gram news
Руслан Меделбек channel avatar

Руслан Меделбек

@ruslan_medelbek

Әлемдегі оқиғаларды, қиын тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіремін

ProjectsUKNews

8,280subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Руслан Меделбек

    20 Sept, 14:35edited

    Азиада: Алғашқы күні төрт алтынЖапонияда Азиада басталды. Қазақстан бірінші күні бірден 4 алтын алды. Қарқын жаман емес. Айтпағым, велоспортшы Алексей Луценко мен каратэші София Берульцеваның жеңісі.Каратэсі мықты дамыған Азияда София 68 келіде мықты болып тұр. Екі Азиада қатарынан чемпион атанды. Ал Алексей Луценко Азия ойындарындағы бесінші алтынын алды. 2018-2022 жылы екі-екі алтыннан еншілеген еді. Бұл жолы жекелей жарыста чемпион болды. Енді топтық жарыста алтын алса үшінші Азиада қатарынан абсолют чемпион болмақ.Азиададағы бастама жаман емес, 2018, 2022 жылы жалпы есепте төрттікке ене алмаған едік, бұл жолы сол төртінші орынды қайтару керек. Сол мақсат үшін жорық басталды. 1994-2014 жылдары негізінен Қытай, Жапония, Кореядан кейін төртінші орын алатынбыз.Бірінші күндегі медальдар: 🥇 4 Алтын • Рината Сұлтанова - велоспорт • Алексей Луценко - велоспорт • Жоламан Биғабыл -
    1,45054201Open in Telegram
  • Руслан Меделбек pinned «🍁Билет арзан, турист аз, той-думан көп. Күзде қайда саяхаттаймыз? Күшті-күшті гайдтар әкелдім 🍂Күз басталды, саяхаттайтын маусым өтіп кетті десеңіз қателесесіз. Сары күз де саяхаттың түбін түсіретін ғажап маусым. Жаздағыдай турист көп емес, билеттер де арзандайды.…»

    15 Sept, 07:12

  • Руслан Меделбек

    15 Sept, 07:01edited

    🍁Билет арзан, турист аз, той-думан көп. Күзде қайда саяхаттаймыз? Күшті-күшті гайдтар әкелдім🍂Күз басталды, саяхаттайтын маусым өтіп кетті десеңіз қателесесіз. Сары күз де саяхаттың түбін түсіретін ғажап маусым. Жаздағыдай турист көп емес, билеттер де арзандайды. Сондықтан күзде қайда барамын деп ойланып жүрсеңіз, баратын жерлерді мына 👉мақалада топтап гайд жасап қойдық.🏖️Күзде де суға түсетін жер көп. Сондықтан суға түсуге болатын жерлерді де мына 👉гайдта топтап шықтық. Бұл жерлер жаздағыдан да жақсы.🏰Бұған қоса, Еуропа да күзде әдемі күйге бөленеді. Әсіресе Париж. Сондықтан күзде Еуропаға барам десеңіз Парижді де қосыңыз. Ал әлемдегі махаббат қаласына 👉баратындарға гайд дайындадық.🎄Ал саяхатты қыс мезгіліне жоспарлап жүрсеңіз, Еуропаның Жаңа жыл атмосферасын ұсынамын. Қарашаның соңынан бастап Еуропа Жаңа жыл мен Рождество атмосферасына енеді. Жаңа жыл атмосферасын
    2,3101421Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    13 Sept, 11:20edited

    Финалға дейін: "Үйдің қожайыны Арина, басқалары қонақ" Финалдан соң: Нью-Йоркте жаңа қожайын!US Open жарысының финалы алдында Арина Соболенконың бапкері Джейсон Стейси "Нью-Йорктегі финал өтетін стадион Аринаға тиесілі. Арина сол жердің қожайыны, иесі. Басқа теннисшілер бұл жерде қонақ, сондықтан олар үйлеріне қайтуы керек" деген еді. Кім үйіне қайтқанын көрдік. Үйде жаңа қожайын - Елена Рыбакина!
    2,4308720122Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    12 Sept, 23:30edited

    🇰🇿ЕЛЕНАНЫҢ ЖЕҢІСІ НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?Елена Рыбакина әлемдегі маркетингі сұмдық, жарнама жер жарған, әлемдік жұлдыздар көз тігетін US Open жарысын жеңді. Бұл жарыстың өз вайбы бар. Әлем астанасы болуға таласатын Нью-Йорк төріндегі доданы жеңді. Спорт, жарнама, шоу-бизнестен лидер АҚШ-тың ашық чемпионаты. Демек қазір бүкіл теннис әлемі Қазақстан теннисшісінің жеңісіне сүйсініп жатыр. Екі жыл қатарынан US Open жарысында жеңіске жеткен Арина Соболенконы (Беларусь) барлық жағынан тағынан тайдырды. Лена US Open жарысын жеңді әрі келесі аптадан бастап әлемнің бірінші ракеткасы болмақ. Соболенко екінші орынға сырғиды.Рыбакина жыл басында Australian Open жарысын жеңген, енді міне, US Open бағынды. Бір жылда екі Grand Slam турнирін ұтты. Екі финалда да Соболенкодан басым түсті.Олимпиадада ойнамаған деп шығатындар табылар. Теннис әлемінде Grand Slam титулдары өте құнды. Бұл титулды ұту былай
    2,57011445521Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    12 Sept, 22:40

