gram news
bahara yolculuk channel avatar

bahara yolculuk

@baharayolculuk

Шәй ішіп отырып, әңгіме айтайық🫖☕

ProjectsKK

525subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • bahara yolculuk

    28 Jan, 13:55

    ✨ТӘННІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: «ДЖИСМИ НҰРАНИ» ДЕГЕН НЕ? ✨Елестетіп көріңізші: кәдімгі шамның сырты (әйнегі) — бұл біздің тәніміз. Ал оның ішіндегі жанып тұрған жарық — біздің рухымыз. Егер шамның әйнегі кір болса, жарық сыртқа шықпайды. Бірақ әйнекті тап-таза етіп сүртсеңіз, бір уақытта әйнек пен жарық тұтасып кеткендей көрінеді. Міне, осы тұтастықты сопылық ілімінде «Джисми Нұрани» (Нұрлы тән) деп атайды.📌Джисми Нұрани деген не? Сөзбе-сөз аударғанда — «Нұрлы дене» деген мағына береді. Біздің ет пен сүйектен тұратын материалдық денемізден бөлек, адамның ішкі әлемінде қалыптасатын рухани қабығы.⚙️Қарапайым мысал: Темірді отқа салсаңыз, ол біртіндеп қызып, соңында оттың түсіне еніп, өзі де жарық шаша бастайды. Темір — темір күйінде қалады, бірақ ол енді
    1,26012331Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    26 Jan, 20:01

    forwarded from @japyrak

    Қалай сенсең, солай болады. Болмай жатса, сенбегеніңді мойында
    7821321Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    23 Jan, 06:33

    🌿 Самарқандты жаулаған бір ауыз сөзБірде Самарқандқа Қутайба ибн Муслим бастаған мұсылман әскері ескертусіз, тұтқиылдан басып кіреді. Қала алынды, бірақ жергілікті халық бұл «әділетсіздік» деп халифаға шағым түсіреді.Сонда халифа Омар ибн Абдулазиз бір-ақ парақ қағазға: «Қазы тағайындалсын, мәселе шешілсін» деп жазып жібереді.🏛 Сот залы. Екі тарап бетпе-бет: Қазы қолбасшы Құтайбадан сұрайды: — Сен соғыс ережесін бұздың ба? — Иә, бұл соғыс айласы еді... — деп жауап береді қолбасшы. — Исламда айла әділдіктен биік емес. Әскер қаланы босатсын! — деген үкім шығады.🔰Жеңіске жетіп, қалаға орнығып алған мыңдаған әскер үн-түнсіз жүктерін жинап, қаладан шыға бастайды. Самарқандтықтар терезелерінен қарап, көздеріне сенбейді. Олар өз қолбасшысын жазалап, қаланы иелеріне қайтарып берген мұндай халықты бірінші рет көрген еді.Мұсылмандар қаладан шығып үлгермей-ақ, халық көшеге жүгіріп
    97017321Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    22 Jan, 11:00

    Білімді кітаптан алуға болады, бірақ әдепті кітаптан ала алмайсың.Кітап оқыған небір әдепсіздер бар. Әдепті әдептілерден үйренесің.Adab ya hu!
    73119431Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    19 Jan, 08:37

    Әзірет Ұстаз бұл жайында қорытынды сөзін былай түйіндейді: «Меніңше, насихатшылардың насихатының осы заманда әсер етпеуінің бір себебі мынау: Ахлақсыз адамдарға: «Қызғанба, құмарланба, өштеспе, қырсықпа, дүниені сүйме!» дейді. Яғни «Табиғатыңды өзгерт» дегендей, оларға күші жетпейтін нәрсені ұсынады. Егер: «Бұларды жақсы жаққа бағыттаңдар, арналарын өзгертіңдер» десе, онда әрі насихат әсер етер еді, әрі олардың ерік-жігері жететін ұсыныс болар еді»
    78510211Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    16 Jan, 11:24

    “Аллаға қандай шағымың бар, Ей дымы жоқ, шексіз мұқтаж құл?!”
    6658211Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    15 Jan, 19:50

