gram news
Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿 channel avatar

Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

@kazwrest

Қазақстан күрес федерациясының ресми телеграм парақшасы

ProjectsKKSports

4,993subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    16 Sept, 12:56

    https://youtu.be/CGd4DelEPEI?si=UPPZLob7fLa4DA-Y
    YouTubeСұхбат І Еркін ОқасовQazaqstan TV мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз: AppStore - https://goo.gl/Dh8dum Google Play - https://goo.gl/BAqGsc ОНЛАЙН: https://qazsporttv.kz/kz/live Instagram: https://www.instagram.com/qazsport_official/ Vkontakte: https://vk.com/qazsporttv Facebook:…
    1,28052Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    10 Sept, 11:40

    Ақмола облысының орталығы - Көкшетау өаласындағы №1 облыстық Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жаңа шағын автобус табысталды.Шараға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионатының жүлдегері Андрей Самохин, спорт мектебінің директоры Курейш Арчаков және Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Еркебұлан Шаймұратов қатысты.Ақмола облысында күрес түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Облыс әкімі Марат Ахметжановтың қолдауымен спортшылардың дайындығына қажетті жағдай жасау, спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және жас балуандарға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.Бұл жұмысқа Қазақстан күрес федерациясы да белсенді атсалысып келеді. Атап айтқанда, федерация төрағасы Еркін Оқасов өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер күресін
    2,3402111Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    10 Sept, 11:38

    Жетісу облысында өткен жалпы жиын барысында федерацияның жаңа басшысы таныстырылып, өңірде күрес түрлерін одан әрі дамытуға қатысты негізгі бағыттар талқыланды.Бауыржан Қиялбеков - іскер азамат, кәсіпкерлік және басқару саласында тәжірибесі бар маман, «Қолдау-Жетісу» ЖШС-нің директоры қызметін атқарады.Жаңа төрағаның алдында балалар мен жасөспірімдер күресін дамыту, жаттықтырушылар мен спортшыларға қолдау көрсету, оқу-жаттығу үдерісінің сапасын арттыру, спорт мектептерімен байланысты күшейту және ұлттық құрама резервін толықтыратын бәсекеге қабілетті балуандар даярлауға жағдай жасау міндеттері тұр.Жетісу облысы - еліміздегі күрес дәстүрі қалыптасқан өңірлердің бірі. Жаңа басшылықтың тәжірибесі мен ұйымдастырушылық мүмкіндігі облыстағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінің дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.Қазақстан күрес федерациясы Бауыржан Рысбайұлын жаңа қызметімен
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    10 Sept, 11:38

    Министрлікте өткен кездесу барысында маңызды құжатқа Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қол қойды.Меморандум жоғары оқу орындарында күрес түрлерін жүйелі дамытуға, студенттік спортты қолдауға және жас спортшылардың білім мен спортты қатар алып жүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Кездесудің барысында Еркін Қадырғалиұлы бұл ынтымақтастықтың студенттік күрестің дамуына серпін беріп, жас спортшылардың спорттық жолын жалғастыра отырып, жоғары білім алуына және болашақ кәсіби мансабын қалыптастыруына мүмкіндік беретінін атап өтті.Ынтымақтастық аясында күрес түрлері бойынша студенттік лиганы дамыту, жоғары оқу орындары арасында тұрақты жарыстар өткізу, университеттерде күрес клубтарын ашу, сондай-ақ білім беру және спорт саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.Бұл бастама спорт ғылымы,
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    10 Sept, 11:36

    Құрметті достар, назарларыңызға Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында бақ сынайтын балуандардың тізімін ұсынамыз.Бәсі биік додада келесі спортшылар ел намысын қорғайды:Грек-рим күресі 60 келі. Ернұр Фидахметов 67 келі. Мейіржан Шермаханбет 77 келі. Демеу Жадыраев 87 келі. Шамиль Ожаев 97 келі. Ислам Евлоев 130 келі. Олжас СырлыбайЕркін күрес 57 келі. Нұрданат Айтанов 65 келі. Начын Куулар 74 келі. Нұрқожа Қайпанов 86 келі. Азамат Дәулетбеков 97 келі. Ризабек Айтмұқан 125 келі. Едіге Қасымбек
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    10 Sept, 11:34

    Алматы қаласындағы Kazast Team жекпе-жек мектебінде 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу белдесуі өтті.92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жолдаманы Камиль Круглиев пен Бейбарыс Қасымбек сарапқа салған болатын.Тартысты өткен белдесуде Камиль Круглиев қарсыласы Бейбарыс Қасымбекті 3:1 есебімен жеңіп, U23 жастар арасындағы Әлем чемпионатына жолдама алды.Белдесу барысында Бейбарыс Қасымбек пассивтілігі үшін 1 ұпай алды. Ал Камиль Круглиев қарсыласын кілемнен шығарғаны үшін 1 ұпай және қарсыласының пассивтілігі үшін тағы 1 ұпай еншіледі. Сонымен қатар, Бейбарыс Қасымбектің челленджі сәтсіз аяқталып, Камиль Круглиевке қосымша 1 ұпай берілді.Айта кетсек, U23 жастар арасындағы Әлем чемпионаты АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Камиль Круглиев аталған дүбірлі додада 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды.
    1,04073Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    10 Sept, 03:00

