gram news
24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР channel avatar

24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

@tv24kz_kaz

📌Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/tv24kz_rus 📮24KZ арнасының телеграм ботына жаңалықтарыңызды жіберіңіздер: https://t.me/news24kz_bot

ProjectsKKNews

27,200subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    20 Oct, 15:47edited

    🚨 Оралда бюджет қаражатын жымқыруға жол берілмеді«Батыс Су Арнасы» кәсіпорнында ауызсуды залалсыздандыру жабдықтарын сатып алу кезінде заң бұзушылықтар анықталды.📊 Сараптама қорытындысы бойынша, жабдықтардың құны нарықтық бағадан 421 млн теңгеге жоғары болған. Бұл туралы БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады.Лаура Оразғалиева, БҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі: – Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Лауазымды тұлғаларды ұстап алу жүргізілмеді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің негізгі қызметіне, оның ішінде жұмыскерлердің жалақысын кешіктіруге әсер етпейтінін хабарлаймыз.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    20 Oct, 14:20edited

    🥇 Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты🏊‍♂️ Қазақстандық пара жүзуші V Азия Пара ойындарында 100 метрге шалқалай жүзуден S10 санатында 1 минут 1,98 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.🇰🇿 Спортшы Азияның 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Сондай-ақ 200 метрге кешенді жүзуден және еркін стильде жүзуден екі күміс медаль иеленді.
    187video5Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    20 Oct, 13:49

    Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының басым бағыттар бойынша атқарған жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдады.Берік Асылов:🔹криминогендік ахуалды бақылау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу бағытында қабылданған шаралар жөнінде баяндады.🔹Биылғы 9 айда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 14,6 пайызға, соның ішінде қоғамдық орындардағы құқықбұзушылық 22,3 пайызға, көшедегі заңға қайшы әрекеттер 20,1 пайызға азайған.🔹Құқық қорғау органдарымен және мүдделі құрылымдармен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа, есірткі қылмысына және басқа да қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күрес бойынша жан-жақты шаралар қабылданды.🔹 бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,3 триллион теңге болатын активтер қайтарылғаны жөнінде мәлімдеді.🔹Осы қаражат есебінен 466 әлеуметтік инфрақұрылымның құрылысы мен реконструкциясы қаржыландырылды, оның 378-і аяқталды.🔹Атап айтқанда, алты облыста ірі медицина нысандары, Астана қаласында Қ. Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Балқаш, Павлодар және Арқалық әуежайларын жаңғырту жұмыстары аяқталды.🔹Активтерді қайтару, экстрадициялау және қылмыс жасаған адамдарды беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық дамып келеді.🔹Бас прокуратура 39 юрисдикциямен 92 екіжақты келісімге қол қойды. Қазақстанға 50 адам экстрадицияланды, ал шет мемлекеттерге 123 адам берілді.🔹Мемлекет басшысының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығын орындау мақсатында инвесторларды қорғаудың жүйелі моделі жолға қойылғанын айтты.🔹Жыл басынан бері 2886 инвесторға көмек көрсетілді. Прокурорлар 3,5 мың инвестициялық жобаның іске асуын қадағалап отыр.🔹Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны «Цифрлық қадағалау» жүйесімен интеграциялау түйткілді мәселелерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.🔹 әлеуметтік-экономикалық салада 413 мың азаматтың конституциялық құқы қалпына келтірілгенін атап өтті.🔹Соның ішінде 200 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Еңбекақы бойынша 2,5 миллиард теңге, алимент бойынша 7,9 миллиард теңге берешек өндірілді.🔹Прокурорлар мемлекет қаржысын жұмсау кезінде сомасы 535 миллиард теңге заң бұзушылыққа тосқауыл қойды. Бюджетке 66,4 миллиард теңге қайтарылды.🔹Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын, әсіресе, жастар арасында ілгерілету, сондай-ақ қадағалау қызметіне цифрлық технологияларды және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне айрықша назар аударылды. Президент:🔹барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету, заң үстемдігі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, соның ішінде электоралдық кезеңде құқықтық тәртіпті сақтау шараларын үйлестіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды;🔹сондай-ақ Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    20 Oct, 13:19edited