    Миғраж: Қайта оралудың хикметі ✨Бүгін — Миғраж түні. Бұл тек ғажайып бір сапар емес, бұл — адам жанының эволюциясы.Пайғамбарымыздың (ﷺ) тұлғасынан біз екі үлкен мақамды көреміз:🔹 Біріншісі — Құлдығы (Әулиелігі) Бұл Оның (ﷺ) Хақпен оңаша қалуы. Нәбилік міндет берілмей тұрып-ақ, Хира үңгірінде 40 күн бойы жалғыз қалып, ішкі әлемін нұрландырғаны. Ол жерде атақ та, халық та, міндет те жоқ еді. Тек Құл мен Жаратушы ғана. Тіпті тастар мен ағаштар Оған сәлем бере бастағанда, Ол әлі «елші» емес, нағыз «құл» (әулие) еді. Миғражға көтерілуі — осы құлдықтың шыңы. Ол ең биік мақамға, Жаратушының құзырына сол «құлдығымен» барды.🔹 Екіншісі — Міндеті (Пайғамбарлығы) Ең қызығы осы жерде: Миғраждан қайтып оралу.Елестетіп көріңізші, ең биік бақытты сезініп тұрып, қайтадан мазасыз дүниеге, қарсыласқан адамдардың арасына оралу — бұл нағыз Міндет. Егер Миғражға шығуы Оның құлдығы болса, сол
    81421311Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    14 Jan, 17:01

    "Gözyaşı, ruhun abdestidir."“Көз жасы — рухтың дәреті.”
    763144Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    13 Jan, 15:39

    "Lâ tahzen, innallâhe meânâ."“Қайғырма, Алла бізбен бірге.”- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Әбу Бәкірге (р.а.) айтқан жұбату сөзі.
    582161Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    31 Dec 2025, 19:25

    2026 жыл Берекелі болсын!Бұйырса өзгерістерге толы жыл болады Иншааллаһ!)
    761161Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    25 Dec 2025, 18:32

    🌙 РАҒАЙЫП: РУХАНИ ҚАЙТА ТУЫЛУҚасиетті үш айдың шымылдығы түрілді. Бұл жай ғана күнтізбедегі күндердің ауысуы емес, бұл — «рухани әлемнің» ең берекелі маусымы. Есептеп көрейікші: бір жақсы амалдың сауабы қарапайым күндері 10 есе болса, бұл айларда ол геометриялық прогрессиямен өседі: 📈 Сауаптар шкаласы:• Қарапайым күндері: 1 ➡️10 • Ережеп айында: 1 ➡️ 100 • Шағбан айында: 1 ➡️ 300 • Рамазан айында: 1 ➡️ 1000 • Рағайып, Миғраж, Бараат түндері: 1 ➡️ 10,000 • Қадір түні: 1 ➡️ 30,000+✨ Рағайып түні — бұл не? Бұл түн - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нұрының бұл әлемге келуінің алғашқы сәті. Рухани тұрғыдан алсақ, бұл — біздің өмір мағынасын ұғыну арқылы қайта туылуымыз.📍 Рағайып (Бастау): Біздің «Мен кіммін? Қандай мұсылман болуым керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуіміз. Бұл түнде біз дүниенің өткінші шуынан арылып, рухани «эмбрион» күйімізден жетілуге қадам басамыз.📍 Қадір түні
    1,5901511Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    24 Dec 2025, 08:19

    Отан - отбасынан басталады.Отбасын сатқан адам - Отанын да сатады.Отбасының нәпақасын өзге жаққа құртатын адам - ертең халықтың ақшасын да жеуі кәміл!
    66152Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    20 Dec 2025, 12:19

    forwarded from @magrifetullah

  • bahara yolculuk

    20 Dec 2025, 12:18

    forwarded from @magrifetullah

    баршамызға берекелі болсын💛🤲🏻
    62561Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    14 Dec 2025, 10:03

