gram news
BASSPORT channel avatar

BASSPORT

@bassportkz

БАСТЫ СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ProjectsKK

360subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • BASSPORT

    23 Apr, 07:36

    🇰🇿🇧🇷 Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (molodoy) Сантос клубының ойыншысы Неймармен түскен суреттерін жариялады.Фотоларда Голубенко «Сантос» клубының эмблемасы бейнеленген жейдеде көрінсе, кадрлардың бірінде ол Неймармен бірге қабырғада ілулі тұрған Лионель Мессидің жейдесі жанында суретке түскен.21 жастағы Данил Голубенко — CS2 дисциплинасы бойынша Қазақстандағы үздік киберспортшылардың бірі. Семей қаласының тумасы 2025 жылдан бері FURIA Esports сапында снайпер рөлінде өнер көрсетіп келеді.
  • BASSPORT

    3 Apr, 05:57

    Қазақстандық файтер UFC ұйымымен келісімшартқа қол қойып, тарихи жекпе-жек өткізбекҚазақстандық спортшы Азамат Бақытов UFC BJJ лигасындағы дебюттік жекпе-жегінің күнін және қарсыласын білді.Ол 21 мамыр күні өтетін UFC BJJ 8 турнирінде өнер көрсетеді. Орта салмақта өтетін айқаста қазақстандықтың қарсыласы австралиялық Томас Дэвид болады. Айта кетейік, бұл жекпе-жек екі спортшы үшін де аталған лигадағы алғашқы кездесу болмақ.Маңызды жайт – Азамат Бақытов UFC BJJ тарихындағы Қазақстан ғана емес, тұтас Еуразия атынан шыққан алғашқы спортшы атанбақ.UFC BJJ — 2025 жылдың маусым айында құрылған UFC ұйымының еншілес лигасы. Мұнда бразилиялық джиу-джитсу бойынша жарыстар өткізіледі.Азамат Бақытовтың ММА-дегі рекорды — 9 жеңіс, 0 жеңіліс. Сонымен қатар, ол Nomad Wrestling турнирінде екі мәрте чемпион атанған.
  • BASSPORT

    2 Apr, 07:48

    Италияның спорт министрі футбол федерациясы басшылығының отставкаға кетуін талап еттіИталияның спорт министрі Андреа Абоди ұлттық құраманың 2026 FIFA World Cup турниріне шыға алмауына байланысты Италия футбол федерациясы президенті Габриэле Гравинаның отставкаға кетуін талап ететінін мәлімдеді.Шешуші плей-офф матчында Италия құрамасы Босния және Герцеговина құрамасына есе жіберді. Негізгі уақытта 1:1 есебі тіркеліп, пенальти сериясында қарсылас 4:1 нәтижесімен басым түсті. Министрдің айтуынша, федерация басшылығы мұндай сәтте жауапкершілік пен кәсіби ұстанымды көрсетуі тиіс.Айта кетейік, Италия құрамасы қатарынан үшінші рет әлем чемпионатына қатыса алмай отыр. Соңғы рет команда 2014 FIFA World Cup турнирінде өнер көрсеткен.
  • BASSPORT

    13 Mar, 13:14

    Тарихи алтын: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 алтынын жеңіп алдыИталияның Милан қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары аясында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов ел қоржынына тарихи алтын медаль сыйлады.Отандасымыз парабиатлоннан ізкесу жарысының финалында (қашықтығы 4,5 км спринт-персьют, «отырып» өнер көрсету класы) 9:39.0 нәтижесімен мәреге бірінші болып жетті. Бұл — Қазақстан тарихындағы қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлоннан алынған алғашқы алтын медаль.Айта кетейік, бұл Ербол Хамитовтың Миландағы жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 10 наурызда ол парашаңғы жарысында қола медаль жеңіп алған болатын.
    143video1Open in Telegram
  • BASSPORT