    ⚡️Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның индустриалдық әлеуетін дамытуға China Nonferrous Metal Mining тобының атсалысуын жоғары бағалады. Компания халықаралық тау-кен және металл өндірісінде мол тәжірибе жинақтаған.🔹Президент Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауыты салына бастағанын ерекше маңызды оқиға деп атады. Бұл жоба Абай облысының экономикасын және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін өркендетуге тың серпін береді.🔹Мемлекет басшысы атап өткендей, Қытай Қазақстанның сауда-инвестиция салаларындағы негізгі стратегиялық және экономикалық серіктестерінің бірі саналады, ал бүгін басталған зауыт құрылысы екі елдің ынтымақтастығы қарқынды ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді.🔹СNMC басшысы Вэнь Ган ауқымды жобаны жүзеге асыруға сенім артқаны, сондай-ақ салтанатты рәсімге қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.🔹Вэнь Ган Қазақстан Президентіне СNMC құрылыс жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізетінін және озық технологияларды қолдана отырып, бекітілген мерзімде аяқтайтынын, сондай-ақ өнеркәсіп пен экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтайтынын жеткізді.🔹Оның айтуынша, жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жергілікті маман даярлау және тәжірибе алмасу салаларында ынтымақтастықты кеңейтеді.🔹Кездесу соңында аталған зауыт Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның тағы бір табысты үлгісіне айналып, металлургия мен терең өңдеу бағытындағы бірлескен жұмысқа жол ашатыны атап өтілді.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    20 Oct, 12:50

    Телекөпір барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли, KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук, China Nonferrous Metal Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ган сөз сөйледі.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    20 Oct, 12:49

    🔹Кәсіпорында кен байытудан бастап одан дайын металл шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл қарастырылған. Кешен өзінің кен орнынан алған мыс концентратын өңдейді. Бұл шикізат көзін ғана қамтамасыз етіп қоймай, Қазақстанда шығарылатын өнімнің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік береді.🔹Жобаны KAZ Minerals тобы жүзеге асырады, ал қытайлық NFC компаниясы – инженерлік серіктес. Бастамаға шамамен 1,8 миллиард доллар инвестиция салынады, сондай-ақ оның аясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.🔹2030 жылы алғашқы мыс катодын алу жоспарланып отыр. Зауытта мыстан бөлек, алтын, күміс және басқа да ілеспе өнімдер шығарылады.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    20 Oct, 12:48

    ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп саласына цифрлық технология мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу ісіне баса мән беруге шақырды– Озық шешімдер кәсіпорынның өнімділігін арттырып, еңбек қауіпсіздігін күшейтуге, апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Жақында өткен AI & Digital Bridge форумында мен Үкіметтің алдына нақты міндет қойдым. Зауыт салу барысында осы мәселені ескерген жөн. Ең алдымен құрылыс жұмысын сапалы жүргізіп, уақтылы аяқтау қажет. Осы бірегей жобаны жүзеге асыруға белсене атсалысып жатқан барша азаматқа, қытайлық серіктестерімізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Ақтоғай мыс өңдеу кешені Қазақстанның өнеркәсіптегі әлеуетін арттыра түсуге зор үлес қосады деп сенемін, – деп түйіндеді сөзін Президент.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    20 Oct, 12:47

    ⚡️Президент Қазақстанның көптеген пайдалы қазбаларға ие мемлекет ретінде осы табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға барлық күш-жігерін салып жатқанына назар аударды🔹Елімізде 9,5 мыңнан астам кен орны бар. Қазақстанда жылына шамамен 160 миллион тонна кен өндіріледі. 3,5 миллион тоннаға жуық мыс концентраты шығарылады.🔹Президент кәсіпорын акционерлерінің алдында өте маңызды міндеттер тұрғанын айтты.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 18:40

    Елдегі жолдар мен көлік қозғалысы: не өзгереді?🅿️ Астана ақылы автотұрақтар көбейеді🚘 Алматыдағы автотұрақта көліктер көп тұрмауға тиіс🚕 Рөлі оң жақтағы көліктер такси бола алмайды: министр жаңа шектеулерді атады🔇 Түнгі тыныштықты бұзған жүргізушілерге бақылау күшейтіледі🛣️ Жол қауіпсіздігін күшейту шаралары🚦 Елордада көлік кептелісін азайтуға бағытталған 48 жоба жүзеге асады⚠️ Айыппұлға жеңілдік жоқ: жол ережесін қасақана бұзғандарға жаза күшейеді🚈 LRT желісі Алматының батысы мен шығысын жалғайды🌍 Әлемде көлік кептелісі қалай реттеледі?
    97111Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 17:10edited

    Астана мен Алматы әлемдегі ең үздік 300 қаланың қатарына енді🏙️ Қалалар рейтингін Oxford Economics әзірлеген. Онда 1 000 қала қамтылған.📊 Үздіктер тізімінде Алматы 265-орынға жайғасса, ал Астана 281-орыннан көрінді.👥 Екі қала әсіресе адам капиталы бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Мәселен, Алматы әлем бойынша 66-орынға, ал Астана 98-орынға орналасты.
    199511Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 16:07

