Latest posts

«Otandastar Qory»
21 Sept, 07:50
🇰🇿 «Бір Қазақстан – мың оқиға» жобасының келесі кейіпкері — Ахмет Атмаджа.Анкара қаласының тұрғыны Ахмет Қазақстаннан алған ерекше әсерімен бөліседі. Кейде қазақша ойланып, тіпті өзімен қазақша сөйлесіп кететінін айтады.Ал сіздің Қазақстан туралы оқиғаңыз қандай? Келесі қатысушы сіз болыңыз! Видеоны түсіріп, бізге жіберіңіз. 🇰🇿@otandastar
«Otandastar Qory»
17 Sept, 09:33edited
Рекомендации для граждан Казахстана, выезжающих за рубежМы неоднократно отмечаем случаи, когда граждане Республики Казахстан попадают в сложные ситуации за рубежом вследствие незнания законов страны пребывания, несоблюдения или незнания миграционных, визовых, транзитных и таможенных требований иностранных государств.Прежде всего речь идёт о случаях с нарушением сроков пребывания, попытками провоза запрещённых либо незадекларированных товаров, а также несоблюдением правил транзита и пребывания в иностранных государствах.В этой связи мы хотели бы призвать наших соотечественников перед выездом за границу внимательно изучать законодательство, визовые и миграционные требования страны назначения, а также государств транзита. Особое внимание необходимо уделять срокам действия паспортов, виз, разрешений на пребывание и иных документов.Кроме того, рекомендуем оформлять медицинскую
«Otandastar Qory»
17 Sept, 09:30edited
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ж. Үсеновтің брифингіКөріп отырғанымыздай, соңғы уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде жүргенде болу елінің заңнамасын білмеу, сондай-ақ шет мемлекеттердің көші-қон, визалық, транзиттік және кедендік талаптарын сақтамау немесе олардан хабарсыз болу салдарынан түрлі қиын жағдайларға тап болатын оқиғалардың саны артып келеді.Бұл ретте ең алдымен, елде болу мерзімдерін бұзу, тыйым салынған немесе декларацияланбаған тауарларды алып өтуге әрекет жасау, сондай-ақ шет мемлекеттердің аумағында транзитпен өту және болу қағидаларын сақтамау жағдайлары туралы сөз болып отыр.Осыған байланысты отандастарымызды шетелге шығу алдында баратын елдің, сондай-ақ транзит арқылы өтетін мемлекеттердің заңнамасын, визалық және көші-қон талаптарын мұқият зерделеуге шақырамыз. Паспорттардың, визалардың, елде болуға берілген
«Otandastar Qory»
17 Sept, 09:29

«Otandastar Qory»
16 Sept, 09:02
Мемлекет басшысы Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен емен-жарқын әңгімелестіПрезидент отандастарымызбен жүздесуде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды.Кореядағы қазақстандықтар оқуда, қызметте қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтып өтті.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тіледі.@otandastar
«Otandastar Qory»
16 Sept, 08:40edited
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шик қазақ этноауылына бардыСеулдің Ханган саябағында орналасқан этноауылда мәртебелі меймандарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі, ұлттық сәндік-қолданбалы өнері, ән-күйі мен мәдени жәдігерлердің заманауи үлгілері таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» голографиялық инсталляциясын тамашалады.Этноауылда қазақ шеберлерінің қолынан шыққан дәстүрлі зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен киізден жасалған заттар көрмеге қойылған. Меймандарға домбыра, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған музыкалық бағдарлама ұсынылды.«Бірлік» би ансамблі мен Қазақстан Республикасы академиялық корей театры балет труппасының бірлескен қойылымдары көрермен көңілінен шықты. «Достық»TelegramAqordaҚазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Пресс-служба Президента Республики Казахстан Press Office of the President of Kazakhstan
«Otandastar Qory»
16 Sept, 08:39

«Otandastar Qory»
15 Sept, 09:39edited
