Latest posts

MAKTUBAT | Діни Кітапхана
18 Sept, 06:32
📌 «Естіген нәрсемнің бәрін жаздым. Жазғанымның бәрін жаттадым. Жаттағанымның бәрі маған пайда берді.»✍️ ғұламалардан
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
15 Sept, 04:58
Ибн Хазм:«Егер жетістікке тек көп оқу мен көп ізденудің арқасында жетуге болатын болса, әрдайым сенен де білімдірек біреу табылар еді.
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
10 Sept, 05:30
📍 «Екі адам босқа еңбек етті: бірі жинады да пайдаланбады, екіншісі үйренді де қолданбады.»✍️ Сағди Ширази
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
6 Sept, 02:53
«Мағынасын түсінбей оқылған нәрсені өмірде жүзеге асыру мүмкін емес.»
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
4 Sept, 16:20edited
⚡️АКЦИЯ АЯҚТАЛУЫНА 3 САҒАТ ҚАЛДЫ…!
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
4 Sept, 09:53edited
⚡️МӘУЛІТ АЙЫНА ОРАЙ!🔴 Атақты ФИҚҺУС-СИРА кітабын небәрі 1000 тг-ге сатып алыңыз!Әйгілі ғұлама, “Мінбердің Шәһиді” Рамазан әл-Бутидің (Алла рақым етсін) әлемдердің Мырзасы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ жайлы 700 беттік еңбегі - сира кітаптарының төресі һәм бірегейі.Кітап стилі мен мазмұны жағынан өзге сира кітаптарынан шоқ биік тұрады. Ислам оқу орындпрында бұл кітаптан дәрістер өткізіледі.🔺 PDF кітап (қазақша/орысша) - 1000 тг.▪️Каспи Голд: 4400430076499687▪️Чек жіберу: @mustagan


MAKTUBAT | Діни Кітапхана
3 Sept, 07:05
📋 Түріктерде керемет бір сөз бар: «Kitaptan değil, kitapsızlardan korkmalıyız.»📌 «Кітаптан емес, кітапсыз адамдардан қорқуымыз керек.»
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
31 Aug, 04:07
Әбу Насырдың кітап оқу арқылы ұстаз атану себебі: 🔹 Аристотельдің «Метафизикасын» — 40-тан астам рет;🔹«Жан туралы» («On the Soul») еңбегін — 100 рет;🔹 «Риторикасын» — 200 рет оқыған, қайталаған.
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
29 Aug, 06:15
Кітап сатушы дүкеніне бір кісі келіп:🧔🏻♂️: Маған тез оқылатын, жеңіл кітап беріңізші, — дейді.Сатушы бір кітап ұсынады. Әлгі кісі кітапты қолына алып:🧔🏻♂️: Бұл қанша уақытта оқылады? — деп сұрайды.— Егер шынымен қызықсаңыз, бір түнде оқып шығасыз, — дейді сатушы.Кісі ойланып тұрып:— Ал қызықпасам ше?Сатушы күлімсіреп:— Онда бір жыл бойы қолыңызда жүреді, — дейді.
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
27 Aug, 04:12
Қыз жасауына кітап қосу соңғы кезде әдемі бір дәстүрге айналып келе жатыр. 🤍Бұл үрдіс — жәй ғана сәндік үшін емес. Жасауға киім-кешек, ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттармен қатар кітап қосу — қызға берілген ең мағыналы сыйлықтардың бірі. Өйткені дүние-мүлік ескіреді, ал кітаптан алған білім мен тәрбие адамның өмір бойына азық болады.Қыз жаңа шаңыраққа аттанғанда, сөресінде әдемі кітаптары тұрса, әр ашқан сайын бір жақсы ой, бір насихат, бір естелік алып отырады. 📚🤍
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
26 Aug, 13:27



MAKTUBAT | Діни Кітапхана
25 Aug, 07:44
«Білім — жүрекке түскен нұр. Ал Алланың нұры күнә жасаушы жүрекке қонбайды»
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
15 Aug, 00:36
Мәуліт айы💡 Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ Рабиғул-әууәл айында дүниеге келген.🌙 Мәуліт айында ұсынылатын кітаптар📌 Құран оқу, мағынасын түсінуге тырысу.📌. Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаянын (сира) оқу.📌 Оның ﷺ мінезі мен сүннеттері туралы оқу, күнделікті өмірде қолдану.📌 Пайғамбарымыз ﷺ-дың сахабалары мен отбасына қатысты өмірін оқу.📌Мұғжизалар туралы оқу.📌 Алла Елшісі қатысқан соғыстар туралы оқу.📌 Алла Елшісінің некедегі әдебі, амалдары, өзін ұстауы жайлы оқу.
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
12 Aug, 06:24
«Таңғы уақыт — білім алуға ең көркем уақыт. Адам ұйқысын қандырып, таңмен бірге оянып, Раббысына құлшылық етіп, кейін білімге отырса, жүрегі де, ойы да жинақы болады. Уақыттың берекесі — оның көптігінде емес, аз уақыттың пайдалы өтуінде.»
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
10 Aug, 02:13
forwarded from @beisenaliolzhas

MAKTUBAT | Діни Кітапхана
9 Aug, 05:17edited
«Балам ақылды болсын десең, ертегі оқы. Егер, ғұлама болсын десең, онда көп ертегі оқы»
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
6 Aug, 06:15
💡 Өзіңді өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.Расул Ғамзатов
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
3 Aug, 05:16
«Жақсы кітаптар оқу – өткен замандардың ең жақсы адамдарымен әңгімелесу деген сөз, онда да әлгі адамдар бізге өзінің тек қана ең жақсы ойларын айтып беретін әңгімелесу.»Р. Декарт
MAKTUBAT | Діни Кітапхана
29 Jul, 05:53
Джон Милль философ-утилитаристБұл мырза әлемдегі ең мықты данышпандар тізімінің 90-орнында тұр. Ол кітап оқығанда бір бетті бірден көре алған.Оның әкесі университетте профессор болған. Ол бала Джонға кітап беріп, ең қысқа уақытта оқып бітіруін тапсырады. Артынан екеуі кітапты талқылайды. Бұл әдісті сіз де қолдана аласыз. Яғни, сізді ойыңызда жүрген тақырыптағы кітапты тез оқып шығасыз. Түсінген ақпаратты досыңызбен талқылайсыз.


MAKTUBAT | Діни Кітапхана
27 Jul, 11:37
🕵🏻♂️ Адам тұлғасында күніне екі миллиондай шешім қабылдайды. Ал тұлсаңыздың негізгі қоры пайдалы ақпаратпен толса, онда өмірдің түрлі салаларында қажетті уақытта қажетті ақпарат басыңызға сап етіп түседі.Мысалы, сіз қазір жүзуді үйренсеңіз, оны ертең қолдануыңыз екіталай. Ал он жылдан кейін суға батқан біреуді құтқарғанда қажет болуы мүмкін. Кітаптың ақпараты да сол секілді. Қашан кәдеге жарарын білмейсіз. Уақыт өте келе алдыңыздан шыққанда, кітаптан оқыған ақпарат екенін біліп отырасыз.
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