    📈 Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір жылда 13,4%-ға өсті📌 БЖЗҚ қазақстандықтардың 1 қыркүйектегі зейнетақы жинақтарының көлемін жариялады.💰 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 28,47 трлн теңгеден асты. 12 ай ішінде олардың көлемі 3,36 трлн теңгеге немесе 13,4%-ға өсті. Қаражаттың негізгі бөлігін міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар құрайды. Сонымен қатар жарналардың басқа да түрлері, оның ішінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша да айтарлықтай өсім жалғасып отыр,Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%, – деп хабарлады БЖЗҚ.📌 Толығырақ 👈👈👈
    2774111Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 15:00

    Тәтті тоқаш шығаратын компания өз зауытын Петропавлда салып жатыр. Негізгі өткізу нарықтарының бірі — Ресей. Бірақ жаңа зауыт Ресейде емес, Петропавлда бой көтерді. Себебі бұл жерден Сібірге, Қазақстанға және Орталық Азияға тауар жеткізу тиімдірек.💰 Инвестиция көлемі — 37,3 млрд теңге. 🏭 Жылдық қуаты — 15 мың тонна. 👷 Жоспар — 380 жұмыс орны.
    347video2111Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 14:14edited

    💥 Семейде жарылыс болды🔥 «Северный» шағынауданындағы Сосновая көшесінде орналасқан көлік жуу бекетінде өрт шықты. Құтқарушылар келгенге дейін нысан аумағында газгольдер жарылған.🚒 Жарылыс салдарынан болған қызыл жалын жақын маңда тұрған жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйді шарпыған.🧯 Қазір құтқарушылар өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, үздіксіз су беру жұмысы жүргізіліп жатыр.Әзірге оқиғаның нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.📍 «24KZ» тілшісі жағдайды жіті бақылап, оқиға орнынан ақпарат таратады.
    367video111111Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 13:38

    💼 Қазақстанда шетелдіктерге арналған мамандықтар тізімі кеңейтіледі📋 Қазақстан шетел азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат алуға мүмкіндік беретін мамандықтар тізімін кеңейтпек. Қазір тізімде 51 мамандық болса, оның санын 174-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр.📄 Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында айтылған. Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Ұсыныстар 6 қазанға дейін қабылданады.🔎 Толығырақ 👈👈👈📸 ЖИ арқылы жасалған
    3533111Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 12:41edited

    🏀 Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді.Қазақстандық баскетболшылар бұл жолы Шри-Ланкаға қарсы ойнады. Матч 21:8 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды.📸 Нұрғали Жұмағазы
    38541111Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 11:56edited

    🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті🔹Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.🔹Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.🔹Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.
    388221111Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 11:40edited

    🏀 Қазақстан Азия ойындарында Қытайға жол берді🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы кездесуін өткізді.⛹️‍♀️ Қазақстандық баскетболшылар алғашқы кездесуінде Қытайға қарсы ойнады.🇨🇳 Ойында 18:12 есебімен қытайлықтар жеңіске жетті.🗓️ Ал Қазақстан әйелдер құрамасы екінші матчын бүгін, 22 қыркүйекте Шри-Ланкаға қарсы өткізеді.📸 Владислав Семенов
    37521111Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 10:52

    🚧 АҚТӨБЕНІҢ АЗАБЫНА АЙНАЛҒАН ЖОЛ ӨЗГЕРЕ МЕ?🛣️ Ақтөбе–Ұлғайсын. Бұл бағытта жиі жүретіндер жолдың жағдайын жақсы біледі. Ауыр жүк көлігі көп, қозғалыс тығыз, ал кей тұста тар жолдың өзі қауіпке айналады.🏗️ Енді осы күре жол түбегейлі жаңарып жатыр. Ақтөбе мен Ұлғайсын арасындағы бағыт кезең-кезеңімен 4 жолақты трассаға айналмақ.✅ Жол кеңейтіліп, қозғалыс қауіпсіз болмақ.❓ Жылдар бойы жүргізушілерді әбігерге салған жолдың қазіргі құрылысы қалай жүріп жатыр?🎥 «Жасампаз мекен» бағдарламасының жүргізушісі Риат Шони Ақтөбеге арнайы барып, жол құрылысын тексеріп қайтты.
    387video3Open in Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 10:31

    🚕 ЖҮРГІЗУШІСІЗ ТАКСИ 2027 ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫБұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында айтты.Қазір Алматыда алғашқы жүргізушісіз көлік сынақтан өтіп, қаланың цифрлық картасын қалыптастыруда. Пилоттық жоба Алматы, Астана және Қосшы қалаларында іске қосылған.Жүргізушісіз көліктерді пайдалануға қажетті нормативтік-құқықтық база да әзірленіп жатыр.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 Sept, 09:46

    🥇Тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен ұлттық құрама
    401811Open in Telegram