Обещают ускорить оформление документов за деньги? В Комитете по миграции предупредилиПереезд в Казахстан, оформление документов и адаптация - важный этап, поэтому особенно важно пользоваться только официальной информацией.В Комитет по миграции поступают обращения о посредниках, которые за деньги обещают ускорить оформление документов, помочь с тестированием или повлиять на получение государственных услуг.Официально предупреждаем: не доверяйте таким обещаниям. Государственные услуги в этой сфере предоставляются в установленном порядке, а результаты тестирования и рассмотрения документов не могут быть изменены за вознаграждение.Главное - не передавайте деньги неизвестным посредникам и пользуйтесь только официальной информацией.@otandastar
«Otandastar Qory»
15 Sept, 06:55edited
«Ақшаға бәрін шешіп беремін»: Көші-қон комитеті делдалдар туралы ескерттіҚазақстанға қоныс аудару, құжаттарды рәсімдеу және бейімделу - маңызды кезең. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйену өте маңызды.Көші-қон комитетіне құжаттарды рәсімдеуді ақылы түрде жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде беретін делдалдар туралы өтініштер түсіп жатыр.Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды.Ең бастысы - бейтаныс делдалдарға ақша бермеңіздер және тек ресми ақпаратқа жүгініңіздер.Нұрбол Байсынов, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті этникалық миграция басқарма басшысы@otandastar
«Otandastar Qory»
15 Sept, 05:33
forwarded from @aqorda_resmi
Хангук шет тілдері университетінің профессоры Сон Ён Хун 20 жылдан бері қазақ тілінен дәріс оқып, корей халқына Қазақстан мен оның мәдениетін дәріптеп келедіПрофессор университета иностранных языков Хангук Сон Ён Хун более 20 лет преподает казахский язык и таким образом знакомит корейский народ с Казахстаном и его культурой🎦 t.me/aqorda_resmi
«Otandastar Qory»
15 Sept, 04:51
Қазақ тілін 20 жыл оқытқан корей ғалымын Президент Тоқаев марапаттадыОңтүстік Кореяның Хангук шет тілдері университетінің (HUFS) профессоры, Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Сон Ён Хун II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына ресми сапары аясында өткен марапаттау рәсімінде профессорға мемлекеттік награда табысталды.Сон Ён Хун 20 жылдан астам уақыт бойы корей студенттеріне қазақ тілінен дәріс оқып келеді. Сонымен қатар ол Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеп, корей қоғамына қазақ халқының дәстүрі мен Ұлы дала өркениетін танытуға үлес қосып жүр.Ғалымның пікірінше, қазақ тілін меңгеру – Қазақстанның мәдениеті мен көшпелі өркениеттің ерекшелігін терең түсінудің маңызды жолы. Ол қазақ тілін екі халықты жақындастыратын рухани көпір ретінде бағалайды.@otandastar
«Otandastar Qory»
14 Sept, 06:54
🎶 Онлайн домбыра үйірмесі: екінші модуль нәтижесіЕкінші модульге қатысқан қандастарымыздың орындауларын назарларыңызға ұсынамыз:🇲🇳 Моңғолия — Еркін Нұрай, Ердібек Аймөлдір 🇷🇺 Ресей — Ахметжанова Айгүл, Біржанова Гүлнаш 🇩🇪 Германия — Чорманова ЖұлдызДомбыра үні шетелдегі қандастарымызбен бірге жалғаса берсін! 🇰🇿@otandastar
«Otandastar Qory»
14 Sept, 05:52edited
Шетелдегі қазақ қаламгерлерінің 5 еңбегі «Ұлы Дала» сериясына енді«Отандастар қоры» жүзеге асырып келе жатқан «Ұлы Дала» халықаралық кітаптар сериясы шетелдегі қазақ қаламгерлері мен зерттеушілерінің шығармаларын жинақтап, ұлттық әдеби және ғылыми мұраны дәріптеуге бағытталған.2026 жылғы іріктеу қорытындысы бойынша Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Қытайда тұратын қазақ авторларының бес еңбегі кітаптар сериясына енгізу үшін таңдалды:📚 Зұрғанбайұлы Рысбек — «Моңғолия қазақтары: саяси нәубет және тарихи жады» (Моңғолия);📚 Жазитхан Әуелхан — «Құт мекенім – Қосағаш» (Ресей);📚 Ибрагимов Құлназар — «Жыр өткелі» (Өзбекстан);📚 Жанболатов Сұлтан — «Таластағы жанталас» (Қытай);📚 Ағыпар Бәкей — «Микроэкономика» (оқулық) (Моңғолия).Таңдалған еңбектерді «Қазақ әдебиеті» баспасы жарыққа шығарады.«Ұлы Дала» халықаралық кітаптар сериясы арқылы шетелдегі қазақ авторларының еңбектері«Отандастар қоры» | «Фонд Отандастар»Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» КЕАҚ