    ЕЛЕНАААА ЧЕМПИОН💥🇰🇿 US Open бағынды!
    2,2806612112Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    11 Sept, 03:39

    Елена Рыбакина US Open жарысының финалында! Қиын матчта америкалық Коко Гауффты үш сетте жеңді. Мыңдаған америкалық Коконы жақтады. Демек Лена тек қарсыласына ғана емес бүкіл стадионға қарсы ойнады. Бірінші сетті 3:6 есебімен беріп қойғанда қазір екінші сетті алады деген сенім болған. Сенім ақталып, 6:4 есебімен жеңді. Үшінші сетте де басым ойнап, 6:4 есебімен басым түсті. Мығым соққыларымен Кокоға қысымды үдетті.Финалда ежелгі қарсылас Арина Соболенкомен (Беларусь) ойнайды. Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы титулды сарапқа салады. Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы және Гауффпен ойында соны дәлелдеді. Титулға бір қадам қалды. Ленаға тек жеңіс тілеймін.
    2,630632251Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    9 Sept, 18:53

    Париж олимпиадасына бармағанда Рыбакинаны “тепкілеп”, елден кетсін дегенде араша түсу мүмкін емес деп ем. Тек жеңісімен дәлелдесе екен деп тілейтінмін. Енді Қазақстанда әлемнің бірінші ракеткасы бар. Бір теннисшіге әлемнің бірінші ракеткасы болу арман, біреуге Үлкен дулыға арман. Біреуіне жетіп, екіншісіне жетпеген теннисші қаншама. Ленада бәрі бар, бәрі!🎾Уимблдон - Үлкен дулыға 🎾Australian Open - Үлкен дулыға 🎾Жылдың қорытынды турнирі 🎾Индиан Уэлс - Мың ұпайлық турнир 🎾Рим оупен - Мың ұпайлық турнир 🎾Штутгарт - 500 ұпайлық турнир (Порше көлігін екі рет ұтты) 🎾Әлемнің 1-ракеткасы
    3,0909723543Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    9 Sept, 18:05edited

    ҚУАН, ҚАЗАҚСТАН!Теннисшіміз Елена Рыбакина енді әлемнің бірінші ракеткасы! US Open жарысының ширек финалында қытай теннисшісі Чженді үш сетте жеңіп, жартылай финалға жетті. Бұл Ленаның келесі аптадан бастап әлемдік рейтингте беларусь Арина Соболенконы төменге түсіріп, бірінші орынға шығады деген сөз.
    2,840135441911Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    7 Sept, 12:12

    🐎Көшпенділер ойынындағы медаль дауы қалай аяқталды? Хронология🔶6 қыркүйек түскі уақыт. Қазақстан спорт және туризм министрлігі: 32 алтынмен жалпы есепте бірінші орын алдық.🔶6 қыркүйек түскі уақыт. Қырғызстан спорт агенттігі: 30 алтынмен жалпы есепте біз бірінші орын алдық.🔶6 қыркүйек түстен кейін. Желіде қазақ-қырғыз жанкүйерлерінің «сонымен кім бірінші орын алды» деген пікірталасы. Қазақстан тарабы тоғызқұмалақтан екі алтын мен мангаладан алған бір алтын есептелмей қалды деді.🔶6 қыркүйек кешкі таман. Көшпенділер ойынының инстаграм парақшасында «жалпыкомандалық есеп» алынып тасталды. Ол кестеде Қырғызстан 30 алтынмен бірінші, Қазақстан 29 алтынмен екінші тұрған.🔶6 қыркүйек кешкісін. Қырғызстан дене шынықтыру және спорт агенттігі: Көшпенділер ойындарының концепциясына сай, жалпыкомандалық медаль есебі жүргізілмейді (Бірақ жарыс басталғалы жалпы есеп жарияланып келген).🔶7
    3,3507045311053Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    5 Sept, 09:31

