Latest posts

Qaz365.kz
14 Nov, 08:18
⚛️ АЭС іске қосылғанда, оны кім басқарады?Қазақстанда атом электр станциясын салу ғана емес, оны басқаратын білікті мамандарды даярлау да маңызды мәселе болып отыр.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Нұрзада Бейсен Qaz365.kz тілшісіне еліміздің өз мамандарын даярлауға мүмкіндігі бар екенін айтты.📊 АЭС-ке қанша маман қажет?🔹 Станция құрылысына шамамен 15 мың адам тартылады;🔹 АЭС іске қосылғаннан кейін оның жұмысын қамтамасыз ету үшін 1800-ге жуық маман қажет;🔹 Реактор операторлары мен ауысым басшыларын даярлау 7–10 жылға созылады.👷 Қандай мамандар тапшы болуы мүмкін?Реактор операторлары, ауысым басшылары, жылу процестерін есептейтін инженерлер және қорғаныс жүйелерін сынайтын мамандар.💬 «Қазақстан өз инженерлік-техникалық кадрларын даярлай алады. Дегенмен шетелдік әріптестердің көмегі алғашқы энергоблокқа арналған жабдықтарды монтаждау, жүйелерді сынау және реакторды алғаш рет іске қосу кезеңдерінде ерекше маңызды болады», – дейді профессор.🎓 ҚазҰУ-да ядролық физика және ядролық инженерия бағыттары бойынша мамандар даярланып жатыр. Ал 2027 жылы «Уран ісі» бағдарламасына алғашқы студенттерді қабылдау жоспарланған.📌 Сарапшының пікірінше, болашақ операторларды іріктеуді қазірден бастау қажет. Өйткені АЭС қауіпсіздігі станцияны басқаратын мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты.👉 Толығырақ Qaz365.kz сайтынан оқыңыз
Qaz365.kz
13 Nov, 12:39
📚 Кітап оқуды ойынға айналдырған қазақстандық жобаға 20 мыңнан астам адам тіркелдіҚазақстандықтар кітап оқып қана қоймай, ол үшін ұпай жинап, виртуалды кейіпкерін дамыта алады. Мұндай мүмкіндік PARAQTA онлайн кітапханасында бар.📊 Жобаның қазіргі көрсеткіштері:🔹20 мыңнан астам адам тіркелген;🔹12 мың кітап оқылып біткен;🔹Күн сайын кемінде 700 адам кітап оқиды;🔹180-нен астам оқырман клубы құрылған.🎮 Кітап оқу қалай ойынға айналады?📖 Әр оқылған бет үшін 1 ұпай беріледі.🏠 Жиналған ұпайға виртуалды үйді безендіріп, «шырақ» деп аталатын кейіпкерге киім сатып алуға болады.🔥 Бірнеше күн қатарынан кітап оқысаңыз, оқу тізбегі сақталады. Ал бір күн үзіліс жасасаңыз, «шырағыңыз» сөніп қалуы мүмкін.👥 Достарыңыздың кітап оқып отырғанын көріп, бірге оқырман клубтарына қатыса аласыз.💬 «Біз кітап оқуды барынша жеңіл әрі қызықты етуге тырысып жатырмыз», – дейді жоба негізін қалаушы Ердаулет Аянұлы.📚 Қазір платформада 148 кітап бар. Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап қорын заң аясында толықтыруға көмектесуге ниет білдірген.📱 Жоба командасының келесі мақсаты – қосымшаны Google Play дүкеніне шығару.
