gram news
Massaget NEWS channel avatar

Massaget NEWS

@massaget_news

Танымдық материалдар: @massaget_kz

ProjectsUKSports

15,011subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Massaget NEWS

    22 Sept, 12:44

    TikTok-та мысықты қинаған ер адам жазаландыTikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде мысыққа қатыгездік танытқан ер адам жауапқа тартылды.Полиция күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамға айыппұл салынып, мұндай әрекетке қайталай жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды.
    490321Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    22 Sept, 11:12

    Елімізде такси жүргізушілеріне талап күшейтіледі Енді жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жол ережесін жиі бұзатын адамдар таксиде жұмыс істей алмайды. Премьер-министр Олжас Бектенов такси компанияларына жүргізушілерді жұмысқа қабылдарда мұқият тексеруді
    54531Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    22 Sept, 10:34

    Елімізде такси жүргізушілеріне талап күшейтіледіЕнді жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жол ережесін жиі бұзатын адамдар таксиде жұмыс істей алмайды. Премьер-министр Олжас Бектенов такси компанияларына жүргізушілерді жұмысқа қабылдарда мұқият тексеруді тапсырды.Сондай-ақ такси көліктерінің жағдайы мен жүргізушілердің қанша уақыт жұмыс істейтіні бақылауға алынады.
    54631Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    22 Sept, 09:20

    2–4-сынып оқушыларын бағалау тәртібі өзгереді23–30 қыркүйек аралығында мектептерде 2–4-сынып оқушыларына алғашқы аралық бағалау жүргізіледі. Тапсырмалар қазақ немесе орыс тілі, әдебиеттік оқу және математика пәндері бойынша беріледі.Бағалау жұмысы 40 минутқа созылады. Ең жоғары көрсеткіш: 2-сыныпта – 12, 3-сыныпта – 14, 4-сыныпта – 16 балл. Ал 1-сынып оқушыларына балл қойылмайды.
  • Massaget NEWS

    22 Sept, 08:21

    Алтыншы алтын: Қадырбек Шынбаев – Азия ойындарының чемпионы🥇🇰🇿Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды.Ол аралас жекпе-жектен 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің (modern) финалында тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңді.
    561101Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    22 Sept, 07:51

    Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілдіМемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына кім енгенін мына жерден оқыңыз.
    569311Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    22 Sept, 06:26

    🥇 Қазақстан қоржынына бесінші алтын түстіҚазақстандық ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы финалда Бахрейн өкілі Мұхаммед Нәбиевті 3:0 есебімен жеңді.Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде бес алтын медаль бар.
    624111Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    22 Sept, 04:57

    2027 жылы студенттердің стипендиясы өспейді2027 жылғы 1 қаңтардан бастап студенттердің мемлекеттік стипендиясы бұрынғы мөлшерде қалады.Бакалаврлар айына 52 372 теңге, педагогикалық мамандықта мемлекеттік тапсырыспен оқитындар 84 мың теңге алады. Магистранттарға 117 098 теңге, медицина саласындағы магистранттар мен резиденттерге 134 664 теңге, ал докторанттарға 262 500 теңге төленеді.
    66471Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    21 Sept, 13:20

    Ақтөбеде ер адам мектеп оқушысымен интим байланыста болды деген күдік ілінгенӨңірлік Полиция департаменті аталған дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына байланысты істің өзге мән-жайы жарияланған жоқ.
    82282Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    21 Sept, 12:25

    Алматыда үш көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шектіАлматының Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма жолда үш көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Chevrolet инерциямен Volvo көлігіне барып соғылған.Жол апатынан бірнеше адамға медициналық көмек қажет болды. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
  • Massaget NEWS

    21 Sept, 09:39

    Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атандыҚазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда қытайлық Ли Гунмен кездесіп, 8:2 есебімен қарсыласына жол берді.
  • Massaget NEWS

