Latest posts

Пайдалы ілім
17 Sept, 13:53
forwarded from @paiidalyilimm
Арнамызды таратып жіберіңіздер😊 Алла разы болсын!https://t.me/paiidalyilimmTelegramПайдалы ілімӨзімнің жазбаларым.. Өмірден алынған) Арна экстремизм, терроризмды қолдамайды.
Пайдалы ілім
17 Sept, 13:49
Имам Әш-Шафиғи былай деген:علمان لا يحيط بهما أحد: الحديث واللغة «Ешкім түсіне алмайтын екі ғылым бар: хадис және тіл (араб).
Пайдалы ілім
16 Sept, 20:12edited
Өз адамыңызбен бірге жеке кітапхана жинау бұйырсын✨
Пайдалы ілім
16 Sept, 19:35
Саған көмектескісі келмейтіндерге кажеттілігіңді білдірме…©Омар Ибн Аль Хаттаб
Пайдалы ілім
14 Sept, 06:32
Мектепте көбейту кестесін жаттай алмай қиналып едің, НМУ-ға келіп сарфтың бабтарын жаттап қиналып жүрсің бе Балапан)
Пайдалы ілім
12 Sept, 21:53
forwarded from @olzhasqazbekk
Жаным ашиды…Нұр-Мүбәракқа енді түсіп, уақыттарын видео түсіруге, блог жүргізуге жұмсап жүрген бауыр-қарындастарымды көріп жаным ашиды. Видео түсіруді, блог жүргізуді жаман демеймін. Керісінше, дұрыс мақсатпен жасалса, жақсы дүние. Бірақ меніңше, оның уақыты — бірінші курс емес.Бірінші курсты толықтай сабаққа арнап, ең болмағанда екінші курста ұстазымен ақылдасып, содан кейін шешім қабылдаса екен деймін.Өйткені, уақыт — өте құнды дүние. Видео түсіру, оны монтаждау, адамдардың лайкы мен пікірлерін бақылау — ілімге енді ғана кірісіп жатқан адамның ойын бөліп, негізгі мақсатынан алыстататыны анық.
Пайдалы ілім
9 Sept, 10:39edited
Құран оқыған кезде, 1 бетті қанша минутта оқисыз, соны есептеңіз. Ең алғашқы күн, жəне 1 айдан кейінгі нəтиже. Барлығын ескере отырып, нəтижесіне қараңыз. Кейін 3 айдан кейінгі нəтижені салыстырыңыз…©Құран жаттау құпиялары кітабынан үзінді📚
Пайдалы ілім
6 Sept, 14:01edited
Алланың қалауымен, бір жағынан досым, бір жағынан ұстазым болған жан бүгін Ақтөбеде өткен республикалық Құран жарысында 1-орын иелендіБұл үлкен еңбек пен ізденістің нәтижесі МашаАлла, жеңісі құтты болсын! Алла Құранға деген махаббатын арттырып, ілімін берекелі етсін🤲🏻Осындай қуанышты сәттерге куә болғаныма шүкірАлла тағала баршамызды қарилардың араларынан етсін 🤲
Пайдалы ілім
4 Sept, 17:00
Ассаляму алейкум, құрметті оқырмандарУнивердің сабақтары басталып, уақыт жағынан сәл үлгермей жүрмін. Сол себепті арнаға бұрынғыдай жиі жазба сала алмай қалуым мүмкін. Бірақ қолым босаған сайын, Алла қаласа, пайдалы дүниелермен бөлісіп тұрамын
Пайдалы ілім
2 Sept, 03:54
forwarded from @olzhasqazbekk
Жоспар құру:Бүгін — 1 қыркүйек, жаңа оқу жылының басы.Егер 1-курсқа енді түссеңіз, ең алдымен ұстазыңызбен сөйлесіп, бір жыл ішінде қандай кітаптарды оқып, қандай ілімдерді меңгеру керектігін анықтап алыңыз. Содан кейін бір жылдық жоспарыңызды айларға, айлық жоспарыңызды апталарға, ал апталық жоспарыңызды күндерге бөліңіз.Жоғарылау курста оқитын біздерге де керек насихат. Мұндай бөлудің маңызы үлкен. Себебі бір жылдық жоспарға қарасаңыз, уақыт өте көп сияқты көрінеді. Ал апталық жоспарға қарасаңыз, уақыттың қаншалықты тез өтіп жатқанын сезесіз.Бұл ұстаздарымыздың насихаты.
Пайдалы ілім
30 Aug, 15:22
сөз — өз иесін табады
Пайдалы ілім
30 Aug, 15:20
Мені хиджаб киетін кейбір қыздардың бір нәрсесі таңғалдырудан жалықтырмайды…Өзінің фото-видеоларын ашық аккаунтқа жариялап, астына «фото мен видео аманат» деп жазады Егер аккаунт жабық болып, бөтен ер адамдар көрмейтін жерде болса, түсініктіБірақ ашық аккаунтқа салып, оны мыңдаған адам көріп тұрса, «аманат» деген сөздің өзі қай жерде қалады?Аманат деп тек сөзбен жазу емес оны ісіңмен де қорғау керек
Пайдалы ілім
29 Aug, 20:06
forwarded from @beisenaliolzhas
"Иә-иә, болды, істейміз ғой" деп бос уәде бергеннен гөрі, "жоқ, мен істей алмаймын" деп нақты жауап беруге үйрену керек.Саған "жоқ" деп жауап беретін адамның барлығы жаман емес. Керісінше, ол уақытыңды үнемдеп, "басқа жол ізде" деп өміріңді жеңілдетіп отыр
Пайдалы ілім
29 Aug, 18:06
Біреулер кайф қуып, «өмір бір-ақ рет беріледі» деп жүр. Ал біреулер сол бір өмірін ілімге арнап, өзін тәрбиелеп жүр.Біреулер бүгінін ғана ойлайды, біреулер ертеңіне дайындалады.Біреулердің қолында — уақытша қызық, біреулердің жүрегінде — мақсат.Ең қызығы — екеуінің де жасы бір, уақыты бір, өмірі бір. Айырмашылығы — таңдаған жолында.Жастықты қайда жұмсасаң, ертең соның нәтижесін көресің.
