Latest posts

Beisenali Olzhas
22 Sept, 18:29
– Сіздің мамандығыңыз? – Экзегетик
Beisenali Olzhas
22 Sept, 10:39
«Фикһ» терминінің баламасы ретінде, қазақ тілінде «құқық» сөзі қолданылады.«Фиқһ» сөзі адам мен Жаратушының арасындағы және отбасылық, әлеуметтік-саяси қатынастарды, қылмыс пен жаза сияқты қоғамдық құбылыстарды нақты дәлелдерге жүгіне отырып қарастыратын ілімге қолданылса, «құқық» сөзі жалпылама адамдардың отбасылық, азаматтық, әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын реттейтін жүйеге колданылады.Фиқһ термині нақты шариғи ілімге қатысты болса, құқық сөзі жалпылама, зайырлы құқықтық нормаларға қолданылады. Яғни фиқһ ілімі пенде мен Жаратушы арасында орын алатын, ақыретке қатысты іс-әрекеттер мен бүгінгі құқықтану саласының зерттеу нысаны болған барлық тақырыптарды қамтыса, зайырлы құқықтық жүйе тек адамның өзге адамдармен қарым-қатынасын қарастырады.Құрманбаев Қ. Исламды адам құқықтары, 25-бет
Beisenali Olzhas
18 Sept, 15:34edited
Магистратураға түскен шәкіртке сен подписка жасамасаң, сенен отписка жасайды екен)
Beisenali Olzhas
18 Sept, 15:32
"Ұстаз" бен "Олжеке"-нің арасы – бір магистратураға түсу дейді ғой)
Beisenali Olzhas
17 Sept, 15:58edited
Балық берме, қармақ берБастауыш шәкіртті оқытқан кезде, ұстаз қармақты бірге ұстап отыру керек. Кейде балықты былай бере салған дұрыс.Орта деңгейге жеткенде, қармақты жаймен өзіне беру керек.Жоғары деңгейде балық аулауға жалғыз өзін жіберу керек.
Beisenali Olzhas
17 Sept, 13:36
Бір дәріс қалды 😍
Beisenali Olzhas
17 Sept, 13:35
https://youtu.be/awdwn7DvdYU?si=_9QVK4_4zWpUeo3RYouTubeСарф: «Мақсұд»: 12-дәрісӘжуаф пен нақистың мудариға етістіктері мен исмдері
Beisenali Olzhas
13 Sept, 18:32
Сахабалардың ішінде ең танымал тәпсіршілер:1,2,3,4) Ардақты төрт халифа: Әбу Бәкір, Омар, Осман, Али; 5) Абдулла ибн Масғуд; 6) Абдулла ибн Аббас; 7) Абдулла ибн Зубейр; 8) Зейд ибн Сабит; 9) Убай ибн Кағб; 10) Әбу Муса әл-Ашғари.Осылардың ішінде ең көп тәпсірлеген сахабалар:Али ибн Әбу Талиб, Ибн Масғуд және ибн Аббас.Шейх Али Һанидің сабағынан
Beisenali Olzhas
12 Sept, 03:45
Сатып аламын деушілерге +7 702 798 4001
Beisenali Olzhas
11 Sept, 12:52edited
Қайдан іздеу керегін білсең табасың
Beisenali Olzhas
9 Sept, 10:31edited
Кейбір шайқастарда жеңу үшін жеңілу керек
Beisenali Olzhas
5 Sept, 11:39
Мына кітапты бітірген соң, қай кітаптан түсірейін?