    12 Mar, 09:41

    Евгений Кошкин екінші жыл қатарынан "Күміс шар" жүлдесін иелендіКонькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының мүшесі Евгений Кошкин халықаралық "Күміс шар" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.Нидерландтың Леварден қаласында өткен бәсекенің 100 метрге жарысында отандасымыз үздік шықты. Евгений Кошкин аталған қашықтықты финалда 9.56 секундта жүгіріп өтті.Отандасымыз жарыстың іріктеу, жартылай финал және шешуші кезеңдерінің бәрінде мәре сызығын бірінші болып кесті. Мұз айдын иесі Стефан Вестенбурк екінші орын алса, үзідк үштікті тағы бір Нидерланд өкілі Мац ван Де Бос түйіндеді.Айта кетейік, Евгений Кошкин былтыр да дәл осы турнирде топ жарып, "Күміс шар" жүлдесін иеленген алғашқы қазақстандық атанған еді.
  • BASSPORT

    10 Mar, 09:55

    Михаил Шайдоров халықаралық сыйлықтың номинанты атандыМәнерлеп сырғанаудан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ISU халықаралық сыйлығына номинант атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.Отандасымыз ISU Skating Awards жүлдесінің “Үздік костюм” номинациясында сынға түседі. Тізімде 16 мәнерлеп сырғанаушы бар. Михаил Шайдоровтың Милан-Кортина Олимпиадасында еркін бағдарламасында киген костюмі үздік 16 костюмнің қатарына кірген. Шайдоровтың бұл костюмі отандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызы жасаған. Олимпиада алтынын жеңіп алғаннан кейін Михаил киімін Олимпиада музейіне тапсырған еді.Қазіргі таңда жанкүйерлердің дауыс беру кезеңі жүріп жатыр. Бұл кезең 18 наурызға дейін жалғасып, нәтижесінде әр аталымнан үздік үш номинант іріктеледі. Отандасымызға ISU сайтында дауыс беруге болады.Жеңімпаздар 29 наурызда Прагадағы әлем чемпионатының
  • BASSPORT

    2 Mar, 07:05

    Бокстан халықаралық «Странджа кубогында» Қазақстан екінші орын алдыБолгария астанасы София қаласында бокстан дәстүрлі халықаралық «Странджа кубогы» турнирі аяқталды. «Кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен беделді жарыста Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.Турнирдің жеңімпазы жеті алтын медальмен Өзбекстан құрамасы атанды. Медальдық кестеде одан кейін Қазақстан (4 алтын), Украина (3), Англия (2), Болгария (2), Косово (1) және АҚШ (1) құрамалары орналасты.Аталған жарысқа бастапқыда Қазақстаннан 39 боксшы қатысқан. Алайда олардың тек алтауы ғана финалдық кезеңге дейін жетіп, нәтижесінде төрт алтын медаль ел қоржынына түсті.
  • BASSPORT

    12 Feb, 06:13

    Бублик пен Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкінРесей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев спорттық азаматтығын басқа елге ауыстырған атлеттерге қатысты қатаң шаралар қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді.Министрдің сөзінше, мемлекет тарапынан дайындалған спортшылардың өзге елдің атынан шығуы әділетсіз деп бағаланады. «Мұнда біз оларды дайындаймыз, бапкерлермен, базамен қамтамасыз етеміз. Ал кейін паспортты тастап, кетіп қалады. Ондайларға елге кіруге және біздің спорт нысандарын пайдалануға тыйым салу қажет. Біз соған келеміз», — деді Дегтярев.Сонымен қатар ол мұндай жағдайларға қатысты тәртіпті күшейтетін бұйрыққа қол қойғанын хабарлады.Айта кетейік, бұрын Ресей атынан өнер көрсеткен бірқатар спортшылар бүгінде Қазақстан туы астында халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Олардың қатарында әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина, ATP рейтингінде оныншы орында тұрған
  • BASSPORT

