gram news
aldarqatar channel avatar

aldarqatar

@jylagannannetaptyn

жарнама және ұсыныс бойынша: @zhalgastyr

ProjectsKKOther

6,640subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • aldarqatar

    14 Sept, 18:23

    Алматыда ең үлкен “кітап жәрмеңкесі” өтеді дейді ғой…🚀
    1,19027148322Open in Telegram
  • aldarqatar

    13 Sept, 10:43

    Бұзықтар өледі Пышаққа құлшынып. Сұлулар өледі Құшақта тұншығып.
    1,44067174332Open in Telegram
  • aldarqatar

    5 Sept, 13:34

    Мен үшін уайым жұтқан жүрегіңді, Мен үшін түнеп өткен түнегіңді, Түндерде дұға қылған тілегіңді, Ақтауға ұмтыламын, Ана, сенің, Көргенде білезіксіз білегіңді.Қия сап ең аяулы арманыңды, Мен үшін кешіп өткен жолдарыңды, Мен үшін ерте гүлдеп, солғаныңды, Ақтауға ұмтыламын, Ана, сенің, Ойласам, ауыл жақта қалғаныңды.Мен үшін ас татпаған сәттеріңді, Мен үшін шалдыққаның, шөккеніңді, Жазыңды, жалғаспаған дәптеріңді, Ақтауға ұмтыламын, Ана, сенің, Ойласам, күзге айналған көктеміңді…🌻💛
    2,550907631Open in Telegram
  • aldarqatar

    3 Sept, 19:47

    Күз жетсе, сені іздеп қала беремін. Аспаннан, таулардан… тіпті, мен мұңайып, сыр шертетін тұмса бұлақтың әр сылдыры сенің дауысың боп естіледі. Ал күздің самалы сен болып өбеді.…Сен көктем едің ғой?🍁
    2,000251932Open in Telegram
  • aldarqatar

    24 Aug, 21:40

    Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес.
    2,760391621Open in Telegram
  • aldarqatar

    23 Aug, 08:50

    Сайлауында ғана “Әділет” бар мемлекет сияқтымыз.
    3,15047272162Open in Telegram
  • aldarqatar

    22 Aug, 14:26

    Құнанбайдың жас жігіт Абайға үлкен сенім арта отырып, «ата салтынан адаспа, балам» дегенін қалай ұмытамыз?☀️Әкесінің Абайға таққан үш түрлі міні мынау: «Ең әуелі - сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды. Екінші, кім көрінгенге жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Елді алатын қылық ол емес. Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың», - депті. Оған Абайдың жауабы: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін... Орысшылсың дегенге: «Заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білу керек. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі аламын» депті.Мұхтар Әуезов «Абай жолы»
    2,960222132Open in Telegram
  • aldarqatar

    20 Aug, 11:28

    Адам ғана емес, адамзат та өліп бара жатыр.
    2,440372012432Open in Telegram
  • aldarqatar

    19 Aug, 19:18

    Абайды Абай еткен – қазақ.
    2,5705614421Open in Telegram
  • aldarqatar

    8 Aug, 00:04

    Өз-өзіңді өлтіру ме, әлде бір кесе шай ішу ме деген ой туса, әрқашан шай іш.
    4,110839542Open in Telegram
  • aldarqatar

    4 Aug, 15:09

    Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапты, Ортаймапты немесе тола алмапты. Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты
    4,640752612931Open in Telegram
  • aldarqatar

    2 Aug, 02:24

    Ақтарсам сезіміңнің бар әлемін, Ыстығынан күшіңнің жанар едім. Сен жайлы ойларымды өртесем мен, Өзімді де өртеген болар едім…🌻
    3,710413276Open in Telegram
  • aldarqatar

    27 Jul, 00:23

    Ай алыс болғаны үшін ғана сүйкімді шығар
    4,450604219443Open in Telegram
  • aldarqatar

    25 Jul, 18:33

    “Есіктің бірі жабылса, басқасы ашылады. Әйтсе де, біз көбіне жабылған есікке ұзақ уақыт бойы өкінішпен қарап тұрамыз да, қай есіктің ашылғанын байқамай қаламыз”.Мәуләнә Руми🌻
    4,3808114631Open in Telegram
  • aldarqatar

    25 Jul, 15:32

    Жарымның мені сүйген көзінен басқа адамға ғашық екенін байқап жүрмін.#қысқаәңгіме
    3,720621321Open in Telegram
  • aldarqatar

    23 Jul, 21:01

    Сол кеште екеуміз де ерекше күйге ендік. Күздің кешкі жұпары қандай ғажап! Сарғайған жапырақтарға көз салып, қызыға қарап келеміз. Кенет кідіріп:– Сен ерте үзілмеші –, дедім мен. – Жапырақ естімейді ғой сені – деп жымиды ол.Мен бірақ жапыраққа айтпаған едім.#қысқаәңгіме
    3,7004723441Open in Telegram
  • aldarqatar

    23 Jul, 20:16

    – Ата-ау, сіздің достарыңыз жоқ па? – Бар ғой, шақырады, мен өзім бармай жүрмін, құлыным…#қысқаәңгіме
    3,01060155321Open in Telegram
  • aldarqatar

    21 Jul, 10:16

    Сені ең көп жылататындар – ең жақын адамдар.
    3,57059435421Open in Telegram
  • aldarqatar

    19 Jul, 13:16

    Күні кеше жаңа жасқа толдым. Өзім осы арнаны 15 жасымда ашқан екенмін. Не мақсатпен ашсам, қазіргі бағытым да сол. Жұртқа пайдалы болсам деген жалғыз түйір ниеттің туып, тулағанына бағы бес елі 5 жыл толса керек. Көңілімдегі күрен, жүрегімдегі жүдеу ойларым осында дүниемен сәлемдесті. Осында өсіп, сүйікті оқырмандарымды таптым. Жырладым. Дәрменім жеткенше жаздым. Оған куә – өздеріңіз.Енді тек қайта оралу қалды. Күтіңіздер🌻☀️
    3,640713111533Open in Telegram
  • aldarqatar

    17 Jul, 18:37

    Темірді өз тотығы жейді.
    3,7503817731Open in Telegram