gram news

Jas Alash

@jasalashkz

Бізден тек сапалы жаңалық! Парақшаға тіркелуді ұмытпаңыз🤝

ProjectsKKOther

2,189subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Jas Alash

    22 Sept, 12:33

    Қазақстанда жол ережесін бұзған жүргізушілерге балл жүйесі енгізілуі мүмкінІшкі істер вице-министрі Игорь Лепёха жүргізушілерге айыппұлдан бөлек балл есептеу жүйесі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.Мәселен, жылдамдықты 10 км/сағатқа асыруға – 1 балл, бағдаршамның қызыл түсіне өтуге 3 балл есептеледі. Жүргізуші ең көбі 20 балл жинай алады.Егер жүргізуші белгіленген шекке жетсе, оны 6 айдан 1 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру ұсынылады. Одан кейін жүргізуші жол ережесі бойынша қайта емтихан тапсыруы керек.Вице-министрдің айтуынша, бұл жүйе жол ережесін үнемі бұзатын жүргізушілерге бағытталған. Оның сөзінше, тәртіпті жүргізушілерге алаңдауға негіз жоқ.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
  • Jas Alash

    22 Sept, 11:51

    Журналист Думан Мұхамедкәрім карцерде екі рет өзіне қол жұмсамақ болғанСотталған журналист Думан Мұхамедкәрім Қызылордадағы карцерде екі рет өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы оның әкесі Алмаз Тілепов Қазақстанның халықаралық адам құқықтары бюросында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.Оның айтуынша, оқиға 4 қыркүйекте болған. Журналист өз көйлегін пайдаланып, екі рет суицид жасауға әрекеттенген. Осыған байланысты әкесі Бас прокуратураға, Президент кеңесшісі Ерлан Каринге және Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жағдайды тексеруді сұрап өтініш жолдаған.Тілеповтің сөзінше, ұлы бұған дейін өз құқықтарын заңды жолмен қорғауға тырысқан. Мемлекеттік органдарға және Президентке шағым түсіріп, нәтиже болмаған соң аштық жариялаған. Кейін денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге барып, магниттерді жұта бастаған. Соның салдарынан оны бірнеше рет ауруханаға жеткізген.Әкесінің айтуынша,
    6811Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 11:24

    Ұлыбритания Ресейге қарсы соғысқа дайындалып жатырҰлыбритания әскері алғаш рет ауыр торпеданы ұшқышсыз суасты аппараты арқылы ұшырды. Бұл туралы The i Paper жазды.Басылым мәліметінше, сынақтар «Ресей тарапынан күшейіп келе жатқан қауіпке қарсы әрекет ету» мақсатында өткізілген.Торпеда Ұлыбританияның аумақтық суларында АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі 12 метрлік «Эскалибур» суасты дронынан атылған. АҚШ пен Аустралия әзірлеген аппарат кемелер мен тереңсулы сүңгуір қайықтарды жоюға арналған. Ол шамамен 16 мың шақырым қашықтықтан қашықтан басқарыла алады. Қазір дрон сынақтан өтіп жатыр.Торпеданы ұшыру сынағы Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия арасындағы AUKUS қорғаныс серіктестігі аясында жүргізілді.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
  • Jas Alash

    22 Sept, 10:50

    «Сен шейіт болуың мүмкін». Прокурор Мансұр Мовлаевқа Қазақстаннан бәрібір экстрадицияланатынын айтқанҚазақстандағы СИЗО-да отырған шешен белсендісі Мансұр Мовлаевпен прокурор кездескен. Ол белсендінің қандай жағдай болса да Ресейге экстрадицияланатынын айтып, суицид әрекеттері изолятор қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына себеп болуы мүмкін екенін ескерткен. Бұл туралы Мовлаевты қолдау тобы хабарлады.«Бұлай істеме, денсаулығыңа зиян келтірме. Сені бәрібір алып кетеді, бұл саған көмектеспейді. Сенің кесіріңнен біздің қызметкерлер зардап шегуі мүмкін, оларды жұмыстан шығаруы ықтимал. Олардың да отбасын асырауы керек. Мен ол жақта не болып жатқанын түсінемін. Бірақ сен шейіт болуың мүмкін. Бұл – сенің сынағың. Мұны біздің мойнымызға артпа. Біз саған қанша көмектескіміз келсе де, мұнда ештеңе істей алмаймыз», - депті прокурор.Оған Мовлаев қайтадан «азаптау, қорлық пен қорқыныштан
    6611Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 10:36edited