Qaz365.kz
13 Nov, 12:24edited
💰 Қазақстандықтар зейнетақы жинағын екі есе арттыра алады: БЖЗҚ басшысы түсіндірдіЗейнетке шыққанда қанша ақша алатыныңыз жинағыңызды қалай инвестициялағаныңызға байланысты болуы мүмкін.БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың айтуынша, инвестициялық портфельді дұрыс таңдау ұзақ мерзімде жинақ көлеміне айтарлықтай әсер етеді.📊 40 жыл ішінде нақты инвестициялық табыстылықтың айырмашылығы:🔹 +1% – жинақ 25%-ға артады;🔹 +2% – жинақ 1,5 есеге өседі;🔹 +3% – жинақ екі есеге дейін ұлғаяды.📌 Не өзгерді?7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының 100%-ына дейін жеке басқарушы компанияларға бере алады.Салымшыларға инвестициялық портфельдің үш түрі ұсынылады:🟢 Консервативті – тәуекелі төмен;🟡 Орташа – тәуекел мен табыстылық теңгерімі;🔴 Тәуекелді – табыстылығы жоғары болуы мүмкін, бірақ шығын қаупі де жоғары.⚠️ Маңызды: зейнетақы жинағы міндетті түрде екі есе өседі деген кепілдік жоқ. Нәтиже инвестициялық табыстылыққа байланысты.👉 Толығырақ Qaz365.kz сайтынан оқыңыз
Qaz365.kz
13 Nov, 11:26
✈️ «Air Astana» Алматы мен Астанадан Шарм-эль-Шейхке тұрақты рейстер ашадыАлматыдан рейстер 10 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ал Астанадан ұшақтар 11 желтоқсаннан бастап сейсенбі мен жұма күндері ұшады. Барлық бағыттар бойынша A321 жайлы әуе кемелері қолданылады. Бұған дейін Шарм-эль-Шейхке рейстер тек чартерлік бағдарламалар аясында ғана жүзеге асырылып келген.Алматыдан ұшу уақыты 7 сағат 30 минутты, ал Астанадан 6 сағат 55 минутты құрайды. Билеттің барлық алымдарды есептегендегі ең төменгі құны эконом-класта екі қаладан да 283 мың теңгеден басталса, бизнес-класта Алматыдан 597 мың теңгеден, Астанадан 588 мың теңгеден асады.
Qaz365.kz
13 Nov, 10:07
🚨 «Өзіміздікі» және «бөтен» деп бөлуге болмайды: Тоқаев жемқорлық туралы айттыҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сыбайлас жемқорлық ахуалы әлі де күрделі екенін мәлімдеді.📊 Жемқорлыққа қатысты статистика:🔹 2023–2025 жылдары 3168 құқықбұзушылық анықталған;🔹 Оның 2165-ін мемлекеттік қызметшілер жасаған;🔹 2026 жылдың алғашқы 10 айында 751 құқықбұзушылық тіркелген;🔹 Соның 546-сы мемлекеттік қызметшілерге, қалған 205-і өзге тұлғаларға қатысты.💬 «Еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр. Бірақ біз ешнәрсені де жасырмаймыз, басын құмға тыққан страустың кейпіне түспейміз», – деді Президент.⚖️ Тоқаевтың айтуынша, ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен Бас прокуратура түрлі деңгейдегі басшылардың заңбұзушылықтарын жіті тексереді.❗️ «Өзіміздікі» және «өзіміздікі емес», тіпті «бөтен» деп бөлуге мүлде жол берілмейді. Өйткені Конституцияда заң мен сот алдында бәрі тең екені анық жазылды», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.1,290Open in Telegram
Qaz365.kz
13 Nov, 09:45edited
🏡 Жер телімі заңды, шешімі неге даулы?Қазақстанда мемлекеттік органдардың шешімімен заңды түрде берілген жер телімдері бірнеше жылдан кейін «заңсыз» деп танылып, мемлекет меншігіне қайтарылып жатқан жағдайлар кездеседі.⚠️ Мәселе неде?Азаматтар жерді заңды түрде алып, өз қаражатына үй салады. Алайда кейін қаланың бас жоспары өзгерсе немесе құжаттардан кемшілік табылса, олардың баспанасы мен меншік құқығына қауіп төнуі мүмкін.💬 «Мемлекеттік органның шешіміне сенген азаматтың құқығы қорғалуы тиіс. Шенеуніктердің қателігі үшін қарапайым халық жауап бермеуі керек», – деген мәселені көтерді қоғам қайраткері, экс-депутат Қайрат Балабиев.⚖️ Қандай өзгерістер қажет?🔹 Қалалардың бас жоспарын өзгерту ашық жүргізілуі тиіс;🔹 Жер иелерінің заңды құқықтары қорғалуы керек;🔹 Жер бөлу кезінде заң бұзған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылуы қажет;🔹 Мемлекеттік қажеттілік үшін жер алынған жағдайда әділ өтемақы төленуі тиіс.Заңгер Бақытжан Базарбектің пікірінше, жер мәселесінің артында тек меншік құқығы емес, тұтас отбасының тағдыры мен жылдар бойғы еңбегі тұр.❓ Мемлекет заңды түрде берген жерін кейін қайтарып алса, жауапкершілікті кім көтеруі керек?👉 Толығырақ Qaz365.kz материалынан оқыңыз
