Ал Топурия жарақатынан кейін медициналық тексеруден сәтті өткенін және октагонға оралуға дайын екенін хабарлады. Әзірге қос спортшы арасындағы жекпе-жек туралы ресми келісім жасалған жоқ.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 15:38

    «Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев Мәскеудің «Динамо» командасында ойнайтын Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытып отырғанын растады. Бұл туралы ол Sport24.ru сайтына берген сұхбатында айтты.«Біз Зайнутдиновке шынымен қызығушылық танытып отырмыз. Ол – қазақстандық футболшы, ұлттық құрамамыздың ойыншысы. Алайда қазіргі таңда ол бойынша нақты келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз. Оның медициналық тарихын және қазір «Динамода» ойын тәжірибесінің аз екенін ескеріп отырмыз. Оның кандидатурасын маусымымыздың соңына қарай нақтырақ қарастырамыз. Желтоқсан–қаңтар айларында бірнеше футболшымен келісімшарт жасау бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Олардың қатарында Зайнутдинов те бар.Ол – мықты футболшы. Оған шынымен қызығушылық бар. Бірақ қазір ойыншымен де, «Динамомен» де, оның өкілдерімен де нақты келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз», –
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 13:55

    Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды. Ол 21 қарашада Катарда өтетін турнирде жапониялық Кёдзи Хоригутимен кездесуі мүмкін. Бұл туралы журналист Лео Гимарайнс хабарлады.UFC жекпе-жекті әзірге ресми түрде жариялаған жоқ. Алмабаев қазіргі таңда UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде бесінші, ал Хоригути сегізінші орында тұр. Жапониялық спортшы бұған дейін UFC чемпиондық белбеуі үшін Деметриус Джонсонмен айқасқан.Асу соңғы жекпе-жегінде америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта ауырту әдісімен жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
    623321Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 11:20

    «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчы кезінде киетін арнайы формасын таныстырды.39 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында ойынға арналған бутсы мен формасын дайындау барысын көрсететін видео жариялады.«Соңғы матч... Өмір бойы сақталатын жейде», – деп жазды Месси Instagram парақшасында.Арнайы формада футболшының тегі мен дәстүрлі 10-нөмірі алтын түспен безендірілген. Ал нөмірдің ішкі бөлігіне Аргентина туындағы Мамыр Күні бейнесі орналастырылған.Мамыр Күні – 1810 жылғы Мамыр революциясына байланысты Аргентинаның ұлттық рәміздерінің бірі. Бұл оқиға елдің тәуелсіздік жолындағы күресінің басталуымен байланысты.Лионель Месси Аргентина құрамасындағы халықаралық мансабын 6 қазанда Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында Бенинге қарсы өтетін жолдастық кездесуден кейін аяқтайды. Месси ұлттық құрама сапында 2005 жылдан бері өнер
    682video521Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 11:14edited

    Өзбекстан футбол құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында топтық кезеңді үш жеңіспен аяқтап, ширек финалға жолдама алды.С тобының соңғы турында Өзбекстан құрамасы Вьетнаммен кездесті. Нагояда өткен матч өзбек футболшыларының 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Кездесудің 5-минутында Мұхаммадали Урингбоев есеп ашса, 67-минутта Нұрлан Ибраимов есеп айырмасын еселеді.Осылайша Өзбекстан құрамасы үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетіп, 9 ұпаймен С тобында бірінші орын алды. Команда ширек финалда Оңтүстік Корея немесе Сауд Арабиясымен кездеседі. Вьетнам құрамасы да плей-офф кезеңіне өтті. Алайда олар топта екінші орын алды.Айта кетейік, Азия ойындарының футбол турниріне барлығы 15 құрама қатысып жатыр. Оның сегізі ширек финалға шығады. Қазақстан құрамасы Азия ойындарының футбол турниріне қатыспайды. Қазақстан футболы УЕФА аясында өнер көрсетеді.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
    57251Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 11:06

    Орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына жекпе-жек өткізуді ұсынды.Доминикандық боксшы әлеуметтік желідегі жазбасында қазақстандық спортшыға тікелей үндеу жасады.Адамес X әлеуметтік желісінде Әлімханұлының парақшасын белгілеп:«Эй, сен қазір таза жүрсің бе? Қазір жекпе-жек өткізгің келе ме? Дайынсың ба? Ендеше жасайық», – деп жазды.Әлімханұлы орта салмақта өнер көрсеткен кезінде Адамеспен чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек өткізуге бірнеше рет ұсыныс жасаған. Ол WBO және IBF нұсқалары бойынша чемпион атанса, Адамес WBC титулын иеленді.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 10:42

    Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым мен жартылай қорғаушы Ислам Чесноков жарақатына байланысты ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатыса алмайды.Әлібек Қасым қыркүйек айында Фарер аралдары мен Словакияға қарсы өтетін сырт алаңдағы кездесулерді өткізіп алады. Футболшының қашан алаңға оралатыны әзірге белгісіз. Оның қазан айында өз алаңымызда Молдова және Фарер аралдарына қарсы өтетін матчтарға қатысуы жарақатынан қаншалықты айыққанына байланысты болады.Ал Ислам Чесноков Қазақстан құрамасының алдағы төрт кездесуінде де өнер көрсетпейді. Ұлттық құрама футболшыларға тезірек сауығып, алаңға оралуын тіледі.Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы ойнайды. Қазан айында ұлттық команда өз алаңында Фарер аралдары және Молдовамен кездеседі.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 10:24

    Әлеуметтік желіде қазақ тіліне қатысты кезекті дау туатын сияқты. Бұл жолы халықаралық деңгейде. Себеп – теннистен ұлттық құрама мүшесі Соня Жиенбаева түскен видеоролик.Ролик «Билли Джин Кинг кап» Instagram-парақшасында жарияланған. Онда әр елдің теннисші қыздары өз ана тілінде «33 333» санын мүдірмей оқуы тиіс. Англия, Чехия, Испания, Қытай, Украина және өзге де елдердің теннисшілері тапсырманы мүдірмей орындаған. Ал, Қазақстан атынан сөйлеген Соня Жиенбаева болса бұл цифраны орыс тілінде айтты.Видео астына пікір жазған ондаған адам қазақстандық теннисшінің өзге елдің тілінде сөйлегенін сынға алған. Тіпті, шетелдіктер де мұның қазақ тілі емес екенін жазуда.Соня Жиенбаева Алматы қаласының тумасы болғанымен, кішкентай шағында ата-анасымен Германияға көшіп кеткен. 2025 жылдан бері ол Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсетіп жүр.
    564video65Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 09:53

    Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындалып жатқан Қазақстан U-21 құрамасына арнайы барып, қолдау көрсетті.Қазір жарақатынан кейін қалпына келіп жатқан «Бернли» шабуылшысы Англияның Хай-Уиком қаласында жаттығып жатқан футболшылармен кездесіп, алдағы ойындарға сәттілік тіледі.Қазақстан жастар құрамасы 25 қыркүйекте Англиямен, 29 қыркүйекте Ирландиямен, ал 6 қазанда Молдовамен кездеседі.
    620video8Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 06:44

    Қазақстандық Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында дәстүрлі аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды.77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевпен кездесті. Шешуші бәсекеде Бүркіталин қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медаль түсті.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 05:52

    Сәтпаев пен Чесноков жоқ: Фаррер аралдарын қалай жеңеміз? Джон ван’т Шкип кімге сеніп отыр?https://youtu.be/8yCZuKXzcWQ https://youtu.be/8yCZuKXzcWQ https://youtu.be/8yCZuKXzcWQ
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 05:35

    Қазақстандық каратэші Бэлла Самашева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жүлде үшін өткен кездесуде өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңді.Осылайша Бэлла Самашева Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 05:30

    Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін үндістандық Сакшиге қарсы өткізеді.51 келіде сынға түсетін Балқыбекованың кездесуі 24 қыркүйекке жоспарланған. Сакши алғашқы айналымда филиппиндік Аира Вильегасты 5:0 есебімен жеңген.Қазақстан әйелдер құрамасы Азиадада бес боксшымен өнер көрсетіп жатыр.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
    62642Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    22 Sept, 04:51edited

    Қазақстандық белгілі боксшы Айдос Ербосынұлы ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралатынын жариялады. Оның алғашқы жекпе-жегі 6 қарашада Қазан қаласында өтеді.Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды.«6 қараша – Қазандағы келесі жекпе-жегім. Үзілістен кейін рингке қайта оралып, жаңа белестерге қарай жолымды жалғастыруға дайынмын», – деп жазды Айдос Ербосынұлы.Боксшының бұл жаңалығын жанкүйерлері жылы қабылдап, пікірлерінде қолдау сөздерін қалдырды.«Тек алға!», «Саған сәттілік тілейміз!», «Абай бол, бауырым. Денсаулық бәрінен маңызды», «Жеңіспен орал!», – деп жазды олар.Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін 2022 жылы қарашада АҚШ-тың Миннеаполис қаласында кубалық Давид Моррелге қарсы өткізген.Қазақстандық боксшы қарсыласынан нокаутпен жеңілгеннен кейін ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күн бойы комада жатты. Кейін оған ота жасалды.Осыдан кейін Ербосынұлы
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
    72983Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    21 Sept, 18:09

    Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов NAIZA ұйымының бұрынғы чемпионы Қазбек Сағынмен жаттығу спаррингін өткізді.Екі спортшының бірге жаттыққан видеосын Рахмоновтың бапкері Оразалы Алдыбаев әлеуметтік желіде жариялады.Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кәсіпқой ММА-да 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал 53 келіге дейінгі салмақта NAIZA чемпионы болған Қазбек Сағынның еншісінде 7 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.
    886video71Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    21 Sept, 17:31edited

