gram news
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ channel avatar

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

@turkistanoblysy

ProjectsUKPolitics

16,000subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    25 Sept, 09:44

    Форум аясында Мемлекет басшысының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті:1. Абай облысы әкімдігі мен Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd. және Inner Mongolia Wanjiang Investment Co., Ltd компанияларының консорциумы арасындағы Абай облысында электролиттік алюминий өндіретін зауыт пен қосалқы жел электр станциясын салу туралы келісім;2. Абай облысы әкімдігі мен Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd және Inner Mongolia Wanjiang Investment Co., Ltd компанияларының консорциумы арасындағы Семей қаласында ағаш жаңқалы тақтай өндіретін зауыт салу туралы келісім;3. «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы, China Energy Overseas Investment Co., Ltd және SANY Renewable Energy Energy Co., Ltd компаниялары арасындағы бірлескен жоба әзірлеу туралы келісім;4. «Kazakh Invest ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Silk Road Finance Corporation компаниясы арасындағы Астана халықаралық қаржы орталығының базасында Қазақстан Республикасындағы перспективті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған арнайы инвестициялық қор құрудың негізгі шарттары туралы келісім;5. Ақмола облысы әкімдігі мен SUNGROW Renewable Development Co., Ltd компаниясы арасында Ақмола облысы аумағында жалпы қуаты 450 МВт жел электр станцияларын салу, жаңартылатын энергия көздері саласы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «East Motors Corporation» ЖШС арасында «Жеңіл және арнауы автокөліктер шығаратын жоғары технологиялық автомобиль өндірісі кешенін құру» жобасын іске асыру жөніндегі ниеттестік туралы келісім;7. Түркістан облысы әкімдігі мен «Тұран химиялық компаниясы» ЖШС арасында карбамид тыңайтқыштарын өндіретін зауыт салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;8. Алматы қаласы әкімдігі мен Guotai Junan Securities (Hong Kong) Limited компаниясы арасындағы Гонконг қор биржасында «dim sum» форматында облигациялар шығаруды ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;9. Алматы қаласы әкімдігі, Everest Development және SunnyWorld Group компаниялары арасындағы халықаралық брендке тиесілі қонақ үй мен бизнес-орталығы бар көпфункционалды кешен салу жобасын іске асыру туралы келісім;10. «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы мен China Construction Bank Corporation Astana Branch арасындағы Даму банкінің мақсаттарын қаржыландыру, соның ішінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларға қаржы бөлу алғышарттарын айқындау туралы келісім.t.me/aqorda_resmi
    TelegramAqordaҚазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Пресс-служба Президента Республики Казахстан Press Office of the President of Kazakhstan
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    25 Sept, 09:44

    Мемлекет басшысы «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумында сөз сөйледі🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың мәңгі және жан-жақты стратегиялық серіктестігінің тарихи негізі берік әрі тату көршілік пен өзара сенім рухында тың қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.– Бүгінде қазақ-қытай қарым-қатынасы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға болады. Бұл құрметті Төраға Си Цзиньпин мырзаның тікелей қолдауының арқасы деп айтсақ, артық болмас. Біз мәңгілік дос әрі сенімді серіктес ретінде ынтымақтастығымыздың жаңа «алтын 30 жылдық» кезеңіне қадам басып жатырмыз. Жалпы, Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Былтыр екі елдің тауар айналымы рекордтық межеге жетіп, 50 миллиард долларға жуықтады. Үкіметтеріміз бұл көрсеткішті 100 миллиард долларға дейін жеткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Инвестиция саласындағы ынтымақтастығымыз да тұрақты дамып келеді. Қытай Қазақстан экономикасына 29 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Осылайша, еліміздің аса ірі инвесторларының біріне айналды. Қазір Қазақстанда Қытайдың қатысуымен 9 мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде, – деді Мемлекет басшысы.🔹Президент өнеркәсіп, цифрландыру, «ақылды қалалар» мен спутниктік технологияларды дамыту, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы серіктестік дәйекті түрде нығайып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға құқықтық тұрғыдан ықпал етті.– Іскерлік байланыстардың кеңеюіне елдеріміз арасында орнаған визасыз режим де елеулі үлес қосты. Қазіргі кезде Қазақстанда қомақты инвестиция тартып, ірі жобаларды іске асыруға барынша оңтайлы жағдай жасалған деп сеніммен айтуға болады. Биыл 1 шілдеде күшіне енген Конституциямыздың негізгі ережелері еліміздің инвестициялық әлеуетін нығайтуға мықты құқықтық негіз қалады. Ережелердің тұрақтылығына және инвестициялық қызметке мемлекет тарапынан қолдау көрсету сапасына айрықша мән береміз. Осы мақсатта Бас прокуратура жанынан Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен міндеттері жүктелді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.t.me/aqorda_resmi
    TelegramAqordaҚазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Пресс-служба Президента Республики Казахстан Press Office of the President of Kazakhstan
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    25 Sept, 08:23

