Latest posts
Қатал редактор pinned «Бәрін айт та, бірін айт, көмектестің жырын айт депті ғой дана халқымыц. Мына мысалдардың бәрін Калькасыз қазақ тілінен таба аласыз әрі бұлардың дені творительный падеждің ықпалынан көмектес болып тұрғанын түсінесіз. Мұндайларды көсемшеге я басқа бірдеңеге…»
22 Sept, 08:27
Қатал редактор pinned «жазғаныңызда "бірдеңе істеу арқылы" және "бірдеңе ретінде" деген тіркестер болса, оны нашар мәтін дей беріңіз)»
21 Sept, 19:34

Қатал редактор
21 Sept, 11:01
тұйық етістік+арқылының орнына — -ып, -in, -п, -а, -е, - й деген көсемше; тұйық етістік+үшін+етістіктің орнына — -н деп, -қалы, -келі, -ғалы, -гелі (т.б.); "ретінденің" орнына болып/деп/етіп/қылып. Осы формула мәтінді ЖИ-дікінен де, тірі мидікінен де уникалҚатал редактор pinned «тұйық етістік+арқылының орнына — -ып, -in, -п, -а, -е, - й деген көсемше; тұйық етістік+үшін+етістіктің орнына — -н деп, -қалы, -келі, -ғалы, -гелі (т.б.); "ретінденің" орнына болып/деп/етіп/қылып. Осы формула мәтінді ЖИ-дікінен де, тірі мидікінен де уникал…»
17 Sept, 08:27

Қатал редактор
15 Sept, 07:59
forwarded from @audargazm
50 shades of KazakhҚазақ "гештальтім" жабылды демейді.Қазақ: - "Көңілім бірленді" дейді. - "Кеткенім келіп, кемтігім толды" дейді. - "Жығылған туым қайта тігілді" дейді. - "Қисығым түзеліп, көсегем көгерді" дейді. - "Жыртығым жамалып, сынығым бүтінделді" дейді. - "Ойым орнығып, түйінім шешілді" дейді. - "Есем қайтып, еңсем тіктелді" дейді. - "Көкейімдегі келісті" дейді. - "Арманымнан арылдым, аңсарым қанды" дейді. - "Құмарым тарқап, қалауыма қарқ болдым" дейді. - "Төрт құбылам тең болды" дейді.Қазақ "гештальтім жабылмады" демейді. Қазақ: - "Арманым ішімде кетті" - дейді.
Қатал редактор
15 Sept, 07:59edited
гештальтімізді "жапқаннан" өтегеніміз жақсы емес пе деп жүргенде…👇🏼
Қатал редактор
15 Sept, 07:53
негізі, біреуге бірдеңе үйрету мен біреудің өзін (жануарды, мысалы) үйрету дегендердегі етістіктің тұлғасы бірдей болғанымен, мағынасында сәл өзгешелік бар (полисемия), сондықтан IT мамандары мәшинені үйрету/оқыту деп жатса, ол да қисынды.
Қатал редактор
14 Sept, 06:37

Қатал редактор
13 Sept, 09:16
Тіркестен тіркес, сөйлемнен сөйлем, мәтіннен мәтін арпалысып жүрген күндердің бііір күні бір мысал кезігіп, Назгүл мынаны осы себепті былай деген екен ғой дейсің. Каналдағы титтей мысалдың ар жағында мидың мыңғырық процесі барын түсінген өз алдына, кей нәрсеге
Қатал редактор
28 Aug, 18:36
"Депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға..."Біртүрлі. Біреудің міндетін атқармақшы сияқты. Өйткені "возложенные на меня высокие обязанности депутата" дегеннің аудармасы ғой.Ооо баста қазақша жазылған ант болса, кімге жүктелсе де, "депутат міндеті" дегеннің арасы ажырамас еді ғой. "Адал атқарамын ДЕП" ант берілер еді.Сол баяғы "әуелі орысша, сосын қазақша" деген түсінік қой, қысқасы.
Қатал редактор
13 Aug, 04:33
forwarded from @kalkastop
❌ бұл ел үш жағынан теңізбен қоршалған⁉️ окружен✅ теңіз қоршап жатыр
Қатал редактор
27 Jul, 11:43
Тіркестен тіркес, сөйлемнен сөйлем, мәтіннен мәтін арпалысып жүрген күндердің бііір күні бір мысал кезігіп, Назгүл мынаны осы себепті былай деген екен ғой дейсің. Каналдағы титтей мысалдың ар жағында мидың мыңғырық процесі барын түсінген өз алдына, кей нәрсеге өзің бетпе-бет келмесең, мән бермеуің мүмкін. Бір күні Итакаға оралғанда шетінен жайлааап отырып жазармын)
Қатал редактор
19 Jul, 11:10
Әлімжан Асқар деген барып тұрған…ерекше құбылыс екен ғой.-уда, -уде дегенді мүлде қолданбай, футбол эфирінің етістігін күшті қылып өзгертіп тастапты.Әдетте біздің еститініміз ойнауда тебуда болуда салуда мен салмауда ғой). Сосын таптаурын сөйлемдер бар. Күмәнсіз. Басқа дым жоқ.Сондай ортада принципке барып, морфология-синтаксисіне кәдімгідей мән беріп отыр-ау. Знашыт, тегін адам емес. Біреулер "тікелей эфирде дұрыс сөйлеп отыру мүмкін емес, анау-мынау, ауызекі-мауызекі" деп жатады ғо — бос сөз екен онда.Эфирді басқаруын, толтыруын, ана жердегі сентименттің бәрін қолға ұстатқандай жеткізетінін, шешендігін былай қойғанда деймдағы.
Қатал редактор
15 Jul, 13:33
Бір сөйлеміңде "туғызып", екінші сөйлеміңде "тудырып" жатсаң да жақсы емес қой былай қарап тұрсаң.
Қатал редактор
8 Jul, 13:13
"тұйық етістік + үшін" дегеннің басқа да күшті барианттары бар):"Мән-жайды білу үшін бардым" —- Мән-жайды білейін деп бардым; - Мән-жайды білмекке бардым; - Мән-жайды білгелі бардым.
Қатал редактор
5 Jul, 16:39
1,610Open in Telegram
Қатал редактор
5 Jul, 11:50
жазғаныңызда "бірдеңе істеу арқылы" және "бірдеңе ретінде" деген тіркестер болса, оны нашар мәтін дей беріңіз)1,340Open in Telegram
Қатал редактор
4 Jul, 18:06
сайлау "тым көбейіп кетті" әрі "халық толассыз саяси науқандардан шаршай бастады" деп түсіндірді


Қатал редактор
25 Jun, 18:52
forwarded from @qazaqbubble
түріктер итке köpek дейді, бірақ қазақтың диалектілерінде көпек сөзі бар болғанымен, әдеби тілдегі күпек сөзі мүлде басқа нәрсені білдіреді — ол ұл бала сүндеттелгенде алынып тасталатын тері бөлшегінің атауы. орысша — крайняя плоть, ағылшынша — foreskin.айтпақшы, сүндетке отырғызғанды піштіру деп жүрген достарыңызға айтыңыз: піштіру немесе пішу — басқа ұғым. шатаспайық!осы орайда, бүгінгі жазбамызды оқи отырңыздар 🥰
Қатал редактор
24 Jun, 10:55
"Отандық журналист" деген не айтқысы келіп тұрған тіркес екен? "Қазақстан/қазақ журналисі" дегеннен артық мәні я тағы бірдеңесі бар ма?
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
