gram news
Digital Dala channel avatar

Digital Dala

@digitaldala

Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla

ProjectsKK

677subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Digital Dala

    8 Feb, 17:42

    forwarded from @shekaradantysai

    Shekaradan Tys AI Lab#10 шығарылымIT-маманнан құлдыққа дейін: Мьянмадағы скам-орталықтар ЖИ-ді қалай қолданады?Жақында «Спектр» YouTube арнасында Мьянмадағы KK Park скам-орталығында тұтқында болған отандасымыз Сәкеннің сұхбаты шықты. Бұл оқиға ИИ технологияларының қылмыскерлер қолында қаншалықты қауіпті болатынын көрсетеді.ИИ-аватарлар мен «Бутафорлық бөлмелер»Скам-орталықтарда жұмыс істеу үшін ИИ-дің ең соңғы жетістіктері қолданылады:1. ИИ-маскалар (AI Masks): Скам-орталық ішінде арнайы бөлмелер бар. Болаттай суық қабырғалардың ішінде отырып-ақ, оператор ИИ-маска арқылы видеоқоңырау кезінде өзін сымбатты миллионер немесе сұлу қыз ретінде көрсете алады. Ол маскалар адамның мимикасын (көз қысу, күлу) 100% қайталайды.2. Дауыс клондау (Voice Cloning): Қылмыскерлерге адамның дауысын айнытпай салу үшін небәрі бірнеше секундтық аудио жазба жеткілікті. Бұл «emergency scam»
  • Digital Dala

    17 Nov 2025, 07:58

    forwarded from @qazaqtech

    ☄️ Сәлем, достар!Біз QazCode және QazaqTech бірлесіп өткізетін ML & AI митапқа санаулы ғана бір апта қалды! 🤖 Бұл кездесу — жасанды интеллект пен машиналық оқытудың ең өзекті бағыттарын біріктіретін алаң болады.Бүгін сіздерді спикерлермен таныстыруға асықпыз — олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты мысалдар арқылы AI мен ML-дің шынайы мүмкіндіктерін көрсетеді! 💡🎙 Спикерлер:АДЕТБЕКОВ ЕЛДОС 💼 Lead Data Scientist, QazCode 🖇 «Процестерді автоматтандыру және AI-агенттер n8n платформасында»САҒЫНДЫҚ БЕКСҰЛТАН 💼 Senior Data Scientist, Yieldmo 🖇 «Post-training және оның қазақ тілі үшін тілдік модельдерді “түзетуге” көмегі»ӨТЕУ ҚУАНЫШ 💼 QazLM Techlead, Freedom AI 🖇 «Қазақша қоңыр дауысты speech-to-speech моделін құрастыру»
  • Digital Dala

    10 Nov 2025, 13:32

    forwarded from @qazaqtech

    Сәлем, достар👋🏻🤖 Machine Learning & AI — жаңа деңгейде!Ұзақ үзілістен кейін қазақ тіліндегі IT митаптар қайта оралады! Бұл жолы біз QazCode компаниясымен бірлесіп өткізетін ерекше кездесуде жасанды интеллекттің қыр-сырын талқылаймыз.📅 21 қараша | 18:00–20:00 📍 Алматы, Политехническая к., 2, Element Tower, 2-қабат (Beeline жаңа офисы) 💸 Қатысу тегін! 📲 Тіркел: https://forms.gle/A8ZJAeasSQmUR2Kw5Жақында спикерлер тізімімен таныстырамыз 💡Кел, бірге қазақша IT қауымдастығын дамытайық!
  • Digital Dala

