Latest posts

Нұрсұлтан Рысмағанбет
13 Sept, 10:29
«Менің өмірден өтуім де сендер үшін рақмет. Өйткені мен бұл өмірден өткеннен кейін сендердің амалдарың маған әкелінеді. Жақсы амал болса, Аллаға мақтау айтамын. Ал жақсы амал болмаса, онда ол үшін Алладан кешірім сұраймын».©️ Пайғамбар тағылымы
Нұрсұлтан Рысмағанбет
10 Sept, 15:22
https://pay.kaspi.kz/pay/kdxxrgeo


Нұрсұлтан Рысмағанбет
10 Sept, 13:27
«Қандай жағдайда болсаң да, Алладан қорық. Егер қателік іс істесең, сол жамандықтың артынан лезде оны жоятын жақсылық жаса. Адамдармен жақсы мінез-құлықпен қарым-қатынас жаса».©️ Әбу Зәррдан жеткен хадис
Нұрсұлтан Рысмағанбет
7 Sept, 14:11
Пайғамбарымыз ﷺ бірде Әбу Зәрр (родиаллаһу ғанһу) есімді сахабасына былай дейді: «Ей, Әбу Зәрр! Таңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 рәкағат нәпіл намаз оқығаннан да қайырлы. Сол секілді таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін мың рәкағат нәпіл намаз оқудан жақсырақ».©️ Имам Ибн Мәжадан жеткен хадис
Нұрсұлтан Рысмағанбет
4 Sept, 11:04
Тойымсыз екі түрлі адам бар. Біріншісі - дүниеге тоймайтын адам. Екіншісі - ілімге тоймайтын адам. Әуелгісі озбырлыққа апарса, екіншісі Рахманның разылығына жетелейді.©️ Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын)
Нұрсұлтан Рысмағанбет
1 Sept, 14:57
«Мен Алла Елшісіне ﷺ он жыл қызмет еттім. Маған бірде-бір рет «Уф» деп айтпаған. Бір нәрсе жасасам: «Не үшін бұлай жасадың?» – деп айтпады. Егер бір нәрсені істемей қойсам: «Неге оны жасамадың?» – деп айтпады. Алла Елшісінің ﷺ мінезі ең көркем еді».©️ Әнәс ибн Мәлик (Алла одан разы болсын)
Нұрсұлтан Рысмағанбет
28 Aug, 09:48
«Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (ﷺ) мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім».©️ Хасан әл-Басри (р.а.)
Нұрсұлтан Рысмағанбет
21 Aug, 11:55
Хазіреті Әлиден (Алла оған разы болсын): «Сендер Пайғамбарды қалай жақсы көруші едіңдер?», - деп сұраған кезде ол кісі: «Шөл далада қалған кісі бір жұтым суды қалай жақсы көрсе, біз де Пайғамбарды солай жақсы көреміз!» - дейтін еді.
Нұрсұлтан Рысмағанбет
18 Aug, 16:14
Айша анамыз (родиаллаһу ғанһә) Алла Елшісі туралы былай деген:«Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеде өмірінің соңына дейін үш күн қатарынан тойып тамақ жеген емес. Қаласақ тойып жейтін мүмкіндігіміз бар еді. Бірақ өзгелердің қажетін өзімізден артық қоятын едік».Субханаллаһ! Пайғамбарды үлгі еткен бүгінгі мұсылман жанашыр болу керек….
Нұрсұлтан Рысмағанбет
15 Aug, 15:11
«Ей, адамдар ! Сендерге өз араларыңнан бір пайғамбар келеді. Сендер тауқыметке ұшырасаңдар – Оған ауыр тиеді. Ол сендердің тура жолда болғандарыңды қалайды, мүміндерге құштар, өте жанашыр»«Тәубе» сүресі, 128 - аят
Нұрсұлтан Рысмағанбет
11 Aug, 14:52
Пайғамбарымыз ﷺ бір сөзінде: — Егер жәннат бақшасының жанынан өтіп бара жатсаңыздар, онда тізелеріңізді бүгіп отыра қалыңыздар! - дейді.Сонда сахабалар: — Уа, Алланың Елшісі! Ол қандай жәннат? - деп сұраған екен.Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: — Жер бетінде Алланы еске алған әрбір жиын жәннатқа айналады! - деп айтқан екен.
Нұрсұлтан Рысмағанбет
9 Aug, 15:50
Жақсыға жақсылық етсең — есінен кетпейді, Жаманға жақсылық етсең — есігіңнен кетпейді.
Нұрсұлтан Рысмағанбет
7 Aug, 16:22
Өмірдің қандай мәні бар?! Құдайды сүйе алмасаң, Елшісіне мойынсұна алмасаң… Жәннаттың қандай жақсылығы бар?! Раббыңның дидарын көре алмасаң…©️ Имам ибн әл-Қойим (рохимаһуллаһ)
Нұрсұлтан Рысмағанбет
4 Aug, 08:41
Бір ұстаз бен шәкірттің әңгімесінде мынадай сөз болған екен:— Пайғамбарымызды ﷺ көргендер қандай бақытты?!— Пайғамбарды көргендердің бәрі бақытта болса, сонда Әбу Жәһил, Әбу Ләһаб, Умәйя ибн Халаф бақытты ма?! Бұлардың бәрі Пайғамбарға дұшпандық қылып өтпеді ме?!— Пайғамбарды ﷺ көзбен емес, жүрек көзбен көргендер бақытты!
Нұрсұлтан Рысмағанбет
31 Jul, 13:02
Алла елшісі ﷺ өз сөзінде: «Қайсыбір мұсылман намазды тұрғызса, онда ол дінді тұрғызғаны. Ал кімде-кім намазды тоқтатса, онда ол дінді қиратқаны» - деген екен.Демек, әрқайсымыздың Исламда үлесіміз бар екен ғой
Нұрсұлтан Рысмағанбет
27 Jul, 10:02
Пайғамбар ﷺ соңғы өсиетінде: «…Намазға берік болыңдар! Намазға берік болыңдар! Намазға берік болыңдар! Қолдарыңдағы аманатқа алған адамдарға сақ болыңдар!»Пайғамбарымыздың ﷺ бір нәрсені 3 рет айтуы сол нәрсенің маңызды екенін білдіреді!
Нұрсұлтан Рысмағанбет
24 Jul, 07:47
Ақылды адамға иман парыз, Иманды адамға ғибадат парыз!©️Абай Құнанбайұлы
Нұрсұлтан Рысмағанбет
21 Jul, 05:29
Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтады: «Раббым маған Меккенің сайларын алтынға толтырып беруді ұсынды. Мен: “Жоқ, Уа, Раббым! Бір күн тоқ, бір күн аш болғаным жақсы. Аш болғанымда Саған жалбарынып, Саған зікір етемін (сабыр етемін), тоқ болғанымда Саған шүкір айтып, мадақтаймын” – дедім.»©️ Имам Тирмизиде келген хадис
Нұрсұлтан Рысмағанбет
18 Jul, 16:02
«Табаныңа шөңге кіргенде, Алланың разылығы үшін қаншалықты сабырлық таныта алсаң, саған соншалықты сауап (каффарат) жазылады». (Бұхари)
Нұрсұлтан Рысмағанбет
16 Jul, 12:26
Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте былай делінеді: «Жұмсақтық қай істе көрініс тапса, оған сән береді. Ал қандай да бір іс жұмсақтықтан жұрдай болса, ол істің сиқы кетеді» (Муслим)
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