    Түркияда мектеп маңында атыс болды: 11 оқушы жараландыТүркияның Маниса провинциясындағы Тургутлу ауданында мектеп маңында атыс болып, 11 оқушы жараланды. Олардың екеуінің жағдайы ауыр.Оқиға 22 қыркүйек күні таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Түркиялық БАҚ мәліметінше, қарулы адам мектеп маңында оқ жаудырып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті көп ұзамай ұсталды.Алдын ала ақпарат бойынша, шабуыл жасаған адам – осы мектептің 15 жастағы оқушысы. Алайда оның жеке басы мен оқиғаның мән-жайына қатысты ақпарат толық жарияланған жоқ. Интернетте тараған бейнебақылау камерасының кадрларынан мектеп маңында қолында қаруы бар адамның жүргені, кейін оқиға орнынан қашқаны көрінеді.Алғашқы хабарларда зардап шеккендер саны аз көрсетілгенімен, кейінгі мәлімет бойынша жараланғандар саны 11 адамға жеткен.Қазір құқық қорғау органдары шабуылдың себебін анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу
    6021Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 10:15

    «Полиция қызметкерлерінің зейнетақысы көтеріле ме?»: ІІМ жауап бердіҚазақстан Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің зейнетақысын индекстеу мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ІІМ вице-министрі Игорь Лепёха айтты.Оның сөзінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралған. Оның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің зейнетақысына қатысты нормаларды өзгерту мүмкіндігі де талқыланған.«Біз өз ұстанымымызды білдірдік. Қазіргі таңда ішкі істер органдары қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі барлық қызметкерді қанағаттандырады. Сондықтан олардың жағдайын нашарлатуға болмайды», - деді Лепёха.Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселе кейін күн тәртібінен алынып, әрі қарай талқыланбаған.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
  • Jas Alash

    22 Sept, 09:50

    «Балаларды қайта-қайта сүйреп жүрмін»: Астаналық ана оңалту мәселесін көтердіАстаналық екі мүмкіндігі шектеулі баланың анасы балаларын оңалтудан өткізу кезінде бірқатар қиындыққа тап болғанын айтты.Әйелдің сөзінше, №15 емхана бірнеше апта бойы оңалту мәселесін шеше алмаған. Кейін жолдамаларға, қажетті талдаулар тізіміне қатысты мәселелер туындап, медицина қызметкерлерінен әртүрлі ақпарат алған.Балаларын ауруханаға жатқызар алдында анасы барлық мәселені нақтылау үшін Ұлттық балаларды оңалту орталығына (ҰБО) алдын ала барған. Алайда оның айтуынша, орталықтың бөлім меңгерушісіне кіре алмаған.Белгіленген күні балаларды ауруханаға қабылдамаған. Келесі күні отбасы орталыққа қайта шұғыл шақырылғанымен, әйелдің сөзінше, бұл жолы да балаларды жатқызу жүзеге аспады.«Әрбір осындай қателіктің артында екі мүмкіндігі шектеулі бала және оларды медициналық мекемелерге қайта-қайта апаруға
    59video2Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 09:33

    «Жұмыстан тыс уақытта билесін»: Лепеха жұмыстан шығарылған екі тәртіп сақшысы туралы айттыІшкі істер министрі орынбасарының айтуынша, полиция қызметкері адамдарға көмекке келуге, қылмыстың алдын алуға асығу керек.«Полиция жұмыс уақытында билеп, ән айтып тұрса қылмыстың алдын алатынына күмәнім бар. Қызмет кезінде мұндайға жол бермеу керек», - деді Иогарь Лепеха.Айтуынша, екі қызметкерге қатысты істі тәртіптік комиссия қарап, қызметтік этиканы бұзды деген қорытындыға келген.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
  • Jas Alash

