Latest posts

OYORDA Live
3 Sept, 14:56
Бірге велошеруге шығуға қалай қарайсыз? 60 шақырымдық табиғат аясында маршрут 🏞️🔈ВЕЛОШЕРУ ТУРАЛЫ: Күні: 05.09.2026 Жиналу уақыты: 07:30 Жүру уақыты: 08:00 Жиналу нүктесі: Ботаника бағы, Астана қ. Жарна құны: 8000 тг (егер өз велосипедімен келсе, 4000 тг) Орын саны: 20🚵♂️ТУР БАҒДАРЛАМАСЫ: Қала сыртындағы арнайы велосипед жолымен (2гис) 30 шақырым жүріп, қайыңды саябаққа жетеміз. Демалып, әңгіме-дүкен құрып, көтеріңкі көңіл-күймен велосеруенді әрі қарай жалғастырамыз. Қайтар жолда толық 60 шақырымды бағындырамыз.📢НЕ КІРЕДІ? ✔️Велосипед 🚲 ✔️Естелікке медаль 🏅 ✔️Ойордалық вайб 🫰🏽ҚОСЫМША керек: су, spf, powerbank, ыңғайлы спорттық киім. Өзіңізбен бірге тіскебасар заттар да алып жүріңіз.
OYORDA Live
2 Sept, 06:39
OYORDA - кітап оқу мәдениеті, сапалы контент, еркін ой мен зиялы ортаны қалыптастыруға бағытталған қауымдастық. Қазір командамызды кеңейтіп, бірнеше бағыт бойынша белсенді әрі жауапты адамдарды іздеудеміз.📌 Сауалнама: 🔗 https://forms.gle/H9Mio73ByLkohyh99Вакансия және рекрутмент бойынша қосымша сұрақтарға байланыс нөмірі: +7 747 512 4624 Мадина Бахтиярова
OYORDA Live
1 Sept, 15:23
OYORDA OQYRMAN 2026 «Түнгі кітапхана» маусымы 🌙📚Түн – тек қараңғылық емес. Түн – адамның өзімен бетпе-бет қалатын уақыт.Осы маусымда үш түрлі «түнге» саяхаттаймыз: • қиын-қыстау түндерде ана жүрегінің қалай шам болып жанғанын көреміз; • «егер басқаша жасасам ше?» деген сұрақтың жауабын іздейміз; • қараңғыда жасырынған шындық пен әділдіктің ізін қуамыз.Кітаптар: • Қыркүйек — Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» • Қазан — Мэтт Хэйг «Түн ортасындағы кітапхана» • Қараша — Кемел Тоқаев «Түнде атылған оқ»Талқылау күндері: • 26–29 қыркүйек • 28–31 қазан • 26–29 қараша
OYORDA Live
1 Sept, 14:15
ЖАҢА КӨШБАСШЫЛАРДЫ ІЗДЕЙМІЗ! 🗣️OYORDA қауымдастығы «Түнгі кітапхана 🌟» маусымына жаңа ұйымдастырушыларды іздейді. Үміткерлер Астана қаласынан болуы керек.OYORDA - кітап оқу мәдениеті, сапалы контент, еркін ой мен зиялы ортаны қалыптастыруға бағытталған қауымдастық. Қазір командамызды кеңейтіп, бірнеше бағыт бойынша белсенді әрі жауапты адамдарды іздеудеміз.📌 Вакансиялар: 🔗 https://forms.gle/H9Mio73ByLkohyh99📆 Сауалнама мерзімі: 7 қыркүйек, дүйсенбі, 17:00-ге дейін.Instagram парақшаларымыз: @oy_orda @oyorda_leadersВакансия және рекрутмент бойынша қосымша сұрақтарға байланыс нөмірі: +7 747 512 4624 Мадина БахтияроваІзгі ниетпен, HR бөлімі
OYORDA Live
26 Aug, 09:43
Сәлем, оқырман! Үйдегі күйбең тірлікті де, телефонның шексіз лентасын да кішкенеге ысырып қойып, өзімізге бір мезет уақыт сыйлайық. Көрпемізді жайып тастап, сүйікті кітабымызды құшақтап, іштегі сырды, көкейдегі ойды шынайы бөлісетін, нағыз атмофераға толы кеш! Телефонның экранынан шаршасаңыз, жаныңыз жылылық пен тыныштықты іздесе — осы кітап пикнигі дәл сізге арнаймыз! Өзіңізбен бірге сүйікті кітабыңызды, көрпеңізді және көтеріңкі көңіл-күйіңізді ала келсеңіз болғаны.📍Орны: Президенттік саябақ ⏰ Уақыты: 29 тамыз, 16:00 Қатысу тегін!🔗 Тіркелу сілтемесі https://forms.gle/a9yTnJUJdtef9ov49Жайлылық пен жылылық толы кеште кездескенше! ✨
