gram news
qarzhylyq_sauat channel avatar

qarzhylyq_sauat

@qarzhylyq_sauat

🎯 “Қаржылық сауат” номинациясы бойынша ең үздік жоба – PROOM 2024 🎯 URKER-2024 Ұлттық сыйлығының номинанты 🎯 Авторы – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты – 2025 ®️Кері байланысқа: @QSauatKZ_Bot Сайт: www.qsauat.kz

ProjectsUKFinance

9,960subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • qarzhylyq_sauat

    22 Sept, 06:48

    Біреу қоңырау шалады, қайта хабарлассаң — «бұл нөмір тіркелмеген»«Бұл қалай?» деп Activ пен Beeline операторынан Нұрлан Досмағұл есімді Facebook қолданушысы сұраған екен. Өте жақсы сұрақ.Мұндай қоңырау бәрімізге де түсіп тұрады. Кейде бір шаруаның қамын күйттеп отырып, қайта хабарласып көресің — нөмір тіркелмеген болып шығады.Иә, бұл — алаяқтардың ісі. Енді заңды сұрақ туады: олар нөмірді қайдан алды, қалай қоңырау шалып тұр?Автор көтерген мәселеге программист, IT-сарапшы Ерлан Оспан пікір білдірген екен. Оның айтуынша, қазір алаяқтар SIM-картаның Simbox деген эмуляторын қолданады екен.— Тіркелмеген нөмірден стансадан тыс қоңырау соға алады. Яғни, сізге қоңырау шалынғанын оператор білмеуі де мүмкін. Соңғы кездері алаяқтар елге көптеп әкелді, — дейді сарапшы.Посттың өзінде тегтелген екі оператор да жауапсыз қалмаған. Орынды-ақ. Себебі олар да қауіп аяқасты екенін жасырып
    819167Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    16 Sept, 09:54

    forwarded from @narykkz

    Үй алуға аударған зейнетақы ақшасын БЖЗҚ қайтарып алуы мүмкін2021 жылы БЖЗҚ-дан Отбасы банкіндегі депозитіне аударылған зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі 2027 жылы аяқтала бастайды.⏳ Ақшаны пайдалану мерзімі – 6 жыл. Мерзім қаражаттың БЖЗҚ-дан аударылған күнінен бастап есептеледі.Егер осы уақыт ішінде ақша: ▫️ ипотека алуға; ▫️ тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға; ▫️ жер телімі бар үй салуға пайдаланылмаса, қаражат БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылады.Маңыздысы – бірнеше рет ақша аударған болсаңыз, әр аударымның 6 жылдық мерзімі жеке есептеледі.Мысалы, 2021 жылы 2 млн, 2022 жылы 1 млн, 2025 жылы тағы 1 млн теңге аударылса, 2027 жылы тек алғашқы 2 млн теңгенің мерзімі аяқталады.📌 Өз ақшаңыздың пайдалану мерзімін enpf-otbasy.kz сайтындағы «Өтінімдер» бөлімінен тексеруге болады.
  • qarzhylyq_sauat

    10 Sept, 12:07edited

    Finkelisim: платформа проблемалық қарыздарды қалай реттейді?Finkelisim.kz платформасын білуіңіз бар шығар?Білмегенге айтайық: Адам баласында бірнеше банкте өтелмей жатқан қарыздары болуы мүмкін, әр банктің төлем кестесі бар, әр қарыздың ай сайынғы төлем сомасы әртүрлі. Әр қайсысы әр жақтан жұлмалап, жан-жақтан қысып тұр. Рет-ретімен жауып қарыздан құтылғың келеді, бірақ әр банк «алдымен менің қарызымды жап» деп менмұндалап тұрады.Бұл платформа сол азаптан шығуға көмектеседі. Сайтқа кіресің, өз бетіңше өтініш бересің де, барлық проблемалық қарыздың басын біріктіріп, бір төлем кестесін жасатып аласың. Сонда ғана бір жерден төлем жасап, жай табасың.Кім қатысып, кім қатыса алмайды?Қатыса алатындар:- барлық кредитор алдындағы «просрочкасын» кемінде 90 күннен асырып алғандар; - 2 және одан көп кредиторлар алдында берешегі барлар; - жалпы қарызы 648 500 теңгеден 6 920 000 теңгеге
  • qarzhylyq_sauat