Qaz365.kz
13 Nov, 08:12edited
🕌 «Ахи» емес, «бауырым»: Мүфтият қазақстандықтарды кейбір шетелдік сөздерден бас тартуға шақырдыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті қарым-қатынаста арабша және өзге де шетелдік сөздердің орнына қазақ тілінде бұрыннан қалыптасқан атауларды қолдануға кеңес берді.📌 Қандай сөздерді қолданған дұрыс?🔹 «Ифтар» емес – «ауызашар»;🔹 «Сухур» емес – «сәресі»;🔹 «Ахи» емес – «бауырым», «ағам», «інім»;🔹 «Ухти» емес – «әпкем», «апам», «қарындасым».🕌 Сондай-ақ бес уақыт намазды таң, бесін, екінті, ақшам және құптан деп атау ұсынылды.💬 Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дінге қатысты байырғы қазақ сөздерін арабша атаулармен алмастырудың қажеттілігіне күмән келтірген еді.❗️ Бұл араб тіліне тыйым салу деген сөз емес. Құран аяттары, дұғалар мен зікірлерді араб тілінде оқудың діни мәні сақталады. Ұсыныс тек күнделікті сөйлеу мәдениетіне қатысты.ҚМДБ-ның пікірінше, төл сөздерді қолдану – тілді ғана емес, ұлттық және рухани құндылықтарды да сақтаудың бір жолы.👉 Толығырақ Qaz365.kz сайтынан оқыңыз
Qaz365.kz
13 Nov, 06:07
📚 «Білім жүйесі бизнеске айналды»: Математика мұғалімі аттестация мен ақылы олимпиадаларды сынға алдыҚазақстандық математика мұғалімі Азамат Самбетқұлов білім беру саласындағы ақылы олимпиадалар мен педагогтерді аттестациядан өткізу жүйесін қатаң сынға алды.💰 «1900 теңгеге бірінші дәрежелі диплом алдым»Мұғалім ақылы олимпиадаға қатысып, небәрі 20 минутта бірінші дәрежелі диплом алғанын айтты.📊 Педагогтің есебінше:🔹 400 мың мұғалім 1900 теңгеден төлесе – 760 млн теңге;🔹 3 млн оқушы 1000 теңгеден төлесе – 3 млрд теңге жиналуы мүмкін;🔹 Аттестацияға дайындық бойынша ақылы сүйемелдеу қызметі 150 мың теңгеге ұсынылады.⚠️ Мұғалімнің пікірінше, рейтинг қуалау, сертификат жинау және үздіксіз есеп беру педагогтерді негізгі міндеті – бала оқытудан алшақтатып отыр.💬 «Мұғалімнің білімі батарейка емес, бес жылда бір зарядтап тұрмаса, отырып қалатын», – дейді Азамат Самбетқұлов.Ол аттестация аралығын 5 жылдан 8–10 жылға дейін ұзартуды ұсынып, мәселеге Президенттің назар аударуын сұрады.❓ Ал сіз қалай ойлайсыз: мұғалімнің біліктілігін бес жыл сайын тексеру қажет пе?👉 Толығырақ Qaz365.kz материалынан оқыңыз
Qaz365.kz
22 Sept, 15:18
1,000Open in Telegram
Qaz365.kz
22 Sept, 12:55
❗️ «Тіл саясиландыратын мәселе емес»: Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдадыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочарованы қабылдады.Кездесуде білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңыздылығын баса айтты.«Тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Qaz365.kz
22 Sept, 11:52
👨⚖️ Гүлнар Бажкенованың апелляциялық шағымы бойынша қандай шешім шықтыАпелляциялық сот алқасы Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкенованың бірінші инстанциядағы сот үкіміне берген шағымын қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды.Бұған дейін, 18 тамызда Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 соты Гүлнар Бажкенованы 8 жылға бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Сонымен бірге сот оған 5 жыл мерзімге журналистік, қоғамдық және басшылық қызметпен айналысуға тыйым салды.Алайда, Бажкенованың 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылды. Сот журналисті көрінеу жалған ақпарат таратты, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпты деп таныған еді.
