Latest posts

СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
18 Sept, 11:00edited
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.Әдеп кітабы89-тарау: Тыңдаушыға сөзді түсінікті әрі айқын етіп айтудың және қажетті болған жағдайда қайталаудың мұстахаб амал екендігі туралы
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
18 Sept, 10:59

СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
8 Sept, 18:08edited
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.Әдеп кітабы88-тарау: Кездескен кезде жақсы сөз айту және жарқынжүзділік танытудың мустахабтығы туралыОсы тараудағы Аллаһ Тағаланың «...Және иман келтіргендерге қанатыңды жай (кішіпейіл, жұмсақ бол)» («әл-Хижр» сүресі, 88-аят), «Егер сен дөрекі, қатал жүректі болғаныңда, олар міндетті түрде айналаңнан кетіп қалар еді» («Әли Имран» сүресі, 159-аят) деген сөздері әрі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):«Жарты құрмамен болса да өздеріңді Тозақ отынан қорғаңдар. Ал егер оны да таппасаңдар, онда жылы (жақсы) сөзбен», «Жақсы сөз де — садақа» және "Жақсылықтың ешбіріне немқұрайлы қарама, тіпті бауырыңды жайдары жүзбен қарсы алу болса да" деген сөздері туралы.
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
8 Sept, 18:08

СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
3 Sept, 06:51edited
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.87-тарау: Адамның өзі әдетке айналдырған игі (жақсы) амалдарын үзбей, тұрақты түрде орындап жүруінің қажеттілігі туралыОсы тараудағы Аллаһ Тағаланың келесі сөздері:«Расында, әлдебір қауым өздерін өзгертпейінше Аллаһ оларды өзгертпейді» ("әр-Рағд" сүресі, 11-аят);«Жібін мықтап иіргеннен кейін, қайта тарқатып, бұзған әйел секілді болмаңдар...» («ән-Нәхл» сүресі, 92-аят);«...Әрі олар өздерінен бұрын Кітап берілгендер сияқты болмасын. Олардың уақыттары ұзарып (пайғамбарлардан кейін көп уақыт өтіп), жүректері қатайып кетті...» («әл-Хадид» сүресі, 16-аят);және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Уа Абдуллаһ! Түнде намаз оқуға тұрып жүріп, кейін оны тастап кеткен пәлен сияқты болма!” – деген сөздері туралы (Бухари, Муслим).
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
2 Sept, 09:11

СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
24 Aug, 08:25edited
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.📌 Әдеп кітабы📖 86. Келісімдерді сақтау және уәделерді орындау туралы тарауОсы тарайдағы бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбир ибн Абдуллаһқа егер Бахрейннен мал-мүлік келсе сол дүниеден оған үш қос ұыс берем деп уәде еткендігі және ол мал мүлік Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанынан кейін ғана келгені әрі Абу Бакр Жәбирге қатысты Пайғамбардың уәдесін орындағаны туралы 690-хадис.
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
19 Aug, 05:43edited
⚜️ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.📌 Әдеп кітабы📖 86. Келісімдерді сақтау және уәделерді орындау туралы тарауАллаһ Тағала былай деді: "Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады" ("әл-Исра" сүресі, 34-аят). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: "Қашан серттессеңдер, Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар" ("ән-Нәхл" сүресі, 91-аят). Аллаһ Тағала тағы да былай деді: "Әй иман келтіргендер, Келісімдерді толық орындаңдар" ("әл-Мәида" сүресі, 1-аят). Әрі Аллаһ Тағала былай деді: "Әй, иман келтіргендер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар. Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың қасында аса жеккөрінішті" ("әл-Софф" сүресі, 2-3 - аяттар).Осы баптағы Аллаһ Елшісінің (оған Аллатың игілігі мен сәлемі болсын): 688-ші "Екіжүздінің сипаты үшеу: сөйлесе өтірік айтады, егер уәде берсе орындамайды, егер оған аманат
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
19 Aug, 05:42

СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
12 Aug, 16:31edited
⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.📌 Әдеп кітабы📖 85. Сыр сақтау туралы тарауОсы тараудағы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде жас балалардың жанынан өтіп бара жатып, олармен сәлемдескені және Әнас ибн Мәликті бір шаруамен жұмсағаны әрі сол шаруа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сыры болатын, сондықтан Әнас оны ешкімге, тіпті анасына да ашпағаны туралы 688-хадис.
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
9 Aug, 06:34edited
⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.📌 Әдеп кітабы📖 85. Сыр сақтау туралы тарауОсы тараудағы Умардың қызы Хафсаның күйеуі қайтыс болған кезде Умар оны Усманға, содан соң Абу Бакрге некеге ұсынғаны туралы, бірақ олар одан бас тартқаны, содан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хафсаға құда түсіп үйленгені әрі Абу Бакр Пайғамбардың Хафса туралы сөз еткенін білгендіктен осыдан бас тартқанын, бірақ Умарға оның сырын ашқысы келмегенін айтқаны туралы 686-хадис, сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде қызы Фатымаға өзінің жақын арада қайтыс болатыны туралы сыр етіп айтқаны туралы 687-хадис.
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
2 Aug, 08:56edited
⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу.📌 Әдеп кітабы📖 85. Сыр сақтау туралы тарауАллаһ Тағала былай деді:وَأَوْفُوا بِالْعَهْدِ إِنَّ الْعَهْدَ كَانَ مَسْؤُولًا [الإسراء:34].«Сертке берік болыңдар. Өйткені серт (уәде) сұралады» ("әл-Исра" сүресі, 34-аят).✍ 685. Абу Сағид әл-Худриден Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Қиямет күні Аллаһтың алдында ең жаман орындағы адам — бұл әйеліне жақындасып, әйелі де оған жақындасқан соң, оның сырын жария етіп жаятын еркек» (Муслим, 1437).
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
2 Aug, 03:50

СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
28 Jul, 23:44
⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдаулы баптарды оқу. 📖 Әдептілік кітабы. 📌 Ұялу, оның артықшылығы және сонымен көркемделуге үндеу туралы тарау. ✨1 (680) - Ибн Умардан (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде інісіне ұялу (дұрыс емес) туралы насихат айтып тұрған ансар кісінің жанынан өтіп бара жатып оған: "Қоя сал оны. Өйткені ұялу иманнан", - деп айтқаны жеткізіледі. Хадис Бухари мен Муслимнің сахих жинақтарында келтірілген.✨2 (681) - Имран ибн Хусайннан (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Ұялу тек жақсылық алып келеді", - дегені жеткізіледі. Хадис Бухари мен Муслимнің сахих жинақтарында келтірілген.
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
28 Jul, 23:44

СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
23 Jul, 06:34
Оның мейірімімен игі істер соңына жететін Аллаһ Тағалаға бүкіл мақтау. Бұл кітап бойынша дәрістер соңына жетті.
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
23 Jul, 06:13edited
Қырық екінші хадисعَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رضي الله عنه قَالَ: سَمِعْت رَسُولَ اللَّهِ (ﷺ) يَقُولُ: قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: « يَا ابْنَ آدَمَ! إِنَّكَ مَا دَعَوْتنِي وَرَجَوْتنِي غَفَرْتُ لَك عَلَى مَا كَانَ مِنْك وَلَا أُبَالِي، يَا ابْنَ آدَمَ! لَوْ بَلَغَتْ ذُنُوبُك عَنَانَ السَّمَاءِ ثُمَّ اسْتَغْفَرْتنِي غَفَرْتُ لَك، يَا ابْنَ آدَمَ! إنَّك لَوْ أتَيْتنِي بِقُرَابِ الْأَرْضِ خَطَايَا ثُمَّ لَقِيتنِي لَا تُشْرِكُ بِي شَيْئًا لَأَتَيْتُك بِقُرَابِهَا مَغْفِرَةً « ( حديث حَسَنٌ صَحِيحٌ رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ )✍🏼 Әнас ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндаған: «Мен Аллаһ Елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын естідім: «Аллаһ Тағала былай деді: «Әй Адам баласы! Сен Маған дұға етіп, үміт еткеніңе дейін, Мен сенің күнәларың қандай болса да кешіре беремін. Әй Адам баласы! Егер сенің күнәларың көктің төбесіне дейін жетерлік болып, сосын Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін. Әй
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
15 Jul, 16:40edited
Қырық бірінші хадисعَنْ أَبِي مُحَمَّدٍ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ (ﷺ): " لَا يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى يَكُونَ هَوَاهُ تَبَعًا لِمَا جِئْتُ بِهِ " ( حديث حَسَنٌ صَحِيحٌ، رَوَيْنَاهُ فِي كِتَابِ «الْحُجَّةِ» بِإِسْنَادٍ صَحِيحٍ. )✍🏼 Абу Мухаммад АбдуЛлаһ ибн Амр ибн әл-Ғас (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндаған: «Аллаһтың Елшісі ﷺ былай деген: «Сендердің ешқайсыларың өз қалауы мен әуесін мен әкелген нәрсеге толық бағындырмайынша иман келтірген болмайды».[1] (Хадис сахих (сенімді). Біз бұл хадисті «әл-Хужжа» кітабында сенімді иснадымен келтіргенбіз).[1] «Сунна» Ибн Абу Ғасым (15), «әл-Мудхал илә әс-Сунан әл-Кубра» әл-Бәйһақи (209).📌 шейх Ибн Баздың шархы мен шейх Ибн Усайминнің хадистен шығарған кейбір пайдалары.
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
7 Jul, 12:03edited
Қырқыншы хадисعَنْ ابْن عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ (ﷺ) بِمَنْكِبِي، وَقَالَ: "كُنْ فِي الدُّنْيَا كَأَنَّك غَرِيبٌ أَوْ عَابِرُ سَبِيلٍ" وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ: إذَا أَمْسَيْتَ فَلَا تَنْتَظِرْ الصَّبَاحَ، وَإِذَا أَصْبَحْتَ فَلَا تَنْتَظِرْ الْمَسَاءَ، وَخُذْ مِنْ صِحَّتِك لِمَرَضِك، وَمِنْ حَيَاتِك لِمَوْتِك. ( حديث صحيح رَوَاهُ البُخَارِيُّ )✍🏼 Ибн Умар (Аллаһ оған және оның әкесінеразы болсын) былай баяндаған: «Аллаһтың Елшісі ) менің иығымнан ұстап: «Бұл дүниеде бөгде кісі сияқты немесе жол үстіндегі жолаушы секілді бол», - деді.Сондай-ақ Ибн Умар (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) былай дейтін: «Кешті қарсы алсаң, таңды күтпе, таңды қарсы алсаң, кешті күтпе. Ауруға шалдығуыңа дейін денсаулығыңды, өлімің келгенше өміріңді (пайдалы істерге) пайдаланып қал» (хадисті имам әл-Бухари риуаят еткен).[1] Сахи
СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
4 Jul, 04:48edited
Отыз тоғызыншы хадисعَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ (ﷺ) قَالَ: " إنَّ اللَّهَ تَجَاوَزَ لِي عَنْ أُمَّتِي الْخَطَأَ وَالنِّسْيَانَ وَمَا اسْتُكْرِهُوا عَلَيْهِ " ( حديث حَسَنٌ رَوَاهُ ابْنُ مَاجَهْ وَ الْبَيْهَقِيّ )✍🏼 Ибн Аббастан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (ﷺ): «Расында, Аллаһ менің үмметімнің қателікпен, ұмытшақтықпен және мәжбүрлікпен жасаған істерін менің құрметім үшін кешіреді» (хадис хасан (жақсы), оны Ибн Мәжаһ, әл-Байхақи және басқалар риуаят еткен).[1][1] «Сунан Ибн Мәжаһ» (2045), «Сунан әл-Кубра» (14871), ибн Хиббан (4760), әл-Хаким (2801).📌 шейх Ибн Баздың шархы мен шейх Ибн Усайминнің хадистен шығарған кейбір пайдалары.
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