    22 Sept, 09:19

    Айыппұлды елемеген жүргізушілер куәлігінен айрылуы мүмкінКөлік жүргізушілері үшін балдық жүйе енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында мәлімдеді.Министрдің айтуынша, айыппұлдарды елемейтін және жол ережесін өрескел бұзатын жүргізушілермен күресу үшін жаңа жүйе әзірленіп жатыр. Балдық жүйе әрбір жол ережесін бұзудың саны мен ауырлығын ескеретін болады.Бұдан бөлек, бірнеше рет және өрескел құқық бұзған жүргізушілердің көлік жүргізу құқығын бір жылға тоқтату ұсынылып отыр.Жол қозғалысы ережелеріне қатысты тиісті түзетулер жақын уақытта Құрылтайдың қарауына енгізілмек.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
    59video21Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 08:33

    👀Әлемде не болып жатыр?🇰🇿 Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты. Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстан құрамасы қоржынына екі медаль түсті. 61 келіге дейінгі салмақта каратэші Әсел Қанай күміс медаль жеңіп алды. Ал ММА спортшысы Санжар Әділов 65 келіге дейінгі (traditional) салмақта қола жүлдеге ие болды.🇪🇺 ЕО Ресей мен Беларуське қарсы санкцияларды үш жылға ұзартпақ. Еуропалық одақ елдерінің тұрақты өкілдері Ресей мен Беларуське қарсы санкцияларды үш жылға ұзартуға келісті. Бұған дейін шектеу шаралары алты немесе 12 ай мерзімге ұзартылып келген. Жаңа мерзім санкцияларды кезекті ұзарту кезінде туындауы мүмкін даулардың тәуекелін азайтуға бағытталған. Сонымен қатар санкциялық тізімнен бірнеше заңды және жеке тұлға, оның ішінде ресейлік миллиардерлер Әлішер Усманов пен Михаил Фридман шығарылды. ЕО
  • Jas Alash

    22 Sept, 07:50

    Бектенов түнде көлікпен шулаған жүргізушілерді қамауды ұсындыІшкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, жолдарда тәулік бойы полиция кезекшілік етеді. Сондай-ақ тұрғындар түнде қатты шулаған жүргізушілерге шағым түсіріп жатады.«Жыл басынан бері мұндай 782 құқық бұзушы анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 55 адам қамауға алынды. Автокөлік пен мотоциклдер айып тұрағына жеткізіледі», - деді министр.Алайда Премьер-министр Олжас Бектенов мұндай жүргізушілерге тек айыппұл салумен шектелмеу керегін айтты. Оның пікірінше, түнде көлікпен шулағандарды қамауға алу қажет.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
    6721Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 07:44

    Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді Президент Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
  • Jas Alash

    22 Sept, 07:24

    Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілдіПрезидент Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
    5921Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 07:20

    АҚШ Гренландияда екі жаңа әскери база ашпақАҚШ Гренландияда екі жаңа әскери нысан ашуды жоспарлап отыр. Оның бірі аралдың оңтүстігіндегі Қырғи қабақ соғыс кезінде пайдаланылған Нарсюак базасының аумағында орналасады. Екіншісі шығыс жағалаудағы Местерсвигте құрылады. Қазір бұл жерде шана иттерін пайдаланатын Данияның «Сириус» патрульдік қызметі орналасқан.Reuters агенттігінің хабарлауынша, тиісті келісімге сейсенбі күні Нью-Йоркте қол қойылуы мүмкін.Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Гренландиядағы америкалық бақылауды күшейтуге ұмтылысына байланысты бірнеше айға созылған шиеленістен кейін қабылданып отыр.Бұған дейін Гренландияда АҚШ-тың 17 әскери нысаны болған. Қазір олардың ішінен Питуффик ғарыш базасы ғана жұмыс істеп тұр.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
  • Jas Alash

    22 Sept, 06:50

    Қазақстаннан Ресейге әскери техника жіберіле бастады24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресейде «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» атты әскери оқу-жаттығулар өтеді. Осыған байланысты 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстаннан Ресейдің Челябі облысындағы Мисящ станциясына әскери техника мен жеке құрам жеткізіліп, оқу-жаттығу аяқталған соң кері қайтарылады.Жаттығу барысында әскери қызметшілер далалық дайындықтан өтіп, бөлімшелерді басқару, саптық дайындық және түрлі тапсырмаларды орындау дағдыларын пысықтайды. Бұл оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери даярлық жоспарына сәйкес өткізіледі.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
    583211Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 06:20

