gram news
Жазушы - كاتب channel avatar

Жазушы - كاتب

@kaatib0

Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер. Арнайы бір бағытта емес. Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Анонимдік байланыс: t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18

ProjectsUKOther

6,620subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Жазушы - كاتب

    21 Sept, 11:19edited

    Алламен нәзірі хит болып жатыр ғой. Байлық үшін. Иә, рұқсат бірақ бұл қауіпті. Ертең уәдесін беріп алып, сараң болып кетсе, міне осы жерде сынақтың көкесі болады. Айтпағым, байлық сұрамаңдар емес. Абай болу керек.
    4321597Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    18 Sept, 05:11edited

    Ақыретте кедейлер байлардан бұрын Жәннатқа кіреді деген хадисті кейбір атеистер мұсылмандардың кедей болуына дәлел етеді. Бұл негізі дәлел емес. Алайда хадистің түпкі мағынасы әрбір адамның дүниесін қайдан тапқаны және қайда жұмсағаны туралы сұралады. Байлар әрбір тиынына жауап беретіндіктен, олардың есебі көп уақыт алады. Ал кедейлерде ондай байлық болмағандықтан, олардың есебі мұншалықты көп уақыт алмайды.Опшым, байлық қайда кетті ата-ана, туыс-бауыр, қатын-балашаға, любовница, боди, ставка(
    911265Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    17 Sept, 06:56edited

    Егер әйелі кофе қаласа, ханбали мәзһабы бойынша күйеуі алып беруі міндет (уәжіп) деген есіме түседі, әр кофе ішкен сайын. Бұл есіме түскеннен кейін Ибн Қудама әл-Ханбалидің: “Әйелге қажет болған барлық тағамы мен сусыны күйеуі алып беру міндет” деген сөзі де есіме түседі. Енді біз ханбали емес, ханафи болсақ та, әйеліңнің ішкісі, жегісі келгенін алып бергенің, жерік болсада қажеттісін алып бергенің нұр үстіне нұр. Алайда біздің ханафиде де әйелін, отбасын қамтамасыз ету - міндет (уәжіп) 😀😎
    9424254Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    15 Sept, 04:50

    Жаның қысылса да, жүрегіңдегі иманды өшірме.
    94736321Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    14 Sept, 21:09edited

    ‎لا تقارن زوجتك بغيرهاӘйеліңді басқа әйелдермен салыстырма.‎هَمْسَةٌ فِي أُذُنِ زَوْجَيْنِ 📕Һамсатун фи узуни заужайн
    1,050362Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    14 Sept, 21:04edited

    Әйеліңді әдейі қызғандырудан сақтан. Оған анда-санда басқа әйелге үйленетініңді айтып немесе басқа әйелге көз салып, қызғанышын қоздырма.هَمْسَةٌ فِي أُذُنِ زَوْجَيْنِ 📕Һамсатун фи узуни заужайн
    9632621Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    13 Sept, 18:30

    Ит пен мысықтай болатын ерлі-зайыптыларды Алла кешірсін.Ұрысып алып, артынша дым болмағандай сөйлесіп, ойнап кететіндерге Алла разы болсын. 😄
    1,04030551Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    13 Sept, 09:55

    Бірәз жігіттерде rejection aggression екен. Қыздан “жоқ” сөзін естісе ……. Көтере алмай боқтап, білгенін істеп кетеді.Кейбір психолог мамандарының айтуынша, ата-аналары сәби кезінен көп нәрседен шектен тыс шектей бергеннен болады. Содан фрустрация, агрессия туындай береді екен. Ішке жиналып.Rejection aggression - қабылданбаудан (бас тартудан) туындайтын агрессия.Frustration (фрустрация) - қалаған нәрсе орындалмай, кедергіге тап болғандағы ішкі реніш, ашу, күйзеліс.
    1,0901332Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    9 Sept, 18:49

    Радикализмге қарсы тұруымыз керек дейді қоғам да, билік те. Дұрыс. Бірақ ниеттері дұрыс болғанымен, істеп жатқан әрекеттері дұрыс емес. Қоғамның радикализмге қарсы тұру үшін білім керек. Бір саланы түсіну үшін сол саланы оқисың. Ал біздің қоғам дінді оқымай, діндегі радикализмге ешқашан дұрыс қарсы тұра алмайды. Мысалмен айтқанда, қамыстың бетін орып, тамырын қалдырғанмен бірдей. Сондықтан оқып, сабақ алу керек.Дінді білмеген қоғам ақ пен қараны ажырата алмайды: кімнің расымен радикал, кімнің модернист, кімнің либерал, кімнің дәстүрлі бағытта екенін ажырата алмай, соқыр күйде өте береді. Тек эмоцияға беріліп, өзіне ұнамаған адамды “радикал” деп шығарып, ал нәпсісіне ұнаған модернисті “білімді” деп қабылдап кетеді. Бұл - радикализммен күрес емес. Бұл - білімсіздікпен күресе алмай, бір соқырлықтан екіншісіне өту.
    1,420141291Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    8 Sept, 19:45edited

