Latest posts

Qazaqstan.tv
14 Nov, 09:07edited
Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова дүниеден өттіҚазақ телевизиясының қалыптасуына зор үлес қосқан ардагер Зұлқия Жұматова 107 жасқа қараған шағында өмірден озды.Ол 1958 жылғы 8 наурызда алғашқы эфирді «Кеш жарық!» деп ашып, көгілдір экраннан қазақ тілінде алғаш сөйлеген диктор атанды.Зұлқия Мұқанқызы 12 жыл бойы жаңалықтар мен түрлі бағдарламаларды жүргізді. Мұхтар Әуезовтен сұхбат алып, балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер жазды.«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.
Qazaqstan.tv
14 Nov, 05:37
🌐 Жаһандық нарық жаңалықтары🇨🇳 Қытайда 2026 жылдың қазан айында жеңіл автокөліктердің бөлшек саудасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,1%-ға төмендеп, 1,643 миллион дананы құрады. Бұл – сатылымның қатарынан он үшінші ай төмендеуі. Қытайдың жеңіл автомобильдер қауымдастығы (CPCA) жариялаған мәліметтерге қарағанда, дәстүрлі түрде сауда қызатын қазан айында да ішкі нарықтағы сұраныс қалпына келе алмаған.🇬🇧 Ұлыбритания экономикасы шілде–қыркүйек айларында 0,7%-ға өсті. Бұл екінші тоқсанда тіркелген 0,5%-дық өсімнен жоғары. Екінші тоқсанның көрсеткіші қайта қаралып, нақтыланғанын Ұлттық статистика басқармасы (ONS) хабарлады.📉 Binance биржасының мәліметінше, биткоин бағамы 70 мың доллардан төмен түсті. Соңғы рет криптовалюта бұл деңгейден 20 тамызда төмендеген болатын. Сол кезде биткоиннің бағасы 63 мың долларға дейін құлдырап, кейін қайта қалпына келіп, 72 мың доллар шамасында тұрақтаған еді.🛢Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, қазан айының қорытындысы бойынша Таяу Шығыстан шикі мұнай экспорты тәулігіне 900 мың баррельге артып, 17,1 млн баррельге жетті. Өткен айда Ормұз бұғазы маңында мұнайды бір танкерден екіншісіне ауыстырып тиеу көлемі тәулігіне шамамен 1 млн баррельге азайған. Алайда бұл төмендеу Сауд Арабиясының Қызыл теңіз арқылы мұнай экспортын арттыруы және Парсы шығанағынан ашық теңізге кемелердің тікелей шығуы есебінен өтелген.
Qazaqstan.tv
14 Nov, 04:48
forwarded from @qazsporttv
🇰🇿 Боччадан әлем кубогының жүлдегерлері елге оралдыБразилияның Сан-Паулу қаласында өткен әлем кубогында Қазақстан құрамасы бір алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды.🏆 Қуаныш Аскарбеков алтын медаль иеленсе, Итиана Шыңғысханова жекелей сында күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшылар командалық бәсекеде де жүлдегер атанды.Елге оралған параспортшыларды жанкүйерлер мен жақындары әуежайдан күтіп алды.
Qazaqstan.tv
14 Nov, 03:01
🌧️ Жаңбыр, қар, көктайғақ: Демалыс күндері елде ауа райы құбылады«Қазгидрометтің» болжамынша, 14-16 қараша күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.15 қарашада еліміздің батысында жаңбыр, 16 қарашада БҚО-да қатты жауын-шашын жауады.🌡️ Өңірлер бойынша ауа температурасы:Батыс: Түнде +2...+8°С-тан +6...+11°С-қа дейін жылынады, 16 қарашада -2...+3°С-қа дейін төмендейді. Күндіз +8...+13°С-тан +1...+8°С-қа дейін суытады.Солтүстік: Түнде -5...+2°С, күндіз -2...+3°С-тан 0...+5°С-қа дейін жылынады.Орталық: Түнде -2...-10°С, күндіз -3...+5°С.Шығыс: Түнде -1...-8°С-тан -6...-13°С-қа дейін төмендейді. Күндіз -5...+3°С.Оңтүстік: Түнде -5...+3°С, күндіз +5...+12°С-тан +7...+15°С-қа дейін көтеріледі.