    Еуроодақ Ресей мен Беларуське қарсы санкцияларды үш жылға ұзартуға келістіЕуропалық одаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері Ресей мен Беларусьтің жеке және заңды тұлғаларына қатысты санкцияларды тағы үш жылға ұзартуды мақұлдады. Бұл туралы дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасаған Чехияның қоғамдық телеарнасы хабарлады.Тиісті шешім 21 қыркүйекте Брюссельде өткен ЕО елдері тұрақты өкілдерінің отырысында қабылданған. Енді келісім ресми түрде бекітілуі үшін жазбаша рәсімнен өтуі қажет.Бұған дейін Ресей мен Беларуське қатысты санкциялар негізінен алты ай немесе бір жылға ұзартылып келген. Жаңа келісім қабылданса, шектеу шараларының қолданылу мерзімі айтарлықтай ұзармақ.Санкциялар Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты енгізілген шараларды және Беларуське қатысты ЕО шектеулерін қамтиды.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
  • Jas Alash

    22 Sept, 05:50

    Рудныйда әйел бесінші қабаттан кафе шатырына құлап кеткенРудный қаласында әйел бесінші қабаттағы терезеден құлап, үйге жапсарлас орналасқан кафе шатырына түскен. Зардап шеккен әйел тірі болған.Оқиға 50 жыл Октябрь көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Құтқарушыларға бесінші қабаттағы терезеден әйелдің құлап кеткені туралы хабарлама түскен.Оқиға орнына келген құтқарушылар әйелді шатырдан қауіпсіз түсіру үшін арқан мен зембілді пайдаланған. Зардап шеккен әйел төменге түсірілгеннен кейін оны жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
    62video2Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 05:20

    CNN, MS NOW және Politico Трамп әкімшілігін Ақ үйге кіруге тыйым салғаны үшін сотқа бердіCNN, MS NOW және Politico бұқаралық ақпарат құралдары Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа жүгінді. Бұған аталған басылымдардың журналистеріне Ақ үйде жұмыс істеуге қойылған шектеулер себеп болған.CNN мәліметінше, журналистердің аккредитациясы алдын ала ескертусіз жойылған.Бұған дейін Дональд Трамп CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үйде жұмыс істеуге тыйым салғанын мәлімдеген. Ол бұл БАҚ-тарды «жалған жаңалықтар» таратты деп айыптаған. Трамп журналистердің қалағанын жазуына болатынын, алайда Ақ үйге кіргізуге міндетті емес екенін айтқан. АҚШ президенті Ақ үйдің еркін баспасөзге қарсы емес екенін, өзі «жалған жаңалықтар» деп атайтын ақпаратпен күресіп жатқанын мәлімдеді.«Ақ үй мен бағалайтын еркін баспасөзге шабуыл жасап жатқан жоқ. Ол сүйікті Америкамызда қатерлі ісік секілді өршіп
    6011Open in Telegram
  • Jas Alash

    22 Sept, 04:50

    Израильде сайлау қарсаңында саяси күрес күшейді: Нетаньяху тағдыры таразыдаИзраильде алдағы 27 қазанда өтетін Кнессет сайлауы премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға деген сенім мәселесі бойынша іс жүзіндегі референдумға айналуы мүмкін.Сайлауға 38 саяси тізім қатысып жатыр. Сонымен қатар Иранға қатысты жалғасып жатқан соғыс пен қоғамдағы ішкі жіктелу саяси ахуалды одан әрі күрделендіріп отыр.Саясаткерлер әлі алынбаған мандаттарды бөлісіп қойғанымен, сауалнамалар оңшыл блокқа да, оппозициялық «Өзгерістер лагеріне» де оңай жеңісті болжап отырған жоқ.Израильдің күрделі сайлау жүйесінде кімнің басымдыққа ие болатыны тек көшбасшылардың танымалдығына ғана емес, радикалды, араб және ультраортодоксалды партиялардың өзара ымыраға келу қабілетіне де байланысты болады.Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻 TikTok | Instagram | Сайт
  • Jas Alash

    22 Sept, 04:20

    «Охотзоопром» филиалының басшысы 5 млн теңге алып жатқан жерінде ұсталды Батыс Қазақстан облысындағы «Охотзоопром» филиалының басшысы Арман Қожахметов 5 млн теңге алып жатқан жерінде ұсталған. Бұл туралы Қоғамдық кеңес мүшесі Бауыржан Зәки әлеуметтік желідегі
    7021Open in Telegram