    Миссия - мамандық таңдамайды.🕌Бірде бір адам мешітке келгенде мешіт сыртын әктеп-сылап жатқан бір жұмысшыны көреді. Ол адамнан “Не істеп жатырсың?” деп сұрағанда “Көрмей тұрсың ба? Мешіттің сыртын әктеп жатырмын” деген жауап алады.Сосын сол мешіттің кіреберісін сыпырып жүрген жұмысшыны жолықтырады. Одан “Не істеп жатырсың?” деп сұралғанда “Мен адамдардың Раббысына апарар жолын тазалаудамын” деген жауап алады.Екі адам да мешітке пайдасын тигізуде, бірақ екеуінің өз жұмыстарын қабылдауы екі түрлі.🔰Қажымұқан палуан болса да, Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен сол кездегі оқып жүрген шәкірттерге өз қалтасынан стипендия беретін болыпты. Ал Әміре Парижге жай ән айту үшін бармай, Ахметтен Мұстафа Шоқайға хат жеткізіп тапсырады.🌀Бұдан ұғарымыз “Алаштың баласында профессия болмады, Алаштың баласында миссия болды!”
    874911Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    13 Dec 2025, 06:12

    🐕Итке ит үрсе, қапса, қабылған ит те қарап тұрмай, екеуі қырыла кетеді. Жамандыққа жамандықты ит те жасап біледі.🫏Есектің мойны қышыса екінші есекке сүйкеліп, мойнын қасиды. Екінші есек те солай жасап, бір-біріне көмектеседі. Жақсылыққа жақсылықты есек те жасап біледі.🤵🏻‍♂️Ал адамның жасай алатыны - жамандыққа жақсылық жасау. “Таспен ұрғанды аспен ұр” дегендей өз туған қаласынан Пайғамбарды қуып шыққан Меккеліктер аштыққа ұшырағанда, оларға Пайғамбар астықпен көмектеседі.
    6191531Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    12 Dec 2025, 16:56

    Дінді түлкіден үйренсең, тауық ұрлауды сауап деп білесің.Түркі мақалы
    6031121Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    12 Dec 2025, 08:47edited

    Бір түсінгенім, “Жеке даму - саморазвитие” кітаптары адамды шынайы дамытуы қиын екен)Не үшін? Өйткені ол кітаптар дайын асты тек ауызға салып береді. Барлығы дайын күйде, тек соны жасау керек болады.Ал адамды шынайы дамытатын кітаптар - әдеби кітаптар. Әдеби кітаптарды оқуда мен байқаған біраааз пайдалары бар: 1) Байытады. Тіл байлығың болсын, рухани байлығың болсын, барлығы да дамиды.2) Қиялдау қабілетің - воображение дамиды. Көз алдына не боп жатқанын елестете аласың.3) Саморазвитие кітаптарында барлығы ақылды, ал шынайы өмірде олай емес қой. Жеке даму кітаптарында барлығы ақыл айтады. Ал шынайы сезінуді тек әдеби кітаптар ғана бере алады.4) Әдеби кітаптарды оқысаң - түйін мен шешімді өзіңе қалдырады. Ал жеке даму кітаптарында сен үшін шығарып береді.Айта берсең көп-ақ)
    56610511Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    11 Dec 2025, 12:10

    Жаратушыға жету жолында жүруді шешкен адамның құрбы-құрдастары да өзгереді. Себебі, ұқсас адамдар ғана кездеседі.Екінші қағида
    478132Open in Telegram
  • bahara yolculuk

    11 Dec 2025, 05:58

    Қарап шығыңыздар😍https://youtu.be/yLGZAYONDSo?si=ti9G4my2fBXm3JZE
    YouTubeПервое Слово: Смысл и сила “Бисмиллях”🔑 Секрет Силы: Как фраза «Во имя...» меняет всю вашу жизнь В этом видео мы разбираем глубокое духовное произведение, которое начинается с толкования самой важной фразы в нашей традиции: «Бисмиллях» (Во имя Аллаха Милостивого, Милосердного). Эта фраза —…