«Otandastar Qory»
14 Sept, 05:52

«Otandastar Qory»
10 Sept, 08:35
🇰🇿 «Бір Қазақстан – мың оқиға» жобасының бүгінгі кейіпкері – Нұрмұхаммед!Астанаға жақында ғана оқуға түсіп, жаңа қалаға бейімделіп жүрген Нұрмұхаммедтің басынан қызықты оқиға өтіпті.LRT бағытын шатастырып, кері бағытқа кетіп қалған кейіпкеріміз бұл оқиғаны өзі баяндап бермек.Нұрмұхаммедке студенттік жолында сәттілік тілейміз!Әрине, сіз де өз оқиғаңызбен бөлісуді ұмытпаңыз🙌🏻✨@otandastar
«Otandastar Qory»
9 Sept, 08:43
Мерей Сламұлы | «Қандастың жолы»Қазақстанға көшу туралы шешімге қалай келді? Туған жерге оралу жолы оңай болды ма?«Қандастың жолы» жобасының кезекті видеосында Мерей Сламұлы осы сұрақтарға жауап береді.🎥 Толық видеоны Otandastar Channel YouTube арнасынан көріңіздер!@otandastar
«Otandastar Qory»
9 Sept, 05:39
📚 «Әр қазаққа – бір кітап!» акциясы жалғасуда!Үйіңізде оқылып болған, бірақ басқа бір оқырманға қуаныш сыйлай алатын кітаптар бар ма?«Отандастар қоры» баршаңызды шетелдегі қандастарымызға кітап сыйлауға шақырады! 🇰🇿Акция аясында қазақ тіліндегі: 📖 көркем әдебиеттерді; 📚 балаларға арналған кітаптарды; 🌍 танымдық әдебиеттерді; 🇰🇿 Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы еңбектерді; ✍️ қазақ авторларының кітаптарын қабылдаймыз.Бастысы, кітап жақсы сақталған және келесі оқырманға оқуға жарамды болуы қажет. 🤍📍 Мекенжай: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 33, «Астаналық» БО 📞 Байланыс үшін: +7 702 903 82 17@otandastar
«Otandastar Qory»
8 Sept, 07:17
«Жас қазақ» лагерінен Қазақстандағы студенттік өмірге дейінгі жолМоңғолияның Баян-Өлгий аймағынан келген Нұрмұхаммед 2024 жылы «Жас қазақ» жазғы этнотанымдық лагеріне қатысып, Қазақстанмен, оның мәдениетімен және өзге елдерден келген қазақ жастарымен жақынырақ танысты.Мектепті аяқтаған соң, биыл Нұрмұхаммед Қазақстанда білім алуды таңдап, Astana IT University студенті атанды.Лагерьде алған әсері, Қазақстанға оқуға келуіне не себеп болғаны және шетелдегі қазақ жастарына айтар кеңесі туралы Нұрмұхаммедтің өзінен тыңдайық.@otandastar
«Otandastar Qory»
8 Sept, 05:31
📊 Тамыз айындағы өтініштер туралы ақпаратТамыз айында «Отандастар қоры» жанындағы Орталыққа қандастардан 305 өтініш келіп түсіп, өңделді.Өтініштердің басым бөлігі білім және мәдениет, қандас мәртебесін алу, құжат және азаматтық мәселелеріне қатысты болды.@otandastar
«Otandastar Qory»
7 Sept, 10:31edited
«Отандастар қоры» КеАҚ мен Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдыМеморандум аясында тараптар педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, халықаралық білім саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ.Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясы 2014 жылдан бері педагогтерге арналған тренингтер мен халықаралық педагогикалық турлар ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар ассоциация балалар шығармашылығына қолдау көрсетіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтетін жобаларды жүзеге асырып жатыр.Ассоциация жетекшісі Лариса Алдаберген – тәжірибелі педагог әрі қоғам белсендісі. Бүгінде ол білім беру саласымен қатар қазақ мәдениетінің халықаралық деңгейде насихатталуына жүйелі түрде үлес қосып келеді.Алдағы уақытта тараптар шетелдегі қазақтармен білім беру бағытындағы байланысты дамытып, педагогтер арасында тәжірибе«Отандастар қоры» | «Фонд Отандастар»Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» КЕАҚ
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