    🌍Африка құрлығы "үлкейеді"БҰҰ Африка құрлығының көлемін үлкейтетін резолюцияны қолдап дауыс берді. Меркатор жобасында Африканың аумағы картада кішкентай болып қалған еді. Бірақ бұл құрлықтың көлемі Ресейден де, Гренландиядан да үлкен екенін білеміз (үстінгі карта). Енді Меркатор жобасындағы қателік түзетілді (астыңғы карта). Енді Африканың көлемі карталарда үлкейтілмек.Картаны реттеуді Того елі мен Африка елдерінің одағы ұсынған. 4 қыркүйекте БҰҰ мүше елдер дауыс берді. 162 ел қолдады (ішінде Қазақстан бастаған Орталық Азия елдері бар). АҚШ қарсы шықты. Алты ел (Эстония, Грузия, Сербия, Украина, Молдова, Литва) қалыс қалды.Енді біртіндеп әлем картасы өзгере бастайды.
    3,1704115Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    30 Aug, 08:49

    🇮🇸Исландия талайға арман Еуропа одағынан бас тарттыАрмения, Украина, Грузия, Молдова сынды елдер Еуропа одағына кіруді армандайды. Ал Исландияда өткен референдумда халықтың 52,5 пайызы (99 мың адам) Еуропа одағына кіруге қарсы дауыс берді. Қолдағандар – 47,5 пайыз (89 мың адам). Осылайша 396 мың халқы бар ел Еуропа одағына мүше болуға «жоқ» деді.Қарсы шыққандар Еуропа одағына кірсек ұлттық еркіндігімізге қауіп төнеді, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, балық шаруашылығы Еуропа одағы тарапынан бюрократияға тап болады дейді.Дегенмен Исландия Еуропаның ортақ нарығы мен Шенген аймағында қала бермек. Яғни, Шенген визамен Исландияға бара бересіз.
    3,490493251Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    29 Aug, 14:24

    🇦🇲Армения (Пашинян) Мәскеудің қытығына тиюді қояр емес. Неге?Армения премьері Никол Пашинян «Армения Еуропа одағына кіруге ресми өтініш жібереді» деді. Бұған қоса, Пашинян «бізді Ұлттық қауіпсіздік шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығарып тастаса, қуанар едік» дейді. Сондай-ақ Ереван «мобилизациядан қашатын ресейліктерді Арменияға келсе, кіргіземіз» деп мәлімдеді. Бұл да Мәскеудің шамына тиді.🔸Армения мен Еуропаның достығыБұған дейін Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь президенттері бірлескен мәлімдемеде «Армения Еуразия экономика одағынан шығып, Еуропа одағына кірем десе референдум өткізсін» деген еді. Пашинян Еуропа одағы өтінішті қарай бастаса, референдум өткізуге қарсы емес. Биыл мамырда Ереванда Еуропа одағының басшылары жиналып, Арменияға кез келген уақытта көмектесеміз деген еді. Осыдан кейін Путин қоқаң-лоқы көрсетіп, Арменияда «Украина сценарий қайталанады» деп мәлімдеген.
    3,8201981Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    23 Aug, 15:16

    🇺🇸АҚШ-та сот Трамп әкімшілігінің 75 елдің азаматына (оның ішінде Қазақстан да бар) иммиграциялық виза беру шектеуін жойды. Бұл нені білдіреді?▪️Нью-Йорк штатының федералды соты АҚШ мемлекеттік департаментінің 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруге қойған шектеуін жойды. Яғни, биыл жыл басында Марко Рубио басқаратын мемдепартамент 75 елдің азаматтарына АҚШ-қа көшіп келуге шектеу қойған. Бұл тізімде Қазақстан да болған. Ал шектеудің алдында АҚШ грин-карта лотереясына құжат қабылдауды да тоқтатқан. Трамп әкімшілігі бұл шешімдерін АҚШ-тағы қауіпсіздікті күшейтеміз деп түсіндірген еді.▪️Кейін құқық қорғаушылар мемдепартаменттің шектеуі заңсыз деп сотқа шағымданған еді. Судья Жаннетт Варгас «мемлекеттік хатшы Марко Рубио қызметін асыра пайдаланды» деп шешімнің күшін жойды. Судья иммиграциялық визаны адамның азаматтығына қарап шектеу заңға қайшы деген.▪️Сонымен Трамп
    4,31061324Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    1 Aug, 11:15edited

    🔥"Челси" бүгін, 1 тамызда Австралияда "Тоттенхэм" клубымен жолдастық матч өткізді. 70-минутта алаңға Дастан Сәтпаев шықты. "Челси" сапындағы екінші ойын!Бұл де кішігірім тарих. Дастан лондондық дербиде ойнап жүр. Сиднейдегі стадионда 80 мың көрермен отырды.P.S. Телеграмым спорт болып кетті деп сөкпеңіздер, оқиға көп болып жатыр спортта.
    5,55088221131Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    1 Aug, 09:21edited