    10 Sept, 06:04

    Енді үй сатқанда кез келген нотариус көмектесе алмайдыҚазақстанда мәміле (сделка) рәсімдеу тәртібі өзгеріп жатыр. Ол және жылжымайтын мүлікке ғана қатысты.Енді сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау немесе кепілге қою сияқты рәсімдер тек мүліктің өзі орналасқан адрес маңындағы нотариуста ғана куәландырылады.Бұл не үшін керек?- жүйесіздікті жою үшін; - мәміленің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін; - алаяқтыққа жол бермеу үшін.Басқа қалада болсақ ше?Уайымдайтын түгі жоқ. Бұл өзгеріс меншік иесінің құқығын шектемейді. Егер мүлік Астанада, иесі Алматыда жүрсе, «мәміле жасай алмайтын болдым, үйді қалай сатам» деп алаңдамаса да болады. Яғни, бұның шешімі — сенімхат.Үй иесі:1. Алматыдағы нотариустан сенімхат рәсімдейді. 2. Сенімді өкілі пәтер тұрған жерге (Астанаға) барып, нотариуста мәміле рәсімдеу процесін аяқтайды.
    2,210145332Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    9 Sept, 06:27

    Алтын мен депозиттің тартысы: қайсысы табысты?Дәл осы сұрақтың жауабын іздеу үшін 2025–2026 жылдарды шолып шығуға тура келді. Мақсат — жай ғана салыстырып көру.Алтын — металл. Бағасын нарық шешеді. Құбылмалы.Депозит — салған ақшаңа сыйақы қосып беретін банктің өнімі. Оның пайдасы базалық ставкаға және банктің өз саясатына тәуелді. Аса құбылмалы емес.Енді өз-өзімізге мынадай қызық сұрақ қояйық: Мысалы, 2025 жыл. Қолымызда 5 млн теңге тұр. Оны қақ бөліп, 2,5 млн теңгеден алтын мен депозитке салсақ, 2026 жылы қыркүйекте қайсысы қандай пайда беруі мүмкін?Бұл жерде «анаған сал, мынаған сал» деп құр ақыл айта алмайсың. Ал, сұраққа жауап табу үшін сол кезеңнің нақты цифрларына сүйену керек.Сонымен, 2025 жыл. Қолымызда 5 млн теңге бар. Мақсатымыз айқын.Базалық ставка жыл басында 15,25% болды. Жыл аяғына қарай 18%-ке дейін көтерілді де, сол деңгей 2026 жылғы маусымға дейін өзгерген
    1,9601818Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    8 Sept, 10:31

    Зейнетақы жинағын жеке компания(лар)ға қалай аударамыз?Инструкция!Бірден айтайын, Қордың мобильді қолданбасы (БЖЗҚ/ЕНПФ) өте ыңғайлы. Телефонға орнатылмаса, Play Market немесе App Store-дан жүктеп алу керек.Содан кейінгі әрекет:Авторизация жасау«Кабинет» бөліміне өту — сол бетте ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беруге болатын жинақ мөлшеріне көз жеткізіп алу керек. Ол әркімнің жинағына қарай әртүрлі болады. Яғни, Ұлттық банктің басқаруындағы ақшаны толық көрсетіп тұрады. Жинақтың 100%-тін жеке компанияға беруге рұқсат етілгендіктен, нақты соманы көре аламыз.«Қызметтер» бөліміне өту — осы жерден «Жинақтарды ИПБ-ға аудару немесе ҚРҰБ-қа қайтару» қызметін таңдау керек.«Қайдан» деген тұста ҚР Ұлттық Банкі – МЗЖ шотын таңдаймыз.«Қайда» деген тұсқа өзіңіз таңдаған компанияны көрсетесіз.Егер бір ғана компанияға барлық жинақты аудару туралы шешім қабылданса, «Бүкіл соманы аудару»
    1,610279Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    8 Sept, 07:45edited

    ИПБ: нарықтағы ойыншылардың жағдайы қалай?Қазір көпшілікті бір ғана сұрақ мазалайды: «Ммм, ақшаны қай компанияға сеніп тапсырсам екен?»Оны шешу үшін сіз бен бізге нақты DATA-дерек керек. БЖЗҚ сайтында Ұлттық банк пен басқарушы компаниялардың табыс көрсеткіші сайрап тұр. Бірақ оны қарапайым адам түсінбек тұрмақ, іздеп оқуы екіталай. Мойындаймыз ғой?Сол үшін ол статистикамен біз асықпай танысып шықтық. Онда соңғы бір жылдағы (2025 жылғы 1 тамыз бен 2026 жылғы 1 тамыз аралығындағы) табыс көрсеткіші мен компаниялардың соңғы 1 айдағы табысы анық жазылған.Олардың есебін бермес бұрын, кеше айтқан Halyk Global Markets-тің бұл нарықтан кететінін бірден еске сала кетейік. Компания БЖЗҚ-мен арадағы келісімшартты үзгелі отыр. Сол себепті оны ұзақ мерзімге қарастырмай-ақ қойған дұрыс.Қалған басқарушылардың 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша көрсеткіштеріне үңіліп көрейік.1. Жылдық
    1,47011721Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    8 Sept, 04:38edited