    Атеистердің, исламофобтардың дінге күйе жағып жатқанын көріп, айтысқа кірісіп кететінім бар. Осы бойымдағы үлкен кемшіліктің бірі негізі. Орысша айтқанда, «вспыльчивость» дейді ғой. Салынып қаламын кейде. Әйтеуір барынша Бауыржан Әлиұлы ұстаздың сөзін еске алып, айтыспауға тырысамын. Оның сөзі: айтысудың қажеті жоқ. Тып-тыныш ілім ізденіп, шәкірт тәрбиелеген жақсы деген.. Алла рақымына бөлесін. Шәкірт тәрбиелемесек те, қолдан келгенше оқып, ұстаздарды барынша қолдағанымыз әлде қайда жақсырақ.
    1,1903382Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    8 Sept, 05:38edited

    “Алла елшісі Мұхаммад пайғамбар (ﷺ) дұға еткенде, бір нәрсені сұрағанда, үш реттен қайталайтын”.📕 “Әбу Дәууд, ас-Соләт, 361”Telegram channel ЖАЗУШЫ#архив
    1,170371Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    6 Sept, 18:57edited

    3 хадиске қатысты, қысқа әрі нұсқа түсініктеме.1. Зинақорлардың өмірі қысқа болады деген хадис бар. Мағынасы - өмірі берекесіз, тез өтіп кеткені жайлы айтылған.2. Жұмаққа байлардан кедейлер бұрын кіреді. Негізі, сұрақ-жауап кезінде байлар ұзақ тұрып қалады. Байлық иесінен: “Қайдан таптың, қайда жұмсадың?” деген секілді сұрақтар сұралады. Ал кедейлерден байлығы болмағандықтан, сұрау аз болады. Бірақ бұл хадис, мұсылманға кедей болу керек дегенге дәлел емес.3. Түйенің зәріне қатысты. Кезінде бір тайпа болған. Оларда сондай бір ауру тараған, ешқандай емі жолы болмағандықтан, Пайғамбарымыз ﷺ түйеге шұбат қосып ішуді айтқан. Алайда бұл барлық үмбетке қатысты емес. Ол тек белгілі бір тайпаға қатысты болған. Зәрулік жағдайға байланысты.
    1,27017102Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    30 Aug, 19:47

    Елмен, әсіресе атеистермен айтысқаннан гөрі, айтыспаған жақсы. Ең дұрысы - Бауыржан ұстаздың позициясын ұстану. Яғни шәкірт тәрбиелеу. Болашақта ұстаз боламын дегендерге жақсы ой. Және де сол ұстаздарды қолдау.
    1,4604361Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    27 Aug, 16:12edited

    Қазақта “Қайтып келген қыз жаман” деген сөз бар ғой.Ал мына хадисте: қайтып келген қызыңа/қарындасыңа жақсылық жасау - ең жақсы садақалардың бірі екені айтылған. Яғни, оған жақсылық жасап, көмек беруіміз керек. Себебі оған қамқор болатын өзіңнен басқа ешкім жоқ.Негізі, мақалға қайшы емес пе?!?!🤭Кеше бір ұстаздың видеосынан көріп қалдым осы хадисті. Ақпарат ретінде бөлісіп жатқаным ғой.
    1,9403718Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    27 Aug, 15:37edited

    Әндай боттар бір пәле болды ғой)
    1,4308111Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    27 Aug, 15:29

    Арнаны дұрыстап қолға алармын, ин шәә Аллаһ.Жұмыс, жұмыс деп, тегі бір болып кетті.
    1,470162Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    24 Aug, 20:13edited

    Зікір, дұға етіп отқан жандар, қабыл болсын!
    1,5704531Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    19 Aug, 18:35

    Барлық ерлер, барлық сақалдылар сондай қылмыскер дегенде көңілге тиеді екен
    2,02018113Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    18 Aug, 18:26

    Қазақ сақалды жігіттерді және барлық қазақ жігіттерді бірдей қылмыскер етіп көрсету дұрыс емес. Барлығын бірдей деу – жазықсыздардың да ақысына кіру. Бірақ бір қызығы, кейбір әйел қауымы қазақ жігіттеріне келгенде “бәрі сондай” деп жалпылайды, ал Грузин, Түрік, Орыс, Араб, Серб, Тай сияқты ұлттардан қазақ тапқан қыздарға келгенде мәселені ұлттан көрмей, “таңдауы сәтсіз болды, ұлттың жаманы жоқ” деп қана қоя салады.#өкінішті
    2,04022541Open in Telegram
  • Жазушы - كاتب

    18 Aug, 18:13

    Әсіресе тердсе халық жауы болып кетесің))
    1,550821Open in Telegram