    7 Oct 2025, 06:24

    forwarded from @shekaradantysai

    Shekaradan Tys: Ішкі Схемалар#4 шығарылымНейрондық Схемаларды Өңдеу (NCE). Жасанды миға жасалған хирургия.Біз үлкен тілдік модельдерді (LLM) ұзақ уақыт бойы «қара жәшік» ретінде қабылдадық. Ақпаратты береміз, жауап аламыз. Бірақ оның ішіндегі ойлау процесі бізге беймәлім болды. Егер модель қателессе, галлюцинация жасаса немесе біржақты пікір білдірсе, бізде көбінесе тек бір ғана шешім болды: оны жаңа деректермен қайта оқыту (fine tuning). Бұл қымбат, ұзақ және жиі күтпеген жанама әсерлерге әкеледі.Бүгінгі көзқарас түбегейлі өзгерді. Ғалымдар енді модельді біртұтас құрылым емес, өзара байланысқан модульдер мен схемалардың күрделі жүйесі ретінде көре бастады. Бұл бізге жаңа мүмкіндік береді: ЖИ ді үйретудің орнына, оны жөндеу.Бұл тәсіл Нейрондық Схемаларды Өңдеу (Neural Circuit Editing, NCE) деп аталады. Бұл ЖИ ді дамытудан ЖИ хирургиясына жасалған қадам.Қара Жәшіктен ШығуМәс
    51171Open in Telegram
  • Digital Dala

    29 Sept 2025, 06:01

    🦄 Higgsfield AI - Қазақстандағы алғашқы «единорог» стартап!Компанияның құны 1 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Higgsfield AI-дың негізін қалаушылардың бірі Алекс Машрабов ресми жариялады.Higgsfield AI Ерзат Дулат пен Алекс Машрабов негізін қалаған. Стартаптың басты бағыты - генеративті видео технологияларын дамыту. Яғни, қарапайым мәтіндік сұраныстан бірегей видеоконтент жасауға мүмкіндік береді.Бүгінде Higgsfield өнімдерін әлемдік деңгейдегі брендтер мен контент жасаушылар қолданып жүр, ал аудиториясы миллиондаған қолданушыға жетеді 🌎❓ «Единорог стартап» дегеніміз не?🦄 Нарықтағы бағасы 1 миллиард доллардан асқан жеке компания. Яғни, мұндай деңгейге жету стартаптың табысты бизнес үлгісін құрғанын және әлемдік нарықта үлкен сенімге ие
    5202032Open in Telegram
  • Digital Dala

    24 Sept 2025, 18:16

    Сәлем, бүгін сіздерге AI-ге байланысты тегін курсттарды әкелдік 🌱 Автор: https://www.linkedin.com/in/sandugash-yertayeva-06968a182?utm_source=share&utm_campaign=share_via&utm_content=profile&utm_medium=ios_app
    545921Open in Telegram
  • Digital Dala

    11 Sept 2025, 06:08

    QA көзқарасымен 👀Қазіргі жобада сапаға жауап беріп жүргеніме 1 жылдан асты. Командаға кейін қосылсам да, аз уақыт ішінде өнімді терең меңгеріп, шешім қабылдау кезінде ықпал ете бастадым.Бизнес-аналитик бізге тек бірнеше ай бұрын ғана қосылды. Оған дейін дұрыс жазылған юзер стори болған жоқ. Бүкіл команда болып шамамыз келгенше құжаттар дайындап жүрдік. Өзім үшін жасаған тест құжаттарым кейін толыққанды қабылдау критерийлеріне айналды.Сол кезеңде бір жұмыстың қайта-қайта жасалатынын байқадым. Негізгі себеп – клиенттердің техникалық білімінің болмауы және ортақ шешімге бірден келе алмауы еді. Бұған біз тосқауыл қоя алмадық, тек оның әсерін азайтуға тырыстық. Осы мақсатта үш бағытта жұмыс істедік.1️⃣ Қағида. Код емес, құндылық жазыңдарЖобаға алғаш келгенімде ешқандай құжат болмады. “Түсініксіз болса, командадан
    TelegramDigital DalaҚазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
  • Digital Dala

    5 Sept 2025, 10:09edited

    👋 Сәлем, достар!Fizmat AI Olympiad (FAIO) Бейжіңдегі дүниежүзілік олимпиададан кейінгі серпінін жоғалтпай, алға қарай қадам басып - енді халықаралық деңгейге шыққалы жатыр! ✨Бұл біз үшін ерекше олимпиада: былтыр дәл осы байқаудан Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған ЖИ сайыстары басталған еді. Ол үлкен серпіліс беріп, ЖИ саласының дамуына жол ашты. Ең бастысы, біздің оқушылардың әлемдік аренадағы жетістіктеріне ықпал етті.FAIO енді осы брендті сақтап, жан-жақты дамытқысы келеді.Алдарыңызда - алғашқы халықаралық FAIO! Уақыт өте келе әлемдік ЖИ олимпиадалардың біріне айналады деп сенеміз 🌎🗓 Күндер: 28 қыркүйек: онлайн-іріктеу 30–31 қазан: оффлайн-финал🔗 Тіркелу келесі аптада ашылады.Сайт: faio.kz Олимпиад
    44875Open in Telegram
  • Digital Dala