    100%: Зейнетақы жинағын жеке компанияға бермес бұрын не істеу керек?Экономистер жинақты сенімгерлік басқаруға берген дұрыс деп жатыр.Qazaqstan арнасы қос тараптың пікірін білген екен. Бұл ақпарат сіз бен бізге керек деп шештік.Ләззат Әмірғалиева, «БЖЗҚ» АҚ инвестициялық портфельді талдау басқармасының басшысы: Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдамас бұрын нарықтағы ИПБ-лардың тізімімен мұқият танысып, олардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сайтында орналастырылған инвестиция декларациясын зерделеуді ұсынамыз. ИБП-ны таңдау — салымшының дербес шешімі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының invest.enpf.kz порталында ИПБ қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді салыстыруға болады. Мақсат Халық, экономист: Зейнетақы қорындағы біздің жинақта тұрған қаражаттар көбінесе мемлекеттік құнды қағаздарда тұрады. Оның инвестициялық кірістілігі
    1,6101143Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    7 Sept, 13:06

    Болашақ «пенсиямызды» бүгіннен бастап өзіміз басқарамызСолай.Егер телефонда БЖЗҚ/ЕНПФ қосымшасы орнатылған болса, «Кабинет» бөлімінен ИПБ-ға (жеке басқарушы компанияларға) қанша ақша бере алатынымызды көре аламыз.Бұрын (2023 жылғы шілдеден бері) жинағымыздың тек 50%-тін ғана бере алатын едік. Енді бүгіннен бастап ақшамызға өзіміз 100% билік етеміз. Бірақ ол — ақшаны шешіп немесе өзіміз қалаған жаққа аударып жібере аламыз деген сөз емес.Иә, аудара аламыз, бірақ нақты бекітілген 6 жеке компания(лар)ға ғана. Олар:Alatau City Invest Сентрас Секьюритиз BCC Invest Halyk Global Markets Halyk Finance Tansar CapitalӘр адам компаниялардың жұмысын бақылап, табыс статистикасын қарап біреуін немесе бірнешеуін таңдай алады.Тек бұл тізімнен Halyk Global Markets-ті сызып тастай беруге болады. Өйткені бұл компания БЖЗҚ-мен арадағы келісімшартты тоқтататын болып шешім қабылдады. Яғни, 2027
    1,94019321Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    4 Sept, 12:02

    2027 жыл: қажылық сапарды кімдер ұйымдастыра алады?Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы туроператорлар арасында іріктеу жүргізген екен. Соның қорытындысы шығыпты.Іріктеудің өзіндік мақсаты болған:– қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру; – Сауд Арабия аумағында қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен құқығын қамтамасыз ету; – қажылыққа қатысты Сауд заңдарының талабын сақтау.Неше туроператор іріктеуден өтті?Діни басқарманың ресми мәліметіне сүйенсек, 4 туроператор таңдап алынған. Олар мынау:«Атлас Туризм» «Нұрхан Тревел» «Тауаф Тревел» «Хикмет Тревел»Іріктеуден өтпей қалған да туроператорлар бар. Бірақ олардың жолы біржола кесілмеген. Діни басқарма іріктеуден өткен жоғарыдағы төртеудің бірімен субагенттік негізде қажылық сапар ұйымдастыруға болатынын растайды.
    2,22076Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    4 Sept, 07:01edited