OYORDA Live
13 Aug, 00:51
📚 OYORDA alumni, біздің қауымдастықтың негізін қалаушыларының бірі, журналист Айна Ғизатқызы Qonaev телеарнасында «Сарапшы пікірі» бағдарламасында қоғамдағы оқу мәдениеті жөнінде ой бөлісті.❤️ Репортажды көріп, санаға салмақ салыңыз, ойлы оқырман!🔗 Сілтемесі: https://youtu.be/gpwsgs7ULooYouTubeҚоғамдағы оқу мәдениеті | Сарапшы пікіріЖаңа бағдарламалар, қызықты сұхбаттар, подкасттар мен ойын-сауық жобаларын жіберіп алмау үшін Qonaev Media арнасына жазылып, лайк басып, бейнелермен бөлісіңіз! Instagram — https://www.instagram.com/qonaev.media?igsh=ZW1sNmJweHZjcmh5 TikTok — https://…
OYORDA Live
11 Aug, 12:41
📚 «Әдебиет порталының» «Жансусар» бағдарламасында «OYORDA» кітап клубының мүшелері бас қосып, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдады. ❤️ Подкастты көріп, кері байланыс беріңіз, ойлы оқырман! 🔗 Сілтемесі: https://youtu.be/K4xmPJ7o6g8?si=Mg8pIuSYWWaT
OYORDA Live
11 Aug, 12:21
📚 «Әдебиет порталының» «Жансусар» бағдарламасында «OYORDA» кітап клубының мүшелері бас қосып, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдады.❤️ Подкастты көріп, кері байланыс беріңіз, ойлы оқырман!🔗 Сілтемесі: https://youtu.be/K4xmPJ7o6g8?si=Mg8pIuSYWWaT-iiNYouTubeОралхан Бөкей. Қауіпті будан«Әдебиет порталының» «Жансусар» бағдарламасына «OYORDA» кітап клубы келді. Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасынан алған әсерлерімен бөліскен жастар жаңаша ой-көзқарастарын білдірді. Автор осы шығарма арқылы не айтқысы келді, астары қандай деген сұрақтарға…
OYORDA Live
18 Jul, 11:53edited
📚 Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Кітап оқу мәдениеті бойынша ұлттық сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Сіздің пікіріңіз Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін дамытуға, кітаптар мен кітапханалардың қолжетімділігі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді. ✅ Сауалнама анонимді ‼️ 14 жастан асқан Қазақстан тұрғындары қатысады 👇 Төмендегі сілтемеге өтіп, өз пікіріңізді қалдырыңыз. Қазақ тілінде https://forms.gle/u6HaM9GjAZKttMPj6📚 Уважаемые казахстанцы! Приглашаем вас принять участие в Национальном опросе о культуре чтения. Ваше мнение поможет лучше понять читательские привычки жителей Казахстана и будет использовано при разработке мер по развитию культуры чтения, а также повышению доступности и привлекательности книг и библиотек. ✅ Опрос анонимный ‼️ Участвуют жители Казахстана старше 14 лет 👇 Перейдите по ссылке и оставьте свое мнение. На русском языке
OYORDA Live
29 Jun, 14:24edited
Алаштың ізімен. Бірақ біз қоштаспаймыз | Oyorda auylda #3Бұл сапарда Қостанай облысының Ақшығанақ, Сужарған және Торғай ауылдарында болып, Торғай өңірінің тарихи мұражайларын араладық.📖Ұлт тарихына, ұлы тұлғалардың өмір жолына үңіліп, әрбір жәдігерден өткеннің ізі мен елдің рухын сезіндік. Бұл сапар бізге тек жаңа білім ғана емес, туған жердің тарихына деген құрметті де тереңдете түсті.Тарихпен жүздескен, әсерге толы сәттерді бірге тамашалайық!Бұл – соңғы влог. Бірақ біз қоштаспаймыз…❤️🔗 https://youtu.be/Pf6So40Iu-U?si=1iGr_ZVbVUJd5AQ3produced by: Мерей Айтқалиқызы