Qaz365.kz
22 Sept, 11:40
1,140Open in Telegram
Qaz365.kz
22 Sept, 11:03
⚠️ Айыппұлды елемейтіндер бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкінҚазақстанда жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында жүргізушілер үшін «баллдық» жүйе енгізіліп, оң рульді көліктерді такси қызметінде пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.Министрдің айтуынша, 2025 жылдан бастап елімізде такси агрегаторларына бақылау күшейтіліп, цифрлық ақпарат алмасу жолға қойылды. Осы жүйе аясында такси компанияларына 70 мың оң рульді көліктің тізімі жіберілген. Сонымен қатар жүргізуші куәліктерін автоматты түрде тексеру енгізіліп жатыр, бұл құжаты жоқ азаматтардың жолаушылар тасымалдауына жол бермейді.Бұдан бөлек, Көлік министрлігі мен такси агрегаторлары бірлесіп, жүргізушілердің рейс алдында медициналық тексеруден өтуін және көліктердің техникалық жағдайын бақылаудың нақты тетігін әзірлеуді
Qaz365.kz
22 Sept, 09:45

Qaz365.kz
22 Sept, 09:32
☄️ Жаңадан құрылған Қазақстан Халық Кеңесі Астанада бас қосадыҚазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы 23–24 қыркүйекте Астанада өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңестің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.Өкім 22 қыркүйекте жарияланды. Құжатқа сәйкес, Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығына алғашқы жиынды өткізуді ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Qaz365.kz
22 Sept, 08:29
⚡️️ Ермұрат Бәпи, Нұртөре Жүсіп және Аманжол Әлтай: Қазақстан Халық Кеңесіне ел ағалары кірдіМемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған консультативтік-кеңесші органның құрамы толығымен жаңартылды.Консультативтік-кеңесші органның құрамына еліміздің әртүрлі салаларынан 126 өкіл енді. Олардың қатарында жергілікті мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ғылым мен білім, спорт және БАҚ саласының танымал қайраткерлері бар. Сонымен қатар тізімде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен Қазақстанның Еңбек Ерлері де орын алған.➡️ Олардың арасында: https://qaz365.kz/politics/20061-ermurat-b-pi-nurtore-zhusip-zh-ne-amanzh
Qaz365.kz
22 Sept, 07:34
❗️ «Жұмыс істеңіздер, әйтпесе орныңызға басқа адам келеді»: Бектенов «ҚазАвтоЖолды» сынға алдыПремьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жұмысын сынға алып, елдегі жол сапасын көтеруді талап етті.Үкімет отырысында ол компанияның басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің баяндамасына қатысты пікір білдірді. Премьер-министрдің айтуынша, жол саласында шешілмей жатқан мәселе көп болғанымен, олардың бірқатары баяндамада айтылмаған.«Баяндама жақсы. Алайда шешімін таппай отырған мәселе әлі де көп. Сіз олар туралы айтпадыңыз. Президент атап көрсеткен кемшіліктердің бәрі де сіздердің жұмыстарыңызға тікелей қатысты. Сондықтан жол сапасын көтеріп, қалыптасқан жағдайды түзету қажет. Жұмыс істеңіздер, әйтпесе орныңызға басқа адамдар келеді», – деді Олжас Бектенов.Үкімет басшысы ұлттық компанияға жолдардың сапасын жақсартып, қордаланған
Qaz365.kz
22 Sept, 05:11
🇰🇿 KEGOC компаниясында мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 98%-дан астыМемлекеттік тілдің мекемедегі нақты орны, ең алдымен, күнделікті жұмыс үдерісінен көрінеді: қызметтік хаттардың қай тілде жазылатыны, мамандардың жиындарда қай тілде пікір білдіретіні және құжаттардың бастапқыда қазақ тілінде әзірленуі – соның айқын көрсеткіші.Осы тұрғыдан алғанда, KEGOC компаниясында мемлекеттік тілдегі құжат айналымы үлесінің 98 пайыздан асуы – маңызды көрсеткіш. Сонымен қатар қазақ тілінің жұмыс кездесулерінде, аппараттық кеңестерде және корпоративтік іс-шараларда қолданылу аясы кеңейіп келеді.Бұл – компанияда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бүгінде компанияда тіл саясатына қатысты бизнес-процестер цифрландырылған. Соның нәтижесінде әр бөлім өз көрсеткіштерін алдыңғы кезеңмен салыстырып, қай
Qaz365.kz
21 Sept, 14:49

Qaz365.kz
21 Sept, 12:54
⚡️️ Қуанышбек Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалдыОсы қызметті атқарып келген Мереке Көшекбаев лауазымынан босатылды.Президенттің тиісті өкімдері 21 қыркүйекте ресми түрде жарияланды. Құрлық әскерлерін басқарған генерал-майор Мереке Көшекбаев аталған лауазымда 2024 жылғы қарашадан бері қызмет етіп келген болатын.
Followers write to the bot, you answer by reply, your account stays hidden. Created in one tap.
How it works →Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