    28 Jan, 13:10

    «Барыс» пен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдыБүгін елордадағы «Барыс Арена» баспасөз орталығында «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы (ТҒӨО) басшыларының салтанатты кездесуі өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Іс-шараға «Барыс» хоккей клубының бас директоры Сәкен Мұсайбеков пен ТҒӨО басқарма төрайымы Сәния Әбдірахманова қатысты. Құжат аясында тараптар бірлескен әлеуметтік және PR-іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын, ерікті және өтеусіз қан донорлығын кеңінен насихаттауға бағытталған бастамаларды өзара қолдауға келісті.Аталған серіктестіктің алғашқы қадамдарының бірі 28 қаңтарда өтетін «Барыс» – «Адмирал» матчы кезінде жүзеге асады. Ойын күні әрбір жанкүйер өз қан
  • BASSPORT

    21 Jan, 05:08

    Допинг расталды: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкінҚазақстандық кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты қосымша сараптама нәтижесін растады. Федерация президенті Рахимжан Ерденбековтің мәлімдеуінше, тексеру барысында спортшы ағзасынан тыйым салынған заттардың бар екені анықталған.Қазіргі таңда допингтің қасақана қолданылғаны немесе ағзаға кездейсоқ түскені анықталуда. Тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерге қатысудан уақытша шеттетілді.23 қаңтар күні бұл іс бойынша қайта тыңдау өтеді. Сол отырыста жағдайдың барлық мән-жайы жан-жақты қаралып, кейін материалдар халықаралық бокс ұйымдарына — WBO, IBF және өзге де федерацияларға жолданады. Соңғы шешім сол ұйымдар тарапынан қабылданады, оның ішінде чемпиондық атақтарынан айырылу мәселесі де бар.
  • BASSPORT

    10 Jan, 09:59

    Бақыт Сәрсекбаев бокстан Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстайдыБақыт Сәрсекбаев бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне кірісті. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде хабарлады.Федерация мәліметінше, 2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады. Алайда аталған команда сапында болған боксшылар ұлттық құраманың сапына қосылады.Осы өзгерістерге байланысты Бақыт Сәрсекбаев жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.
  • BASSPORT

    10 Jan, 09:24

    Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кетті: себебі белгілі болдыҚазақстан ерлер құрамасының бокстан бас бапкері Қайрат Сәтжанов өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.Ресми мәлімдемеге сәйкес, 35 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман денсаулық жағдайына байланысты аталған қызметтен кетуге мәжбүр болған.Қайрат Сәтжанов Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне 2024 жылдың тамыз айында тағайындалған еді. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие маманның жетекшілігімен ұлттық құрама бірқатар халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға қол жеткізді.
  • BASSPORT

    4 Jan, 09:55

    Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегінің уақытын жарияладыҚазақстандық бірінші орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) рингке қашан оралатынын мәлімдеді.Жеңіліп көрмеген «Soldier Q» лақап атымен танымал боксшы ақпан айында АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Ахмедов Лос-Анджелесте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынынан бірнеше фотосурет жариялап, «Ақпанда жолығамыз» деп жазды. Қазіргі уақытта оның қарсыласының есімі нақтыланбаған.Садриддин Ахмедов соңғы рет өткен жылдың сәуір айында рингке шыққан. Сол кездесуде ол мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) тең нәтижеге қол жеткізді.
  • BASSPORT

    29 Dec 2025, 13:55

    Париждегі Grand Slam-ге қатысатын дзюдошылар тізімі жарияландыАқпан айының 7-8 күндері Парижде Grand Slam жарысы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.Халықаралық дзюдо федерациясы жарысқа қатысатын ұлттық құрамалардың алдын ала тізімін жариялады.Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапына сегіз спортшы енді.
  • BASSPORT

    25 Dec 2025, 09:00

    Қазақ балуандары маусымды рейтингте нешінші орынмен аяқтадыКүрес түрлерінен маусым өз мәресіне жетті. Маусым қорытындысы бойынша Біріккен күрес әлемі (UWW) үздік балуандардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еркін күрестен қазақстандықтардың ішінде үздік үштікке ең жақын болған - Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін). Маусым қорытындысы бойынша ол 39 200 ұпаймен 4-ші орынға көтерілді. Камиль Куруглиев (92 келіге дейін) 8-ші орынға жайғасса, Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) 9-шы орында маусымды аяқтады.Грек-рим күресінен төрт бірдей балуанымыз үздік ондықтың қатарында тұр. 2025 жылғы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) әлемдік рейтингтің 5-ші сатысына көтерілді. Оның еншісінде 45 000 ұпай бар. Мерей Мәулетқанов (72 келіге дейін) және Ислам Евлоев маусымды 6-шы орында аяқтаса, Әлімхан Сыздықов (130 келіге
  • BASSPORT