    1 Sept 2025, 06:12

    🙊 Nano Banana – суретпен жұмыстың жаңа дәуірі ме? Қазір ЖИ-ді сурет жасауға, стилін өзгертуге немесе өңдеуге қолдану көпшілікке тосын жаңалық емес. Мысалы, соңғы айда TikTok пен Instagram-да кең тараған «AI professional headshot» тренді бар: қарапайым күнделікті
    501111Open in Telegram
  • Digital Dala

    1 Sept 2025, 06:11edited

    🙊 Nano Banana – суретпен жұмыстың жаңа дәуірі ме?Қазір ЖИ-ді сурет жасауға, стилін өзгертуге немесе өңдеуге қолдану көпшілікке тосын жаңалық емес. Мысалы, соңғы айда TikTok пен Instagram-да кең тараған «AI professional headshot» тренді бар: қарапайым күнделікті суреттерді жүктеп, ЖИ көмегімен бірнеше минут ішінде LinkedIn-ге лайық кәсіби фотоларды алуға болады. Сапасы жақсы болғанымен, адамның бет әлпеті мен ұсақ бөлшектері өзгеріп кететін жағдайлар жиі кездеседі. Ал егер сіз суретті сақтап оның тек бір бөлігін өзгерткіңіз келсе суреттің толық өзгеріп кететіні ЖИ арқылы сурет өңдеуді әуесқойлық деңгейден жоғары көтермей тұрған еді.🧐 Осы мәселелерді шешу үшін Google AI зертханасы 26 тамыз күні Gemini 2.5 Flash Image (бейресми атауы Nano Banana) моделін таныстырды. Техникалық жағынан latency бұрынғыдан бірнеше есе
    40592Open in Telegram
  • Digital Dala

    27 Aug 2025, 09:57

    forwarded from @shekaradantysai

    Shekaradan Tys: Ішкі Әлем#3 шығарылымЖасанды интеллектінің «мінезін» қалай басқаруға болады? Цифрлық психология.Біз жасанды интеллектіні (ЖИ) мемлекеттік қызметтерге үйретеміз. Бірақ егер ол заңдар мен ережелерді жаттай отырып, байқаусызда дөрекі, жалған сөйлейтін (галлюцинация) немесе тым жағымпаз (sycophancy) болып кетсе ше? Цифрлық көмекші бұл үкіметтің азаматтармен тілдесетін бет-бейнесі, сондықтан оның «мінезі» өте маңызды.Модельдердің де өз «тұлғасы» (persona) бар. Оны оқыту жай ғана деректерді жүктеу емес, бұл цифрлық психологияға жақын процесс.Жақында жарияланған "Persona Vectors" (arXiv:2507.21509v1) зерттеуі бізге ЖИ-дің ішкі «мінезін» басқарудың жаңа, тіпті парадоксалды әдістерін ұсынады.Күтпеген өзгерістер қаупіМәселе мынада: модель пайдалы ақпаратпен бірге, диалогтардағы жасырын агрессияны немесе қателерді де бойына сіңіріп алуы мүмкін. Бұл құбылыс "Кенеттен
    396811Open in Telegram
  • Digital Dala

    25 Aug 2025, 17:18edited

    🔓 Ауруханада жазылған кітапКиберқауіпсіздік десе, көбісі “антивирус”, “қорғаныс жүйесімен” шектеледі деп ойлайды. Ал команданың мына авторы болса, сол киберқауіпсіздік саласы жайлы тереңінен зерттеп кітап жазған.🤓 Оның кітаптарының атауларының өзі ерекше:📎 MD MZ Malware Development Book (2022, 2024) 📎 MALWILD: Malware in the Wild (2023) 📎 Malware Development for Ethical Hackers (2024) 📎 AIYA Mobile Malware Development Book (2025)⁉️ “MD MZ” атауы жай ғана техникалық қысқартулар емес.MD – Malware Development MZ – ескі MS-DOS EXE файлдарының қолтаңбасыБірақ ең бастысы, автордың жүрегіндегі шын мағынасы – My Daughter Munira Zhassulankyzy
  • Digital Dala