    21 Sept, 07:16

    Маңғыстауда ысталған балық жеген отбасы жансақтау бөліміне түстіМаңғыстау облысында үй жағдайында дайындалып, тоңазытқышта ұзақ сақталған ысталған балықтан бір отбасы уланып қалды. Алдын ала болжам бойынша, оларға ботулизм диагнозы қойылған.Үш ересек адам мен бір бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Қазір олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, ем қабылдап жатыр.
  • Massaget NEWS

    21 Sept, 06:06

    Жетісуда машинист теміржол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы құтқардыЖетісу облысында жүк пойызының машинисі теміржол маңында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды дер кезінде тоқтатты. Оқиға 20 қыркүйекте Сарыөзек – Үштөбе учаскесінде болған.Машинист бүлдіршінді локомотив кабинасына отырғызып, Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырған. Кейін станция қызметкерлері баланың ата-анасымен байланысқан.
    75999Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    21 Sept, 04:51

    Азиада-2026: Қазақстан спортшылары жеңіске қол жеткіздіҚазақстандық спортшылар Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетіп жатыр.Каратеші Олжас Алтынбек алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Үстел теннисінен әйелдер құрамасы Мальдивті 3:1 есебімен ұтып, С тобында екінші орынға көтерілді. Ал Санжар Әділов Азия ойындарының бағдарламасына алғаш енгізілген аралас жекпе-жектен қола медаль иеленді.
  • Massaget NEWS

    20 Sept, 09:52

    Қазақстандық каратешілер Азиадада екі алтын жеңіп алдыҚазақстандық каратешілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды.55 келіге дейінгі салмақтың финалында Жоламан өзбекстандық Хумойынмырза Халимовты жеңіп, ел қоржынына үшінші алтынды салды. Ал 68 келіге дейінгі салмақта Софья Берульцева таиландтық қарсыласынан басым түсіп, төртінші алтын медальді сыйлады.
  • Massaget NEWS

    20 Sept, 09:37

    🥇 Рината Сұлтанова Қазақстанға Азиададағы алғашқы алтынды сыйлады Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол жекелей уақытқа жарыста 36 минут 23,72 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан
  • Massaget NEWS

    20 Sept, 07:17

    🥇 Рината Сұлтанова Қазақстанға Азиададағы алғашқы алтынды сыйладыҚазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды.Ол жекелей уақытқа жарыста 36 минут 23,72 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озып кетті. Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы алғашқы алтын жүлдесі.
  • Massaget NEWS

    19 Sept, 07:15

    2027 жылы Қазақстанда зейнетақы 8,5 пайызға өседіӨсім 1 қаңтардан бастап барлық зейнеткерге бірыңғай тәртіппен жүргізіледі.Нәтижесінде жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері 113 541 теңгені, ал ең жоғары мөлшері 259 795 теңгені құрайды. Ең төменгі базалық зейнетақы – 38 622 теңге, ынтымақты зейнетақы – 74 919 теңге болады.
    96562Open in Telegram
  • Massaget NEWS

    18 Sept, 13:18

    Үйі мен жері бар азаматтарға ескерту: салық төлеуге 13 күн қалдыМемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлік пен жер учаскелеріне салынатын 2025 жылғы салықты 1 қазанға дейін төлеу қажет екенін ескертті.Салықты банк қосымшалары, бөлімшелер, банкоматтар және төлем терминалдары арқылы төлеуге болады. 2 қазаннан бастап берешегі бар азаматтарға хабарлама жіберіледі.
  • Massaget NEWS

    18 Sept, 09:53

    Президент сегіз мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдадыҚасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды қызметтерінің басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбіт сыртқы саясат бағытын ұстанатынын атап өтті.Сенім грамоталарын Мысыр, Швейцария, Эстония, Оман, Мажарстан, Гвинея-Бисау, Нигерия және Дания елшілері табыстады.
Download the series as CSV
A feedback bot for your channel — free

Followers write to the bot, you answer by reply, your account stays hidden. Created in one tap.

How it works →
Create the bot