    22 Dec 2025, 17:13edited

    2025 жыл: Қазақстан спорты үшін есте қалған оқиғалар2025 жыл қазақстандық спорт тарихында табысты нәтижелермен, тың жетістіктермен және есте қаларлық сәттермен айрықша орын алды. Ел намысын қорғаған спортшылар халықаралық ареналарда сан түрлі спорт түрінен олжа салып, ұлттық спорттың әлеуеті мен беделін көрсетті.Толығырақ Bassport.kz сайтындаАл, сіз үшін 2025 жыл тағы несімен есте қалды?
  • BASSPORT

    17 Dec 2025, 11:40

    "ПСЖ" Мбаппеге 60 млн еуро төлеуге міндеттелдіКилиан Мбаппе "ПСЖ" клубымен болған сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.Енді франциялық команда ойыншыға 60 млн еуро төлеуі керек. Бұл сот процесі өткен жылдан бері жалғасып келеді. Клуб Килианмен келісімшарттың соңғы айларында жалақы төлемеген.Қараша айында Килианың клубтан сот арқылы 263 млн еуро талап еткені белгілі болған. Бұл соманың ішінде жалақы және сыйақы, сонымен қатар командадағы қарым-қатынас үшін төленуі керек өтемақы болған.
  • BASSPORT

    13 Dec 2025, 14:37

    Қазақстан қоржынындағы екінші алтын: Оразбек Асылқұлов әлем чемпионатында топ жардыҚазақстан құрамасы бокстан IBA ұйымдастырған 2025 жылғы Әлем чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді.57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Оразбек Асылқұлов Дубайда өтіп жатқан әлем біріншілігінің чемпионы атанды. Финалдық жекпе-жекте ол Тәжікстан өкілі Хусравхон Рахимовпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) айқын жеңіске жетті.Осы нәтижемен Оразбек Асылқұлов Қазақстан қоржынына чемпионаттағы екінші алтын жүлдені салды. Бұған дейін 54 келі салмақта Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанған болатын.Бүгін чемпионат аясында Қазақстан атынан тағы екі боксшы — 71 келіде Абылайхан Жүсіпов пен 75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов шаршы алаңға шығады.Video: Ayan Tolegen (Telegram)
    173video1Open in Telegram
  • BASSPORT

    13 Dec 2025, 14:13

    Қазақстан қоржынында алғашқы алтын: Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атандыҚазақстан құрамасы бокстан IBA ұйымдастырған 2025 жылғы Әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды.54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сәкен Бибосынов Дубай қаласында өтіп жатқан әлемдік додада чемпион атанды. Финалдық жекпе-жекте ол Ресей боксшысы Вячеслав Рогозинмен қолғап түйістіріп, төрешілердің 5:2 есебімен жеңісіне қол жеткізді.Осылайша, Сәкен Бибосынов Қазақстан қоржынына чемпионаттағы алғашқы алтын жүлдені салды.Video: Ayan Tolegen (Telegram)
    142video2Open in Telegram
  • BASSPORT

    11 Dec 2025, 09:45

    IBF Жәнібек Әлімханұлының допинг дауынан кейін шешім қабылдадыХалықаралық бокс федерациясы (IBF) отандасымыз Жәнібек Әлімханұлына қатысты ресми жаңартуларды жариялады.Допингке қатысты дауға қарамастан, қазақстандық былғары қолғап шебері орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген статусын сақтап қалды.Ұйымның жаңартылған рейтингінде Жәнібектің позициясы өзгерген жоқ. Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда боксер WBA чемпионы Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізуі керек еді. Алайда кездесу қарсаңында оның допинг сынамасынан мельдоний анықталғаны белгілі болды.