Пайдалы ілім
29 Aug, 17:31
Студенттерге жаңа оқу жылына айтар кеңестерім:• Кез-келген сабақта жаңа тақырып өтпес бұрын үйде зерттеп, алдын-ала ізден. Егер арабша мәтіндермен сабақ өткізілетін болса, алдын-ала аудармай барма! Сенің ілім ізденуші екендігіңді көрсететін амал осы.• 4 жыл оқимыз деп келдіңіз бе? Ендеше басқа нәрсемен басыңыз ауырмасын) Қыдырып та, тұрмысқа шығып та, ойнап та үлгересіз. Тек қазір емес)• Төрт жылыңыз біткенге дейін сізді басқа жаққа алып кеткісі келетін дүниелер болады. Тіпті, рұқсат етілген нәрселерден де сақ болғайсыз...• Ұстаздар жағымпаздық қылу қылығыңызбен болмасын. Қылығыңызды сонау ата-анаңыздың үйінде тастай тұрыңыз. Кейін жолдасыңыздың үйіне барарда алып кетесіз сол кезде қаттырақ керек) Жәй ғана алдыңғы орынға отырып, сабақты зейін қойып тыңдап, білім мен әдепте озық болсаңыз жеткілікті. Ұстаздар ондайды қатты байқайды.• Рухани хәліңіз ләйліп жүрсе білім қонбай, жәй
Пайдалы ілім
29 Aug, 06:37
forwarded from @kitapquert
Кітап сатушы дүкеніне бір кісі келіп:🧔🏻♂️: Маған тез оқылатын, жеңіл кітап беріңізші, — дейді.Сатушы бір кітап ұсынады. Әлгі кісі кітапты қолына алып:🧔🏻♂️: Бұл қанша уақытта оқылады? — деп сұрайды.— Егер шынымен қызықсаңыз, бір түнде оқып шығасыз, — дейді сатушы.Кісі ойланып тұрып:— Ал қызықпасам ше?Сатушы күлімсіреп:— Онда бір жыл бойы қолыңызда жүреді, — дейді.
Пайдалы ілім
27 Aug, 14:04
وَكَانَ عُمَرُ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ يَقُولُ: إِنِّي أُوصِيكَ يَا مَيْمُونُ بْنُ مِهْرَانَ، إِيَّاكَ أَنْ تَخْلُوَ بِامْرَأَةٍ غَيْرِ ذَاتِ مَحْرَمٍ، وَإِنْ حَدَّثَتْ نَفْسَكَ أَنْ تُعَلِّمَهَا الْقُرْآنَ.«Уа, Мәймун ибн Михран, саған өсиет айтамын: махрамы жоқ әйелмен оңаша қалудан сақтан, тіпті оған Құран үйретуді ойласаң да»
Пайдалы ілім
27 Aug, 13:05
Сырттың тірлігіне төреші болып, өз ошағының түтініне қарамайтындар көбейіп кетті…Бөтеннің қызын көре қалса хадис пен шариғатты жатқа соғып, ақылшы бола қалады. Ал өз үйінің босағасында отырған аманатқа келгенде көзі соқыр, құлағы саңырау. Әйелі бейтаныспен шектен шығып сөйлесіп, өзін сақтамай жатса да, «өздері біледі ғой» деп көзін жұмадыНағыз еркектік сақалдың ұзындығымен немесе «мен қызғаншақпын» деген құр сөзбен өлшенбейді. Пайғамбарымыз (ﷺ) «Даюс — жәннаттың иісін де сезбейді» деген Даюстық — өз әйелін, қызын, қарындасын өзгелерден қызғанбау, олардың ар-намысына бейжай қарау. Бұл әйелге өктемдік жүргізу немесе қорлау емес. Бұл Алланың саған сеніп тапсырған аманатын даюстық пен соқырлықтан қорғау.Өзгеге мұғалім болмас бұрын, өз үйіңдегі аманатқа бір сәт көз сал. Бөтеннің есігін түзеткенше, өзіңнің босағаңды түзе. Түсінген адамға осы да жеткілікті
Пайдалы ілім
24 Aug, 08:23
Қызға қырық үйден тыйым, жігітке елу үйден тыйым деген сөз бар…Бірақ қазір қыз балаға талапты көп қоямыз да, жігітке келгенде «жігіт қой» деп көп нәрсені кешіре саламыз.Қызға әдепті бол, ұятты бол, өзіңді сақта дейміз. Ал жігітке де өтірік айтпа, қыздың көңілімен ойнама, жауапсыз болма, ішімдік пен жаман әдеттен аулақ бол, біреудің қызын жылатпа деп үйрету керек.Қызға қойылған талап көп болғаны емес, ұлға да сондай тәрбие берілуі маңызды.Өйткені ертең сол жігіт біреудің бауыры, біреудің жары, біреудің әкесі болады.Тәрбие қызға ғана емес, ұлға да керек
Пайдалы ілім
24 Aug, 08:14
forwarded from @paiidalyilimm
Әйеліңіз бөтен қаридың қырағатын тыңдап ұйықтамауы үшін өзіңіз Құранды жаттап алыңыз…©Пайдалы ілім
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