    🔥ФИФА президенті Инфантино әлем кубогының 20 пайызын сату идеясынан тас тартты. УЕФА жеңіске жетті. Инфантино жеңілді. Футбол адамзаттың ортақ құндылығына айналып кетті. Демек адамзат құндылығы үшін осылай күресіп, жеңіске жете бергей!
    5,25072215Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    31 Jul, 11:32

    forwarded from @azattyq

    ⚡УЕФА (Қазақстан) әлем кубогына бойкот жариялауы мүмкін. Неге?УЕФА мүше 55 ел (оның ішінде Қазақстан да бар) 2030 жылы өтетін әлем кубогына бойкот жариялауы мүмкін. Бұған ФИФА президенті Джанни Инфантиноның әрекеті себеп.🔹ФИФА-ның идеясы қандай?Яғни, ФИФА әлем кубогын өткізу үшін өз ішінде капиталы 20 миллиард доллар болатын еншілес FIFA Forward Enterprise компаниясын құрмақ. Дәл осы еншілес компанияның 20% үлесі сыртқы инвесторларға берілмек. Ал жеке инвесторлар тобын америкалық бизнесмен Джошуа Кушнердің Thrive Capital компаниясы басқаруы мүмкін. Джошуа Кушнер – АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнердің ағасы.🔹Кімдер қарсы?30 шілдеде УЕФА-дағы 55 ел жиын өткізіп, ФИФА-ның бұл жоспары іске асса 2030 жылғы әлем кубогына қатыспаймыз деп мәлімдеді. УЕФА әлем кубогы сияқты ірі турнирге жеке инвесторлардың кіргенін қаламайды.Артынша Солтүстік Америка және
    5,160361872Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    30 Jul, 14:28

    💜 BTS тобы «Грэммиге» бойкот жариялады. Неге?Қазір әлемдегі №1 топ BTS (кореялық жеті жігіт) АҚШ-тағы ең ірі «Грэмми» музыкалық сыйлығына (бізден Иманбек ремикс номинациясында ұтқан еді) қатысудан бас тартты. Яғни, топ биыл жазған Arirang альбомын «Грэммиге» ұсынбаймыз деді.Биыл «Грэмми» ұйымдастырушылары «Азия поп-музыкасының үздік орындаушысы» деген номинация жариялап, бұған Корея, Жапония, Қытай және басқа Азия елдерінің әншілері мен топтары номинант бола алады деген. Бірақ К-pop жанрының фанаттары «бұл BTS сияқты танымал топтардың «Грэммидің» «үздік ән», «үздік альбом» сынды негізгі әрі топ номинацияларынан шектейді» деп сынаған.Бір қызығы BTS және Кореяның Blackpink (қыздар) тобы «Грэммиді» ала алмай келеді. Ал «Грэмми» әлемде музыка саласындағы ең танымал сыйлық саналады.K-pop фанаттары «BTS, Blackpink және басқа да кореялық топтарға «Грэмми» керек емес, олар онсыз да
    4,8601152611431Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    28 Jul, 13:08edited

    Дастанның «Челси» сапында салған голына бәріміз қуанып, бөркімізді аспанға атып жатырмыз. Тарихқа куә болу да бір бақыт. Былтыр Алматыға «Реал» келгенде арқа-жарқа болып қалған едік. Бүгін Дастанның бір голы бүкіл жұртты бір көтеріп тастады.Мұндай сәттер кез келген елге керек. Осындай сәттерден ұлттың өзіне деген сенімділігі артады. Бізден де мықты ғалым, футболшы, спортшы, өнертапқыш шығады деген үлкен сенімнің іргетасы қаланады. Ойланып отырсам, Иманбек Grammy алғанда, Димаш Қытайды бағындырғанда, Шайдоров пен Сметов олимпиада чемпионы атанғанда да жұрт қуанған еді. Бірақ мұның бәрінің артында үлкен еңбек, тынымсыз жаттығу, білім, оқу, іздену тұрғанын да бала өсіріп отырған ата-ана түсінері хақ. Мұндай сәттерде бір голдың, бір медальдің, бір ғылыми жаңалықтың артында қаншама еңбек жатқанын түсінуіміз керек. Ұлтты ұлт ететін тынымсыз еңбек пен өз ісіндегі шеберлік.Сондықтан мұндай
    4,090131281095Open in Telegram
  • Руслан Меделбек

    28 Jul, 12:04

    ВВС сайты: Дастан Сәтпаевтың “көктер” сапындағы алғашқы ойыны әрі алғашқы голы. Қазақ үшін ғажап старт!Қазақ деген тұсы Дастанға ғана емес бүкіл қазақтар үшін айтылғандай☺️
    3,64013030114Open in Telegram