Latest posts

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
18 Sept, 07:41
Ойлаймын да🧐..."Қазаққа айтылар ең пайдалы насихат "Тыныш жүр" болып тұр". Салауат айтуды ұмытпаңыз 😊
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
18 Sept, 01:45
Ниеттің тарылуы ризықты да тарылтады. Алла Құдай бізге ниетті кең ұстауға тауфиқ берсін 🤲 Жұмыңыз мубарак ✋
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
15 Sept, 13:18
Адамдығы лайықты деңгейдегі пенде өзінің жасаған қателіктеріне жаны ауырып, жүрегі қиналады һәм бауырының да қателігі үшін жаны ауырып, жүрегі сыздаса керек. Біреу сүрінгенде қуанатын адамда осы екі қасиеттің біреуі де жоқ шығар, сірә. Бізден терең, бізден зорлардан қалған "Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтн тұяқ жоқ" деген даналық бар. Бүгін біреу сүрінсе, ертең сен жаңыласың. Абайлау керек...
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
13 Sept, 08:03
Ана не үшін қәдірлі?:себебі басында ақ жаулығы бар!
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
11 Sept, 17:25
Саған жала жапса, хауызға дейін сабыр ет.Сені ғайбаттап жатса, хауызға дейін сабыр ет.Сенің ақыңды жеп жатса, хауызға дейін сабыр ет.©️Әдһәм Шәрқауи
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
9 Sept, 00:15
«Кім Алламен арасын түзесе, Алла оның адамдармен және дүниемен арасын түзеп қояды».(Имам Яхья ибн Муғаз)
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
8 Sept, 07:02
Иман – ризық. Көркем мінез – ризық. Салиқалы жар, салиқалы ұрпақ – ризық. Пайдалы ілім, рухани ұстаз, жанашыр дос – бұлардың барлығы да сізге нәсіп болған ұлы ризық.
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
8 Sept, 02:28
Аллаға өте берілген құлдардың бірі : "Жүректің емі бесеу: • Құранды ойланып оқу. • Қарынды бос ұстау (оразамен). • Түнгі құлшылық. • Сәресіде (таң атқанша) дұға ету. • Ізгілермен бірге болу",- деп айтыпты. (Марқұм Бауыржан Әлиұлы жазбасынан)@
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
7 Sept, 07:47
Адам ықыласымен, еңбегімен, ыждахатымен де жете алмаған мақсатына – тек дұғасы арқылы ғана жете алады.©️Шейх Әл-Ғанзи
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
4 Sept, 10:16
“Кісі мұсылман бауырының жәрдемінде болған сайын Алла тағала да ол құлына жәрдем етеді". (Муслим)
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
2 Sept, 17:08
ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН 10 ӘДЕТ Таң намазын уақытында оқы. Күн сайын Құраннан 1 бет оқы. 100 рет истиғфар айт (кешірім сұра). Таңғы және кешкі зікірлерді айт. Күн сайын бір жақсылық жаса. Ғайбат пен өтіріктен аулақ бол. 2 рәкәт нәпіл намаз оқы. Отбасыңа жылы сөз айт. Күніңді есепке тартып, тәубе ет. «Алла үшін не істедім?» деп өзіңнен сұра.
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
2 Sept, 07:56
Адамдардан әрдайым тек жақсылық ізде. Ал жамандығын өздері-ақ көрсете бастайды.©️Әл-Ғәнзи
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
2 Sept, 00:01
Кейбіреулер мақтау естігенді жақсы көреді, бірақ өзінің Алланың алдында масаның қанатындай да қадірі жоқ.Имам әл-Аузағи
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
30 Aug, 12:10
Уа, Раббым! Ризық-несібемізді халал әрі берекелі ет..Көп болса тәкаппар етпе, аз болса үмітсіз етпе.Харамнан сақта, күдіктіден алыстат.
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
27 Aug, 15:49
Біліп қой: жамандық ұмытылмайды, жақсылық жоғалмайды. Сені қанағаттандырған аз нәрсе, көңіліңді алаңдататын көп нәрседен жақсырақ. Және жәбір көрген адамның дұғасынан сақтан.📚Рисалатул мустаршидин
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
27 Aug, 15:49
Той деп шашылды, ас деп шашылды, ар, білім деп дәулет шашарға қай қазақтың қайраты жетеді?!Ахмет Байтұрсынұлы
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
26 Aug, 06:58
Абай хәкім "Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе" деп шарт қойып бастайтын өз-өзіңнен есеп алу-адамдық жолына қадам басқан адамның ең маңызды, ең ұлы істерінің бірі. Шын есеп қылған адам өзіне берілген мейірім, мүмкіндік, нығметтер мен сол мейірімге, сол жақсылықтар мен нығметтерге өз тарапынан берілген жауапты салыстырады. Өз-өзінен шын есеп алған, шынайы есеп қылған адам өзінің ешкім еместігін,адамдықтың қарызы үшін татымды ештеңе де істемегенін мойындайды. Ең алдымен адамдық қарызы үшін, туғаннан аялап өсірген ата-ананың қарызы үшін, әулет, ру, ұлт, адамдық қарызы үшін ештеңе істемегенін мойындайды. Мені құрметтемеді деп ешкімге ренжімейді. Берілмеген сыйлық, алынбаған атақ, бұйырмаған бақ үшін кіжінбейді. Есін жияды. Өзінің жасаған жақсылықтары мен жамандықтарын салыстырады. Бұның бәрін жасау үшін даналықтың нұры, шынайы білім, риясыз адалдық керек. Абай айтқан есептің бір
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
24 Aug, 06:52
Үлкен қарияның баласына айтқан өсиеті: Мына бес нәрсені орындасаң, ұзақ та бақытты өмір сүресің: 1.Арақ ішпе, арақ ішсең, иманың қашады. 2.Садақа беріп жүр, садақа бәлені жейді. 3.Тәубе қылып жүр, тәубе күнәні жейді. 4.Өтірік айтпа, өтірік айтсаң, рызқың кемиді. 5.Уайым ойлама, уайым ойласаң, өмірің қысқарады.
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
11 Aug, 17:52
Бүгінде көптеген “ақыл айтқыш” психологтардың “жүрегіңді тыңда!” деп жүргені — “нәпсіңмен жүр!” дегені. Әр жүрекке құлақ түрілмейді! Жүректің екі түрі болады. Бірі — нұрлы жүрек, екінші — кірлі жүрек! Күнәнің кіріне былғанған жүректен не күтесің?Сосын нұрлы жүректің ымын, ымбалын ұғатын да “құлақ” керек! “Ымды білмеген, дымды білмейді” дейді қазақ нұрлы жүректің үніне құлақ түріп, ұға алмаған адамды. Ендеше, “жүрегіңді тыңда” деместен бұрын, “жүрегіңді тазала” дегеніміз абзал-ау!
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
10 Aug, 17:26
"Әй досым рухыңды биiк ұста, Тән үшiн сүрген өмipдiң рахаты болмайды. Тән үшiн сүрген өмip aзап шектipeдi, Pуx үшiн өмip cүрген ғана рахатқа жеткiзедi"Лев Толстой
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