    Аралас жекпе-жектен Fight Nights ұйымының ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Григорий Пономарев 31 жасында өмірден өтті.Спортшының қазасы туралы Fight Nights ұйымы хабарлады. Бұрынғы ММА файтері Максим Дивничтің айтуынша, Пономаревтің өліміне қан тамырындағы тромбтың үзілуі себеп болған. Ол бұған дейін тізесінен ауыр жарақат алып, қабыну үдерісінен емделген.Пономарев кәсіпқой ММА-да тоғыз жекпе-жек өткізіп, алтауында жеңіске жеткен. 2022 жылы Fight Nights ұйымының ауыр салмақтағы чемпионы атанып, кейін чемпиондық атағын қорғады.2023 жылы Мухумат Вахаевқа қарсы кездесуде тізесінен ауыр жарақат алған спортшы содан бері кәсіби ММА-да өнер көрсетпеген.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
  • БІРІНШІ БОЛ

    21 Sept, 17:02

    Нидерланд әйелдер чемпионатында футбол жанкүйерлері күтпеген голдың куәсі болды. АЗ командасының қорғаушысы Моди Ступ қақпаға шамамен 80 метр қашықтықтан гол соқты.Бұл гол «Аякс» пен АЗ арасындағы матчта тіркелді. Кездесуде амстердамдық клуб 5:1 есебімен жеңіске жетті.Ойынның 69-минутында Моди Ступ өз айып алаңынан алыста тұрған командаласына ұзын пас беруге тырысты. Алайда допты қабылдайтын ойыншыға жетудің орнына, ол «Аякс» қақпасына қарай ұшып, алаң иелерінің қақпашысы Фемке Лифтингті басып өтіп, торға түсті.Бұл сәтте қақпашының да қателігі болды. Лифтинг қақпасынан тым алыстап кеткендіктен, доптың бағытын дер кезінде бағалап, кері оралып үлгермеді.Дегенмен бұл гол «Аякстың» жеңісіне әсер еткен жоқ. Амстердамдық команда бұған дейін қарсыласының қақпасына төрт гол соғып үлгерген.Осы матчтан кейін екі команда да 12 ұпайдан жинап, Нидерланд әйелдер Эредивизи чемпионатының
    748video541Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    21 Sept, 16:52

    «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Алтын доп» жүлдесіне қатысты пікірінен кейін Усман Дембелемен арада түсініспеушілік пайда болды деген ақпаратқа жауап берді.Бұған дейін Мбаппе «Алтын доп» үшін күрес туралы сөз қозғап, Дембелені ұзақ уақыт бойы «талантты ойыншы» ретінде қабылдағанын, ал өзін «таңдаулы» футболшы санағанын айтқан еді. Бұл сөздерден кейін «ПСЖ» шабуылшысы өз мансабында ерекше мәртебеге ие болмағанын, керісінше, үнемі көп еңбектенгенін мәлімдеді.Осы пікірлерден кейін футболшылардың қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам тарады. Алайда Мбаппе Дембелемен бұл мәселені жеке талқылағанын және араларында ешқандай реніш жоқ екенін айтты.Осылайша, француз футболшысы Дембеленің сөздерінен кейін олардың арасында кикілжің болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
    688311Open in Telegram
  • БІРІНШІ БОЛ

    21 Sept, 16:01

    WTA банкроттыққа ұшырауы мүмкінӘйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қаржылық қиындыққа тап болды. The Telegraph мәліметінше, 2026 жылдың соңында ұйымның шотында небәрі 15 млн доллар қалуы мүмкін. Ал жылдық операциялық шығын 23 млн долларға жетеді. Қаржылық жағдай өзгермесе, 2027 жылдың күзіне қарай қауымдастықтың қаражаты толық таусылуы ықтимал.WTA 2024 жылы 142,6 млн доллар табыс тапқанымен, жылды 4,9 млн доллар шығынмен аяқтаған. Ұйымның қаржылық жағдайына әйелдер мен ерлер теннисіндегі жүлде қорын теңестіруге жұмсалатын жыл сайынғы 34 млн доллар да әсер етіп отыр.Қауымдастық басшылығы шығындарды қысқартуды жоспарлап отыр. Егер жағдай жақсармаса, WTA банкроттықты қайта ұйымдастыру рәсіміне жүгінуі мүмкін.Мұндай жағдайда турнирлер тоқтатылмайды. Алайда жүлде қорына бөлінетін субсидиялар, турнирлерді қолдау және спортшыларға арналған медициналық бағдарламалар қысқартылуы ықтимал.
    Image from a post by БІРІНШІ БОЛImage from a post by БІРІНШІ БОЛ
    71951Open in Telegram