gram news
tauba channel avatar

tauba

@rahmanitauba

парақша белгілі бір контентте емес

ProjectsKK

351subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • tauba

    16 Sept, 06:16

    Адамның көңілі гүл, оны күлге айналдыруға болмайды.
    95621Open in Telegram
  • tauba

    16 Sept, 06:15

    forwarded from @ryh_and_iman

    Сіздің ешкімнің көңілін қайғыртуына құқығыңыз жоқ, керісінше, көңілі түсіп отырған адамның қуанышына себепші болыңыз ✨
    87611Open in Telegram
  • tauba

    10 Sept, 19:29

    Пай, пай, Өмір! Өтесің-ау бір күні. Тиясың-ау қуанышты күлкіні. Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, Өмір деген – көк аспанның күркірі. Пай, пай, Өмір, Өтесің-ау бір күні!Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетеміз-ау, әй, кетеміз... пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз.Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы. Қаның кеуіп қаталаған кезіңде Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.Мына күн де, мына аспан да, дала анау, Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
    15532Open in Telegram
  • tauba

    10 Sept, 19:27

    – Қарындасым, аяп келем, жүзіңіз тым қасіретті екен. Оның қандай емі бар? Қолдан келсе… – Менің қайғымның емі жоқ… – Емі жоқ бір-ақ қайғы бар. Қайтып оралмас бақыт… – Мен де сол бақытымды жоғалттым. Махаббатымнан айырылдым… – Оны қайтаратын күш жоқ па? – Күш жоғалғанды табуға ғана жетеді. Ал менің махаббатым… Жоқ, жоқ, ол енді маған мәңгі жоқ… Ол қаза болған махаббат… – Жоғалғанды табатын күш, оны тірілте алмай ма? – Жоқ. Қара тасқа жан беруге бола ма? Қаза болған махаббатымнан менің де жүрегім тас боп қатқан… – Оныңыз бекер. Қара тасты да жібітетін күш бар. – Ол қандай күш? – Өмір.Ілияс Есенберлин «Скифтер сағымы»
    11931Open in Telegram
  • tauba

    10 Sept, 18:03

    "Моншақ жыр"Мұңнан шекпен тіккен жандай күзді аңсап, Тізбек құрып, тырна оралды бізге ән сап. Мұз құрсауын жібітпеген көктемдей Бақыт сонша болғаны ма қызғаншақ?!Жәбір көрген жапырақтай желден құр, Тамшысы едің жүрегімнің бірден-бір. Ала таңдай шұғыла боп құйылған Бақи болған өмір бағын гүлдендір.Таныта алмай өміріме тұспал мың, Сезімімнің қаламын сан ұштар кім? Момын көңіл – моншақ жырдың иесі Қанатындай қалқып ұшқан құстардың.Мәуесіндей жырын көмген шынардың, Тағдырым да есіміңді сұрар мың. Кешкі іңірде тамып түскен жасыңды
    12251Open in Telegram
  • tauba

    7 Sept, 14:42

    Дастархан басында үй ішіңмен күліп, тамақ ішудің де өзі бір бақыт, байқай білген адамға. Кейін осы сәттерді аңсап қаласың.
  • tauba

    4 Sept, 15:26

    Жалпақ әлемге жау көзбен қарауға болмайды. Бәрін көңіліңе ала берме. Бойыңды қорқыныш пен үрей жайлап алған соң да үнемі жамандық күтіп отырасың. Оның бәрін ұмыт, сонда бәрі де оңайлап сала береді.Харуки Мураками «Норвег орманы»
    15341Open in Telegram
  • tauba

    4 Sept, 15:16

    – Білесің бе, мен сені өте жақсы көремін. Бар жаныммен, тәніммен жақсы көремін. Сол үшін саған осы әлемнің ең асыл, ең таза, ең тамаша, бір ғажайып затын сыйлағым келеді. Бірақ ондай нәрсені таба алмайтын секілдімін, ондай нәрсе жер бетінде жоқ сияқты. Сондықтан мен барлық жұртқа әйгілі, барлық жұрттың меншігіне айналған сыйлық ұсынғым келеді. Ол – ән. Ол – «Жеңеше» деген халық әні...Дулат Исабек «Гауһартас»
  • tauba

    3 Sept, 14:53

  • tauba

    2 Sept, 16:48

    Осы жеткенің — сол сүрінген кезіңнің жемісі. Ол сынақ, ол қиындық болмаса, осы сәтке жетпес едің. Әлі біршама кезеңнен өтуің керек, сонда ғана шыңдалып, өз арманыңа жетесің. Бастысы — сынып қалма.
  • tauba