Beisenali Olzhas
5 Sept, 11:34
https://youtu.be/Nim81MqRxiQ?si=OPNAG3QGY66ha_FpYouTubeСарф: «Мақсұд», 11-дәрісӘжуаф пен нақистың ережелері
Beisenali Olzhas
4 Sept, 12:46
https://www.nmu.edu.kz/dastyrosy_ortalygy_tanysturyldy/?542Нұр-Мүбарак университеті -Dasturosy қосымша білім беру және ижаза орталығы таныстырылды - Нұр-Мүбарак университетіDasturosy қосымша білім беру және ижаза орталығы таныстырылды Нұр-Мүбарак баспасөз қызметі 04/09/2026 15:23 «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде 1 курс студенттеріне арналған бейімделу апталығы аясында Dasturosu қосымша білім беру және ижаза…
Beisenali Olzhas
3 Sept, 17:18edited
Заһир риуая (الظاهر الرواية)Заһир риуая — имам Әбу Ханифа және оның шәкірттерінен фиқһқа қатысты сенімді адамдардан жеткен риуаяттар жиынтығы.Бұл риуаяттар кітаптар негізінде имам Мұхаммед ибн әл-Хасан әш-Шайбанимен жазылды.Ол кітаптардың саны туралы Ханафи мәзһабы ғалымдарының еңбектерінде әртүрлі пікірлер кездеседі. Ұстазым шейх Луай Халили ондай төрт пікір бар дейді.1) Олар 3 кітап: Мабсут, Зиядат, Мухит. Бұл пікір Лакнауидің Һидаяға жазған шархында келеді.2) 4 кітап: Мабсут, әл-Жәмиғ әс-сағир, әл-Жамиғ әл-кәбир, Зиядат.Бұл Итқани мен Бабиртиден жеткен пікірлер.Осыған ұқсаа, бірақ басқа кітаптарды айтқан имам Журжанидің пікірі бар:Мабсут, әл-Жәмиғ әл-кәбир, әл-Жәмиғ әс-сағир, әс-Сияр әл-Кәбир.3) 5 кітап: Мабсут, әл-Жәмиғ әл-кәбир, әл-Жәмиғ әс-сағир, әс-Сияр әл-Кәбир, Зиядат.
Beisenali Olzhas
31 Aug, 16:58
Егер біреуден қатты қорықсаң, мына дұғаны көп оқы:وَأُفَوِّضُ أَمۡرِىٓ إِلَى ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَصِيرُۢ بِٱلۡعِبَادِ«Мен енді бар ісімді бір Аллаға тапсырамын. Шүбәсіз, Алла құлдарын үнемі көріп бақылап тұрушы» (Ғафир: 44)
Beisenali Olzhas
30 Aug, 10:48
Шейх Мухаммад Хадыр Хусейн дәріс беру жайлы: "Мен бұрын дәріс бергенде, бір мәселеге тоқталсам, неше түрлі, сан алуан мәселелерді айтып кететін едім. Сәт тапсам болды, солай жасайтынмын. Тіпті Әлфияның бір дәрісінде бір шумақтан ары аспайтынмын. Алайда
Beisenali Olzhas
30 Aug, 10:29edited
Шейх Мухаммад Хадыр Хусейн дәріс беру жайлы:"Мен бұрын дәріс бергенде, бір мәселеге тоқталсам, неше түрлі, сан алуан мәселелерді айтып кететін едім.Сәт тапсам болды, солай жасайтынмын. Тіпті Әлфияның бір дәрісінде бір шумақтан ары аспайтынмын. Алайда, ақыр соңында бұл – нәтиже бермейтін нашар жол екенін түсіндім"."Әс-сағад әл-узма" журналынан
Beisenali Olzhas
30 Aug, 10:23
Таза Мысырлық болмаса да Әл-Азһар университетін басқарған жалғыз шейх – Мухаммад Хадыр Хусейн.Ол кісі Тунистың тумасы, Зәйтүн университетінің түлегі.Солтүстік Африкада кеңінен тараған "Әс-сағада әл-узма" атты алғашқы ғылыми журналдың негізін қалаған ұлы ғалым.Әл-Азһар университетін 1952-1954 арасын басқарған. Алайда, мемлекеттің университеттің істеріне араласуына қарсы болып, өз еркінмен бұл мансаптан кеткен жалғыз шейх болып саналады.
Beisenali Olzhas
29 Aug, 17:54edited
"Иә-иә, болды, істейміз ғой" деп бос уәде бергеннен гөрі, "жоқ, мен істей алмаймын" деп нақты жауап беруге үйрену керек.Саған "жоқ" деп жауап беретін адамның барлығы жаман емес. Керісінше, ол уақытыңды үнемдеп, "басқа жол ізде" деп өміріңді жеңілдетіп отыр
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