    1,15044Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    10 Sept, 02:59

    Жетісу облысының Талдықорған қаласында Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы еркін күрестен республикалық турнир өз мәресіне жетті.Жеңімпаз-жүлдегерлер:57 кг І орын – Сакен Құдайқұл (Солтүстік Қазақстан облысы) ІІ орын – Ибрахим Ысқақбек (Алматы қаласы) ІІІ орын – Бақтияр Шопан (Павлодар облысы) ІІІ орын – Нұрахмет Серік (Алматы облысы)61 кг І орын – Мерей Базарбаев (Алматы қаласы) ІІ орын – Мықтыбек Укиметұлы (Жетісу облысы) ІІІ орын – Нұрдәулет Маратұлы (Қызылорда қаласы) ІІІ орын – Дамир Қали (Алматы облысы)65 кг І орын – Елдос Үсен (Алматы қаласы) ІІ орын – Елнар Жангазы (Жетісу облысы) ІІІ орын – Бекнұр Қойшыбай (Атырау облысы)
    1,44032Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    4 Sept, 12:44edited

    СУМО АҢЫЗЫ ХАКУХО СЁ ҚАЗАҚСТАН КҮРЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫНДА ҚОНАҚТА БОЛДЫЖапон сумосының тарихында есімі ерекше аталатын 69-шы ёкодзуна Хакухо Сё Қазақстан күрес федерациясында қонақта болды.Құрметті мейманды федерация төрағасының кеңесшісі Айтуған Тәжімұратов пен бас хатшының міндетін атқарушы Гүлбарам Құлахметова қарсы алып, ұйымның жұмысымен таныстырды. Хакухо Сё федерацияның кеңсесі мен мұражайын аралап, Қазақстан күрес академиясының қызметі туралы ақпарат алды.Кездесу барысында сумошы қазақстандық жас балуандармен жүздесіп, спорт, дайындық жүйесі және күрес мәдениеті төңірегінде пікір алмасты. Шара барысында федерация басшылығы мәртебелі қонаққа федерацияның төрағасы Еркін Оқасовтың атынан төсбелгі мен естелік кәдесыйларды табыстады.Хакухо Сё – кәсіби сумо тарихындағы ең нәтижелі балуандардың бірі. 2001 жылы кәсіби сумодағы алғашқы белдесуін өткізген ол 2007 жылы, небары 22 жасында
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    4 Sept, 12:44

    1,6602111Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    3 Sept, 13:17edited

    Таныс болыңыздар — «Мұзбалақ»! 🦅Астанада өтетін күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми бойтұмарын назарларыңызға ұсынамыз!«Мұзбалақ» — еркіндік пен айбынның, қайсарлық пен биік мақсатқа ұмтылыстың символы. Оның қуаты, шапшаңдығы мен өр мінезі күрес кілеміндегі нағыз балуанның болмысымен үндеседі.Чемпионат күндері «Мұзбалақ» спортшыларға жігер беріп, жанкүйерлермен бірге доданың ерекше атмосферасын қалыптастырады.Күрес рухын бірге сезінейік! «Мұзбалақ» сіздерді әлем чемпионатында күтеді!📍 Barys Arena 📅 2026 жылғы 24 қазан – 1 қараша 🎟 Билеттер Яндекс Афиша сайтында
    1,65053Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    3 Sept, 13:17

    1,420521Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    3 Sept, 06:07

    ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ — ЖАҢА МҮМКІНДІКПЕН Шымкентте жаңа күрес залы ашылдыЖаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласындағы №149 «Келешек» мектебінің оқушылары үшін жаңа күрес залының есігі айқара ашылды.Салтанатты шараға Қазақстан күрес федерациясының бірінші орынбасары Дархан Сәрсенов, қалалық спорт және білім басқармаларының өкілдері, спорт жанашырлары, федерация өкілдері мен жаттықтырушылар қатысты.Жиында сөз алған Дархан Нұрмаханбетұлы оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасовтың ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ Федерация атынан мектеп басшылығына жаңа күрес кілемінің сертификатын табыстады.Жаңа зал мектеп оқушыларына сабақтан кейін алысқа бармай-ақ, өз білім ордасында күреспен тұрақты айналысуға мүмкіндік береді. Бір бала үшін бұл — спортпен алғашқы таныстық болса, енді бірі үшін болашақтағы үлкен жеңістерге
    1,700711Open in Telegram
  • Kazakhstan Wrestling Federation 🇰🇿

    3 Sept, 06:07

    1,430411Open in Telegram