    28 Aug, 12:03

    forwarded from @ryh_and_iman

    Өмірде ең бақытты кім десеңіз! Ғалымдар айтады-Азанмен таң атырған жан бақытты! Анадан тәлім алған қыз бақытты🫀 Әкеден бата алған ұл бақытты! Рамазан айы келгенде құрмамен ауыз ашқан құл бақытты✨ Игі жан аяқ басқан жер бақытты🌹 Халқына қадірі асқа ер бақытты! Басшысы көзі ашық көкірегі ояу, отаным деп жанын берер ел бақытты🇰🇿 Адам заттың Асыл тәжі салған жолмен жүрген дәл біздей соңғы болған үмбет бақытты✨©️Құрбанқұл Нұрсейіт✍🏻T.me/ryh_and_Iman
    189631Open in Telegram
  • tauba

    27 Aug, 09:48

    Айтылған сөзді сезіне алса жақсы ғой, айтады - айтады сосын қояды ғой демей.
  • tauba

    24 Aug, 18:56

    Мәуліт жырыОл келгенде көктен түсті алып нұр, Оны барлық әлем жақсы танып тұр! Таулар жылжып, теңіз толқып тынымсыз Ол келгенде бола алмапты қалыпты.Қараңғылық жайлағанда жер бетін, Түзу жолды нұсқайды екен елге кім? Деген талас тудырғанда ойшылдар Көрсетіпті Ол өзінің келбетін.Тас мүсінге табынғанда адамдар, Көбейгенде қатігездер, надандар, Хақ тағала бір Елші жіберіпті, Дегендей қып: "Дінсіздерге жазам бар!"Арқалаған ауыр жүкті, міндетті, Үлгі етсін деп дүйім халық сүннетті, Әділетсіз, теңдігі жоқ заманның,
    213421Open in Telegram
  • tauba

    24 Aug, 18:50

    Масқара, ұят болды ғой мына істеген ісің деп біреуге айту — ұят. Біреудің өміріне араласып, оны әңгіме қылып, жасаған күнәларын тізбектеу — ұят. «Ұят болады» деп жұрттың ойымен өмір сүру де — ұят. Кез келген жерге «ұят» деп шектеу қоймай, өз өмірімізге бір үңіліп қарайық: «Істеген ісім, айтқан өсегім ұят емес пе?» деп.
  • tauba

    24 Aug, 16:08

    18–20 жастан асқан қыздарға «Қашан күйеуге шығасың?» деген жеке өміріне қатысты сұрақтарды қоюды әдепсіздік деп есептейікші. Бар жағдайын жасап, өз мансабын құрып, өмірін қалыптастырып алсын. Кейбір қыздар тұрмысқа шығуға ойланып барады. Себебі олар үй тіршілігінен шаршаған ана, көкала қойдай сабалған жеңге, үнемі қызға талапшыл отбасында өскендер. Сондықтан олар барынша зорлық емес, қамқорлық көргісі келеді.
    16693Open in Telegram
  • tauba

    20 Aug, 06:26

    Алла үшін болған нәрсе — мәңгі қалады.
  • tauba

    18 Aug, 15:42edited

    Жалғыз)Ешкімім жоқ, жалықтым жалғыздықтан, Құр қалғандай ләззаттан, бар қызықтан. Үнсіздікпен ғұмырым бір сарынды, Құтқаратын жан бар ма түңғиықтан?Жаныма жақын жан таба алмадым, Тапсам да, қолым жетпей армандадым. Ол басқаның бағы болып кеткенінде, Үнсіз сүйіп, күнделікті өлеңменен ән арнадым.Өз адамым тірі ме, аман ба екен? Бар болса, тез келіп, бақытты қылса екен. Өзгелерге құртқан сол уақыттымды Оған арнап, бірге болсақ — ғажап мекен.(автор өзім)
  • tauba

    18 Aug, 09:38

    Алла кешірімді, Алла рақымды ✨
    16732Open in Telegram
  • tauba

    18 Aug, 09:37

    forwarded from @rykhany_bot

    🤲 Пайғамбарлар Дұғалары (6 / 12)✨ Мұхаммед ﷺ Пайғамбарымыздың Сайидул Истиғфары (Истиғфарлардың мырзасы) ✨🕌 Арабша: اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلاَّ أَنْتَ🔤 Оқылуы: Аллаһумма анта Рабби ля иляха илля анта, халяқтани уа ана ‘абдук, уа ана ‘аля ‘ахдика уа уа‘дика мастата‘т. А‘узу бика мин шарри ма сана‘т, абу-у ляка бини‘матика ‘аляййа, уа абу-у бизанби фағфир ли, фа-иннаху ля яғфируз-зунуба илля ант.📖 Қазақша мағынасы: "«Аллаһым! Сен – менің Раббымсың, Сенен өзге Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың, мен Сеңің құлыңмын. Күш-қуатым жеткенше Саған берген уәдемде тұрамын. Жасаған қателіктерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Маған берген
    19331Open in Telegram
  • tauba

    15 Aug, 00:45

    адамдарға керек әр кез жылулық, жылулықта жатыр үлкен сұлулық. жылы-жылы сөйлеу керек әркімге, соның өзі қарапайым ұлылық