    Ставка тағы түсті!Биылғы көрініс мынадай:🔴 Қаңтар-сәуір аралығында — 18,00%🔻 Маусымда — 17,00% 🔻 Шілдеде — 16,75% 🔻 Қыркүйекте — 16,25%Базалық ставка — экономикадағы ақшаның құнын реттейтін басты тетік.Бұл құрал елдегі барлық кредит пен депозиттің процентін «басқарады».Ставка жоғарыласа, банктерден ақша алу (кредит) қымбаттайды деген сөз. Сол арқылы Орталық банк инфляцияны тежеуге тырысады. Бұл тұрғыда депозитте ақша ұстайтындар ұтатыны анық. Өйткені оның проценттік сыйақысы базалық ставкадан кем түспеуге тиіс.Ставка төмендеген сайын, керісінше, халық пен бизнеске несие қолжетімді бола түседі. Демек, депозиттердің де проценттік сыйақысын біртіндеп түсіруге сеп бола бастайды.Қысқа қайырғанда, базалық ставка — экономикадағы ақшаның қаншалықты қымбат не арзан болатынын шешетін басты өлшем.
    2,20017441Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    4 Sept, 04:14

    Базалық ставка өзгере ме екен?Бүгін Ұлттық банктің кезекті шешімі.Әдетте, ставкаға инфляция әсер етеді. Соңғы статистикалық деректер бойынша, инфляция көрсеткіші бір таңбалы мәнге түсті (9,8%). Бұған қарап оның тұрақты түрде бәсеңдеп келе жатқанын аңғаруға болады.Ал, Орталық банк не дер екен? Қандай шешім шығармақ?Осы маусым айында 17%-ке түскен базалық ставка шілдеде тағы төмендетілген еді. Қазір ол 16,75%. Осы меже тұрғысынан қарап, Ұлттық банктің шешімін күтейік. Ол сағат 12.00-де жарияланады.Оқырман, сіз не күтесіз?Ставка:- сақталады? - көтеріледі? - түседі?@qarzhylyq_sauat
  • qarzhylyq_sauat

    2 Sept, 12:57edited

    Шұғыл ауруханаға түскен адамның жақындарына SMS барадыОсындай жаңа сервис іске қосылып жатыр. Оны eGov.kz пен eGov Mobile-да қолдануға болады. Енді кез келген Қазақстан азаматы өзіне жақын 3 адамды белгілеп қоя алады. Тек жасы 18-ден жоғары болса және Мобильді азаматтар базасында тіркелсе болды.Бұл өмір ғой. Ешкім ештеңеден сақтандырылмаған.Кенет бір жағдайға душар болып (жол апаты, оқыс оқиға, денсаулықтың күрт нашарлауы), аяқ астынан ауруханаға түссең, сол өзің көрсеткен үш адамға автоматты түрде SMS барады.Сондай сенімді үш адамды eGov порталында көрсетіп қою үшін олардың ЖСН нөмірі жеткілікті. Енді ол сервисті қалай іске қосу керек екенін айта отырайық.eGov.kz порталында:- авторизация; - Қызметтер санаты; - Денсаулық сақтау: «Ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлама жіберу үшін сенімді байланыс тұлғаларын тіркеу» - Қызметке тапсырыс беру - Сенімді адамның ЖСН-ін енгізу -
    2,5601032Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    2 Sept, 07:46

    2,2201310Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    2 Sept, 05:50

  • qarzhylyq_sauat

    1 Sept, 12:00

    2,24019111Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    1 Sept, 04:58edited

    «Көп адам көлік аларда оның бағасын емес, ай сайын қанша төлейтінін сұрайды»Бірақ несие мақұлданар кезде басқа да қосымша шығындардың бәрі бірдей есепке алынбайды.Оқырманымыздың бірі осы тақырыпқа қатысты сауал қойған еді. Қателеспесем, «көлік ұстаған адамның шығыны қалай есептеледі, айлық табыстың 20%-тінен аспауы керек деп айтады...» деген мазмұнда сұрады.«Айқын» газетінің сайтында жарық көрген мына мақала осы сұраққа біршама жауап беретін секілді. Ықшамдап, ой салар пайдалы тұсын берейік деп шештік.Бір кездері автокөлік алу үшін жылдап ақша жинайтын едік. Қазір көлік салонына жеке куәлікпен кіріп, бірнеше сағаттан кейін су жаңа машиналы бола аласыз.Алғашқы жарнасы аз, төлем мерзімі бес-жеті жылға созылады. Жарна­мада көліктің толық құны емес, «айына небәрі 150 мың теңге» деген сома көрсе­тіледі. Осылайша темір тұлпар бұрынғыдан қолжетімді көріне бастады. Бірақ ай сайынғы
    2,00014131Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    1 Sept, 04:06

    @qarzhylyq_sauat
    Image from a post by qarzhylyq_sauatImage from a post by qarzhylyq_sauat
    1,730155Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    31 Aug, 09:05

    2,130191052Open in Telegram
  • qarzhylyq_sauat

    31 Aug, 06:06

    1,910206Open in Telegram