Qazaqstan.tv
13 Nov, 18:19
forwarded from @qazsporttv
🇰🇿 Хорватия төрінде Әнұранымыз шырқалдыҚазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-при турнирінде 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.Финалда отандасымыз бразилиялық Рональд Лимадан басым түсті!🥈 Ғалия Тынбаева 🥈 Аман Бақытжан
Qazaqstan.tv
13 Nov, 18:02
🤩Бүгінгі күнді жағымды жаңалықтармен қорытындылайық!🫂АҚШ-тан оралған жігіт анасы мен егіз сыңарына тосынсый жасады Жігіт ата-анасына айтпай, АҚШ-тан Қазақстанға ұшып келді. Егіз сыңары әуежайға Америкадан келген «сәлемдемені» алуға барып, бір жарым жыл көрмеген бауырын қарсы алды.✈️Астана мен Алматыдан Шарм-эль-Шейхке тікелей рейстер ашылады Қазақстандықтар Мысырдың танымал курорты Шарм-эль-Шейхке енді тұрақты рейстермен қатынай алады. Жаңа әуе бағыттары Алматыдан 10 желтоқсанда, ал Астанадан 11 желтоқсанда іске қосылады.❄️Астанада қар жауды Қазгидрометтің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.🗓Мерзімді әскери қызметшілерге жоғары білім алу үшін 1040 орын бөлінді Оның 800-і мемлекеттік грант болса, тағы 240 орын күштік құрылымдардың жоғары оқу орындарынан ұсынылды.😍«Ертегідей көрініс»: Apple Қазақстанда түсірілген ерекше видеоны жариялады Apple компаниясы Instagram желісіндегі ресми парақшасында Қазақстанның көркем табиғаты түсірілген видеоны жариялады. Кадрлардан атпен серуендеп жүрген сәтте айналасында қалықтаған жүздеген көбелекті көруге болады.
Qazaqstan.tv
13 Nov, 14:41
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдадыПрезидентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Qazaqstan.tv
13 Nov, 14:28
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткіздіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мәселесіне арналған шұғыл отырысы өтті.Жиында халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективасы және еліміздің транзит әлеуетін нығайту шаралары қаралды.Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Үкіметтің өзге де мүшелері саланың қазіргі ахуалы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы даму бағыттары туралы баяндама жасады.Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы әлемде көлік-логистика байланыстарының жаңа жүйесі қарқынды түрде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 18:18
Күнді жағымды жаңалықтармен қорытындылайық!🎵Бозжырада «Адай» күйін орындаған күйші көпшілікті тәнті етті Күйші Сымбат Абдуахаптың әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасы көпшіліктің назарын аударды.⚽️Дастан Сәтпаев Қазақстан жастар құрамасымен кездесті Қазақстан U21 құрамасы 25 қыркүйек күні Англия жастар құрамасына қарсы ойнайды.⛺️Астанаға 6 айда 830 мың турист келген Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Оның ішінде 187 мыңға жуығы — шетелдік туристер.🎿Заманауи Almaty SuperSki кешенінің құрылысы басталды Жаңа курорт тәулігіне 10 мыңнан астам турист қабылдайды. Нысанды 2028 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.🥇Азиаданың төртінші күнінде Қазақстан қоржынына тағы 4 медаль түсті Қазақстандық спортшылар 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 18:09
🌍Биыл әлем бойынша 690 млн турист шетелде саяхаттағанБҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында халықаралық туристік сапарлар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға, яғни шамамен 3 миллионға өсті.Туристік сапарлар Африкада 4%-ға, Еуропада 3%-ға, Америкада 2%-ға, Азия мен Тынық мұхиты аймағында 1%-ға артқан. Ал Таяу Шығыста бұл көрсеткіш 22%-ға төмендеді.Ұйымның бағалауынша, халықаралық туризмнің өсуіне геосаяси тұрақсыздық, инфляция және жол жүру мен тұру шығындарының қымбаттауы әсер етіп отыр.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 17:31
Хирург тамырды сақтап қалатын тың әдіс ойлап таптыОралда варикоз дертін, яғни аяқтағы ісінген қан тамырды кеспей, сақтап қалатын емдеу әдісін тапқан хирург тұрады. Өйткені, қан тамыры жүрек, бауырға ота жасалғанда аса қажет. Хирургтың тың әдісін үйренуге Жапония, Өзбекстаннан ғалым-дәрігерлер арнайы келді.Тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбектің арқасында құрметке бөленген хирургияның хас шебері жайлы толығырақ бейнематералда.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 17:09