    21 Aug 2025, 07:25

    🔥 Конкурсқа қатысып, DevOps оқуына грант ұтып алыңыз 🔥Core 24/7 Tech Orda және Astana Hub-пен бірлесіп 1 грант ойнатпақ:🏅Жеңімпазға DevOps Upgrade курсына 100% оқу ақысын төлейді.DevOps Upgrade - көп жүктемесі бар үлкен нәтижелерге жеткізетін курс. Hard skills-ін дамытып, еңбек нарығындағы сұранысын арттырғысы келетін және DevOps инженері болғысы келетін IT-мамандарға арналған.⁉️ Не істеу керек:✔️ Tech Orda грантына өтінім қалдыру ✔️ KazDevOps арнасына жазылу ✔️ Осы посттың астына «+» белгісін қою ✔️ 2-3 қыркүйектегі ұтысты күту❗️ Кім қатыса алады:Жоғары немесе орта-арнаулы
    core247.kzПолучи профессию DevOps-инженера в учебном. Интенсивное погружение.9 месяцев, 80% практики: Ansible, Docker, Kubernetes, CI/CD, Terraform, Grafana. Диплом установленного образца, финальный и сквозной проекты в портфолио
  • Digital Dala

    15 Aug 2025, 17:53

    Сәлем достар👋Қазір TechOrda бағдарламасы арқылы көптеген IT мамандықтарын тегін игеруге болады. Бұл IT әлеміне қадам басу үшін таптырмас мүмкіндік 🎉Курстардың ішінен қазақ тілінде өтетін Docker Academy курсын көзіміз шалып қалды 👀Олар сізге нарықта сұранысқа ие екі мамандықты тегін меңгеруге мүмкіндік береді:1️⃣ "AI-ды Product Management-те қолдану" курсы. Өнімді басқаруға AI-ды біріктіруді үйреніп, болашақтың мамандығын игер. ✅ 9 стипендиялық орын.2️⃣ "Laravel-де бэкенд әзірлеу" курсы. Заманауи веб-қосымшалар жасауды үйреніп, кәсіби бэкенд әзірлеуші бол. ✅ 9 стипендиялық орын.Оқу туралы маңызды ақпарат: Оқу форматы: Онлайн.Кім қатыса алады:
    64291Open in Telegram
  • Digital Dala

    14 Aug 2025, 08:48edited

    Kolesa Conf 2025-ке https://kolesa-conf.kz қатысатын Data бағытындағы үздік спикерлерді іздеймізҚазақ тілінде мына бағыттар бойынша баяндамалар қажет: - Data-Science - ML-инженерияМынандай баяндамаларға ерекше назар аударамыз: - Қолданбалы: келген қатысушылар күнделікті жұмыстарында қолдана алатын нақты идеялар мен құралдармен кетуі үшін нәтиже көрсеткен практикалық кейстер, мысалдар мен әдістермен бөлісіңіз. - Ерекше: бұрын еш жерде ашық жарияланбаған және басқа баяндамаларды қайталамайтын материалдар болғаны дұрыс.Kolesa Conf — өзіңізді көрсетіп, жетістіктерің туралы айтатын және Қазақстанның data-қауымдастығының дамуына үлес қосатын таптырмас мүмкіндік. Егер қызықты жобаңыз болса, елеулі нәтижелерге жеткен болсаңыз немесе жәй тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе, міне, сәті туып тұр!Өтінім қалдыру үшін @akzhnva-ға жазыңыз. Керекті ақпараттар: аты-жөніңіз, компанияңыз,
    508411Open in Telegram
  • Digital Dala

    18 Jun 2025, 04:41

    🔥 Білесіз бе? Сізге келетін Push-хабарламалардың сиқыры – адам миының назарын тарту және есте сақтау қабілетінің негізінде жатыр!🧠 Адам зейіні қалай жұмыс істейді ? Күтпеген сигналдар миға тез жетеді🔔“Ең маңызды” деп санаған ақпаратты ұзақ есте сақтаймыз ✨ Қайталап көрсеңіз, әдетке айналады (habit formation) 🔄⁉️ Ал енді осы Push-хабарламаларды қалай тиімді ете аламыз:Сегменттерге бөлу (Segmentation) 📊 Пайдаланушыларды жасына , геолокациясына, әрекеттеріне (app usage) қарай топтау арқылы хабарламаны дәл керек аудиторияға жеткізе аламыз.Жекелендіру (Personalization) 💌 Пуш хабарламаны адамның атымен бастау, өткен
    621821Open in Telegram
  • Digital Dala