    Участники форума в Алматы почтили память погибших на КаспииИнвестиционный форум «Казахстан – Китай» с участием президента Касым-Жомарта Токаева начался с минуты молчания. Участники встречи почтили память военнослужащих, трагически погибших в Мангистауской области.📹: Акорда
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    25 Sept, 08:20

    Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатырЖиын басталмас бұрын форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.t.me/aqorda_resmi
    Image from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    24 Sept, 16:50

    Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.
    Image from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 15:14

    Түркістан облысында 2026-2027 жылдардағы жылу маусымына дайындық жұмыстары өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Алдағы жылу маусымына облыстағы 1265 білім беру, 737 денсаулық сақтау, 239 мәдениет, 74 спорт, 9 жұмыспен қамту нысаны және 737 көпқабатты тұрғын үй дайындалуда. Қазіргі таңда облыстағы 2332 нысанның 1871-і немесе 80 пайызы жылыту маусымына дайындықтың әзірлік паспортын алды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 14:55

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СЕНБІЛІККЕ 74 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру бағытындағы
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 14:55

    Image from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 14:54

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СЕНБІЛІККЕ 74 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫТүркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. Өңірде Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылып, оған 73 885 адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, тазалыққа жауапты мекеме өкілдері және жалпы тұрғындар бар. Нәтижесінде 1 124 гектар аумақ тазартылып, 815,3 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылды.Өңір басшысы аудан және қала әкімдіктеріне тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ анықталған кемшіліктер бойынша ескерту тақтайшалары мен бейнебақылау камераларын орнату және
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 14:50

    Image from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 14:49

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ӘРІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫРТүркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде күзгі дала жұмыстарының барысы және мал шаруашылығын қажетті азық қорымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне күзгі жиын-терімді сапалы атқаруды тапсырды. Сонымен бірге терең өңдеу көлемін арттыру басым бағытқа ие екенін жеткізді.Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 920,1 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артық. Оның ішінде мақта 173,6 мың гектарға, майлы дақылдар 98,3 мың гектарға, жүгері 46,5 мың гектарға егілді. Мақта алқаптарының ұлғаюына заманауи агротехнологияларды кеңінен енгізу ықпал етіп отыр. Биыл мақта өсіруде озық технологиялар 91 мың гектарға енгізілді.Қазіргі таңда негізгі дақылдарды жинау жұмыстары жүйелі
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 14:38

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН Түркістан облысында 2026-2027 жылдардағы жылу маусымына дайындық жұмыстары өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Алдағы жылу маусымына облыстағы 1265 білім беру, 737 денсаулық сақтау
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 14:38

    Image from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 14:37

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНТүркістан облысында 2026-2027 жылдардағы жылу маусымына дайындық жұмыстары өңірлік штабтың тұрақты бақылауында. Алдағы жылу маусымына облыстағы 1265 білім беру, 737 денсаулық сақтау, 239 мәдениет, 74 спорт, 9 жұмыспен қамту нысаны және 737 көпқабатты тұрғын үй дайындалуда. Қазіргі таңда облыстағы 2332 нысанның 1871-і немесе 80 пайызы жылыту маусымына дайындықтың әзірлік паспортын алды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.Облыс әкімі барлық нысанның белгіленген мерзімде дайындалып, әзірлік паспорттарын уақтылы алуын қамтамасыз етуді тапсырды.– Мекемелердің әзірлік паспорттарын белгіленген мерзімде алуын қамтамасыз етіңіздер. Жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін толық аяқтау қажет. Жылыжайларды қажетті көмір көлемімен қамтамасыз
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 13:51

    Image from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 13:51

    ✨ ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ🇰🇿🇺🇿🇰🇬🇹🇷 10 елден 150-ге жуық шебер Түркістанға жиналып, өздерінің бірегей туындыларын көпшілік назарына ұсынады.Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдардан бастап, күнделікті қолдануға арналған авторлық өнімдерге дейінгі түрлі қолөнер туындыларын тамашалап, өзіңізге ұнаған бұйымды сатып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ арнайы бағалар мен жеңілдіктер ұсынылады.🤝 Жәрмеңке аясында туристік бизнес форумы да ұйымдастырылады. Форумда қолөнер шеберлері, кәсіпкерлер және туризм саласының өкілдері бас қосып, өзара тәжірибе алмасады.📅 26–28 қыркүйек ⏰ 10:00–19:00 📍 Түркістан қаласы, Қолөнершілер орталығы.Өнер мен кәсіп тоғысқан ерекше жәрмеңкеге келіп, ұлттық қолөнердің сан қырлы туындыларымен танысыңыз! ✨
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

    22 Sept, 11:52

    Image from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІImage from a post by ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