🍏Алма бағындағы қыз: Елордада тұрғын үйдің қасбетіне жаңа мурал салындыЕлорданың Алматы ауданында Абылай хан даңғылы, 55 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің қасбетінде жаңа мурал салынды.«Онда алма бағында тұрған қыз бейнеленген. Қанық түстер мен жұмсақ сызықтар үй айналасындағы жасыл желекпен үйлесіп, жайлы көрініс қалыптастырған. Жарқын арт-кеңістік қалалық ортаның жаңа элементіне айналып, көшенің қалыптасқан келбетін өзгертіп, ауданға заманауи визуалды реңк қосты», - делінген Астана қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 16:20
✈️ Air Astana Фукуокқа рейстерін қайта бастайды25 қазаннан бастап Алматы мен Астанадан Вьетнамның Фукуок аралына әуе рейстері қайта ашылады.🏝 Қазақстандықтар тропикалық аралға екі қаладан ұша алады.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 14:45

Qazaqstan.tv
22 Sept, 13:29
📦Пошта және курьерлік қызметтер көлемі 57,2 млрд теңгеге жетті2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, бір жылда 1,1%-ға өскен. Оның ішінде 13,4 млрд теңгенің қызметі халыққа көрсетілген.Қызмет көлемінің ең жоғары үлесі: 📍Алматы қаласы - 58,7%; 📍Астана қаласы - 13,2%; 📍Қарағанды облысы - 3,2%.📈Нақты көлем бойынша да Алматы көш бастап тұр – 33,6 млрд теңге. Астанада бұл көрсеткіш 7,6 млрд теңге, Қарағанды облысында 1,8 млрд теңге болды.Ауылдық жерлерде көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 2 млрд теңгені құрады.📬Негізгі қызмет түрлеріне сәлемдеме, бандероль және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу жатады.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 12:20
🇹🇷 Түркияда мектеп маңында атыс болып, 11 адам жараландыОқиға Маниса өңірінде таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккен 11 адамның екеуінің жағдайы өте ауыр.Бір адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарағанымен, ол әзірге ресми расталған жоқ.Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полиция ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол осы мектептің 9-сынып оқушысы болуы мүмкін.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 11:45
Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады🔹Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.🔹Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.🔹Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.🔹Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.🔹Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.
Qazaqstan.tv
22 Sept, 11:31
⚽️Дастан Сәтпаев Қазақстан жастар құрамасымен кездесті🇰🇿 Қазақстан U21 құрамасы 25 қыркүйек күні Англия жастар құрамасына қарсы ойнайды.Жастар құрамасы Англияның Хай-Уиком қаласында күзгі ойындар алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.Қазіргі таңда «Бернли» ойыншысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін ем қабылдап, алаңға оралу үшін қалпына келу жұмыстарын жалғастырып жатыр.Видео: kff_team
Qazaqstan.tv
22 Sept, 10:50
📺Жаңа маусымда көрермен назарына мазмұны мен тақырыбы сан алуан жаңа телехикаялар ұсынылмақЖаңа туындыларда қоғам үшін маңызды мәселелер кеңінен қамтылады. Донорлық пен адам өмірін сақтап қалудың маңызы, қарапайым еңбек адамдарының тағдыры, отбасы құндылықтары мен ұрпақ сабақтастығы көркем оқиғалар арқылы өрбиді.▫️Сонымен қатар еліміздің көрікті өңірлері мен ауыл өмірі, киберқауіпсіздік, цифрлық ортадағы жауапкершілік, заң мен тәртіп қағидаттары да телехикаялардың негізгі тақырыптарының біріне айналады.📌Әр туындының айтары, кейіпкері, тағдыры бар. Жаңа маусым көрерменге тек қызықты оқиға ұсынып қана қоймай, бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерге ой салуды, адамдық құндылықтарды дәріптеуді көздейді.🎬185 бөлімнен тұратын «Жоғалған есім», «Селт еткен сезім», «Донор», «Киберқалқан», «Кен жолы», «Адвокат Айсұлу», «Гүлдала» телехикаялары биыл
Qazaqstan.tv
22 Sept, 10:01edited
🎶Бельгиялық Лукас «Мен қазақпын» әнін домбырада орындадыФранцуз тілі пәнінің мұғалімі Лукас домбыраның үнін алғаш интернеттен естіп, ұлттық аспапқа қызығушылық танытқан. Кейін Қазақстаннан домбыра алдыртып, алматылық музыканттан онлайн сабақ алған.🇰🇿Қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы арта түскен соң Лукас Қазақстанға қоныс аударған.Алматыдағы саябақтардың бірінде оның «Мен қазақпын» әнін домбырада орындаған видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді.📹: luciusapuleius74
Followers write to the bot, you answer by reply, your account stays hidden. Created in one tap.
How it works →Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