    5 Jun 2025, 23:10

    Бір код бәрін өзгертті:AlexNet және Deep Learning дәуірінің бастауы🎯 2012 жылы Торонто университетінен бір топ студент терең нейрожеліні (CNN) ImageNet байқауына ұсынды - және бәрін таң қалдырды.📉Қате көрсеткіші бірден ~26%-дан 15.3%-ға түсті.GPU + үлкен деректер + ReLU + Dropout = 💣📈 Осы сәттен бастап Deep Learning жарылысы басталды:Google, Facebook нейрондық желілерге миллиондаған қаржы салдыResNet, Transformers, ChatGPT сияқты технологиялар пайда болдыЖасанды интеллект күнделікті өмірге ендіЕнді, 2025 жылы, AlexNet-тің бастапқы коды ресми түрде GitHub-та жарияланды: 👉 github.com/computerhistory/AlexNet-Source-Code
    GitHubGitHub - computerhistory/AlexNet-Source-Code: This package contains the original 2012 AlexNet code.This package contains the original 2012 AlexNet code. - computerhistory/AlexNet-Source-Code
    5891221Open in Telegram
  • Digital Dala

    28 May 2025, 05:03

    ✨ Android пен Linux туыс па? Әлде Android-тың түп атасы фотоаппарат болған ба? 🤔Бір сәт елестетіп көріңізші: сіздің қазіргі смартфоныңыздың орнына қолыңызда цифрлық фотоаппарат 📸 тұр, оның ішінде Android жүйесі орнатылған. Иә, дәл сол – WhatsApp емес, Instagram емес, тек суретке түсіру үшін жасалған құрылғы! Себебі бастапқыда Android дәл осы фотоаппараттарға арналған еді. Бірақ бір күні Энди Рубин бастаған топ: «Ой, бұл фотоаппараттар ешкімге керек болмай қалыпты ғой...» – деп, Android-ты телефондарға ауыстырып жіберді. Содан бері бүкіл әлем смартфондар әлеміне айналып кетті. 🌏📲Ал енді қызығы: Android «ішінде» Linux өмір сүреді дегенді естіген шығарсыздар? Шын мәнінде Android-тың жүрегі – Linux-тың ядросы. Бірақ Linux пен Android «туыс» болса да, мінездері мүлде бөлек екі ағайын
    TelegramDigital DalaҚазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
    6468421Open in Telegram
  • Digital Dala

    24 Apr 2025, 22:37

    🔥 Білесіз бе? Face ID мен Insta фильтрлерінің түп негізі – сүтқоректілердің көру жүйесінде жатыр! 👀🤖Бетіңізді телефон неге таниды? Камера затты қалай ажыратады? Бұл — сиқыр емес, сүтқоректілердің көру жүйесіне негізделген жасанды интеллект технологиясы.🧠 Табиғат қалай көреді? Сүтқоректілер (соның ішінде адам да) әлемді былай таниды: Көз жарықты қабылдайды 🟡 Сигнал миға барады (көру қыртысы — Visual Cortex) Алдымен жиек пен сызықтарды, кейін пішіндер мен объектілерді таниды🤖 Ал компьютер қалай көреді? CNN (Convolutional Neural Network) – бұл табиғи көру жүйесінің цифрлық нұсқасы. Ол да дәл осылай үйренеді: 1-қабат – сызықтарды көреді 2-қабат – пішіндерді Соңғы қабаттар – "мысық па, ит пе?" анықтайды
    719156431Open in Telegram
  • Digital Dala

    17 Mar 2025, 12:06

    Сәлем, достар 👋Көктем мезгілі HR-лар үшін науқанды жұмыс болатын кезең 🔈Сол үшін сіздермен 2025 жылдағы Қазақстандағы IT компаниялардың рейтингісі бар зерттеумен бөліскіміз келеді 📈Ал сіз осы зерттеумен келісер ме едіңіз ⁉️
    890file922Open in Telegram