OYORDA Live
11 Jun, 11:16
OYORDA көшбасшыларының 13-құрылтайы. Құрылтай барысында қауымдастықтың дамуы, алдағы жоспарлары, жаңа бастамалары талқыланып, белсенді жастар бір алаңда бас қосты.Әр құрылтай – тәжірибе алмасып, шабыт алып, ортақ мақсаттарға бірге қадам басатын ерекше мүмкіндік. Бізбен бірге осы күннің атмосферасын сезініп, OYORDA өмірінің бір бөлігіне айналыңыздар! ✨📚🤝🔗https://youtu.be/NdIQs6MBuao?si=O8UDq8wwqYjSKHKzproduced by: Мерей Айтқалиқызы
OYORDA Live
6 Jun, 11:42
1 күнде 3 ауылға кітап апара аламыз ба? Өзбекәлі атамыздың жолымен | OYORDA Auylda Vlog #2Ұлт көсемі Әлихан атаның “Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!” ұраны OYORDA үшін бөлек бір миссия. Сол мақсатта еріктілеріміз OYORDA Auylda жобасы аясында 6-10 мамыр аралығында Торғай, Арқалық өңіріне барып қайтты. 7 ерікті 3 мектепке 227 кітап табыстады. Сапардың қыр-сырын арнайы влогтан көріңіз. Бұл екінші бөлім.🔗 https://youtu.be/RIMUFsdP9qQ?si=WmlfaotCNAJxAuM_Влог авторы: Мерей Айтқалиқызы
OYORDA Live
31 May, 12:10
Likekitap жобасындамыз✨
OYORDA Live
30 May, 17:08
https://www.instagram.com/p/DY9yAeGiKCq/?igsh=MXR3b25iOHR1azFtbw==
OYORDA Live
30 May, 14:00edited
Ainabi студиясында Oyorda Kids Fest 2.0! 🤩Халықаралық балаларды қорғау күніне орай @ainabi_studio төріңде кезекті мерекелік фест өтеді!Бүлдіршіндерді қызыққа толы бағдарлама күтуде! Аниматорлар, сурет салу, ағылшын тілі, домбыра викториналары, сусындар мен тәтті тіскебасарлар. Ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы «Оқсыз оқиға» мультфильмін қарап, бірге талқылаймыз. Куиз ойнаймыз. @oyorda_oqushy жас оқырмандарымызды марапаттаймыз.Қысқаша айтқанда 🎨🍡🍬🥤📚 🪕🤹🎊🪄🤎🤍🎞️📆 Қашан? 1 маусым, сағат 10:00-13:30 аралығында 📍 Қайда? Ainabi Studio, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 27 (домофон 3#197)Фестке қатысу ТЕГІН. Барша өнерсүйер балаларды күтеміз! 😊Сұрақтар бойынша @zhansultanburkitbay direct-ке жазыңыздар.
OYORDA Live
16 May, 17:46
🌍 Полиглот кешінің спикерімен таныс болыңыздар!Жас болса да, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, тіл үйренуді lifestyle-ға айналдырған Садибеков Бахтияр біздің кештің қонағы болады ✨Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, тіл үйренудегі мотивация және практика жайлы әңгімелейді. Егер сен де жаңа тілдерді үйренуге қызығатын болсаң, бұл кеш дәл сен үшін 💬📍 Қ. Мұхамедханов 6, Luna Coffee 💳 Қатысу құны: 4990₸📞Байланыс үшін: +7 707 605 2524
OYORDA Live
16 May, 17:45
Полиглоттар кеші — жаңа адамдар, жылы атмосфера және еркін әңгімелер 💬✨Бұл кеште түрлі тілде сөйлеп көріп, қызықты таныстықтар орнатып, уақытты пайдалы әрі көңілді өткізе аласыз. Жай ғана тіл практикасы емес — орта, энергия және networking 🤍Өзіңізбен досыңызды алып келіңіз 😉 Орын саны шектеулі. 📞Байланыс үшін: +7 707 605 25241,200Open in Telegram
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
