gram news
ULYSMEDIA.KZ channel avatar

ULYSMEDIA.KZ

@ulysmedia

📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app

ProjectsUKOther

6,040subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 18:06

    Трамп пен Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездестіАҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Украинадағы соғыс және оны аяқтаудың ықтимал жолдары болды.МӘН-ЖАЙЫТрамп Зеленскиймен бірге қақтығысты аяқтауға мүмкіндік беретін шешім іздеуді жалғастырып жатқанын айтты.– Бұған қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Арамыздағы қарым-қатынас та, Еуропамен байланысымыз да өте берік, – деді АҚШ президенті.Ал Зеленский соғысты қысқа мерзімде аяқтауға үміт білдірді.– Бұл соғысты қысқа мерзімде аяқтай аламыз деп үміттенемін. Бұған президент Трамп көмектеседі деп ойлаймын, – деді ол.Ресей аумағына жасалған соққылар талқыланадыТрамп сондай-ақ Ресей аумағына жасалған соққылар дизель отынының бағасына әсер еткенін айтты. Оның сөзінше, бұл мәселе де келіссөздер барысында талқыланады.Аумақтық
    142video1Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 17:01

    «Әжетханаға бармай, үйге дейін шыдайды»: Қаскелеңде оқушылар адам төзгісіз жағдайда оқып жүрСырт көзге оқу орны штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алайда ішке кіргенде қабырғалардағы жарықтар, әжетханалардағы көгерген іздер, сынған плитка, ескі еден мен құбырлар, тозған парталар мен орындықтар көзге түседі.Толығырақ осы сілтемеде.
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 16:51

    Иран, Украина, мұнай және жаңа эскалация қаупі: Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында не айтты АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі. Оның баяндамасындағы негізгі тақырыптардың бірі – Иранмен соғыс болды. Иран және ядролық қару
    238video4Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 16:20

    Ердоғанның Газа туралы сөзі: Израиль делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясы залынан шығып кеттіИзраиль делегациясы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның сөзі кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясының залынан шығып кетті. Түркия басшысы сөзінің едәуір бөлігін Газадағы жағдайға арнап, Израильдің әрекеттерін қатаң сынға алды.«Газада соғыс болып жатқан жоқ»Ердоған Газа секторындағы жағдайды екі тең тараптың арасындағы кәдімгі қарулы қақтығыс ретінде қарастыруға болмайтынын айтты. Оның сөзінше, бір тарапта заманауи қару-жарақпен жабдықталған тұрақты армия болса, екінші жағында бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар тұр.Түркия президенті Израильдің әрекеттерін оккупация, халықты күштеп көшіру және жаппай қырып-жою саясаты деп атады. Ол Анкараның Газада болып жатқан жағдайды геноцид деп бағалайтын ұстанымын тағы да қайталады.Ердоған Газада тез арада атысты тоқтатуға, шабуылдарды доғаруға және
    267video6Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 15:51edited

    Трамп БҰҰ мінберінде: «Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмайды» АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. Ол сөзінде америкалықтардың еркіндігі мен Иранның ядролық бағдарламасына тоқталды. «Еркіндік
    273video32Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 15:26

    Гутерриш: «Әлемге әлсіз БҰҰ қажет емес»БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Бас Ассамблея отырысында сөз сөйлеп, ұйымды күшейтуге шақырды.«Әлемге әлсіз Біріккен Ұлттар Ұйымы қажет емес. Оған қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне жауап бере алатын және болашақты жақсы жаққа өзгертуге батыл кірісетін БҰҰ қажет», – деді Гутерриш.https://t.me/ulysmedia
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 15:22

    Трамп БҰҰ мінберінде: «Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмайды» АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. Ол сөзінде америкалықтардың еркіндігі мен Иранның ядролық бағдарламасына тоқталды. «Еркіндік
    279video11Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 15:21

    Трамп БҰҰ мінберінде: «Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмайды»АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. Ол сөзінде америкалықтардың еркіндігі мен Иранның ядролық бағдарламасына тоқталды.«Еркіндік америкалықтарға оңай келген жоқ. 250 жылдан кейін де біз одан ешқашан бас тартпаймыз», – деді Трамп.Кейін АҚШ президенті Иранның ядролық бағдарламасы туралы айтып:«Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмайды», – деп мәлімдеді.https://t.me/ulysmedia
    271111Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 14:03

    🌍 Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығы басталды. Әлем көшбасшылары жаһандық қауіпсіздік, бейбітшілік, тұрақты даму, экономика және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін бас қосуда.ҰЛЫС оқиға орнынан маңызды жаңалықтар мен эксклюзивті материалдарды тікелей Нью-Йорктен ұсынады.📍 Нью-Йорк, БҰҰ штаб-пәтері🎥 Ұлыс Медиаhttps://t.me/ulysmedia
    332video3Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 13:48

    Биржада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді22 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша америкалық валюта арзандады. Онымен бірге еуро мен юань да төмендеді. Ал рубль, керісінше, сәл қымбаттадыТолығырақ осы сілтемеде.
    33311Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 13:00edited

    TikTok эфирінде марғауды қинаған ер адам табылып, жазаландыҚызылорда полициясы TikTok-та тікелей эфир кезінде марғауды қинаған ер адамды анықтап, оған айыппұл салдыТолығырақ осы сілтемеде.
    353video321Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 12:32edited

    "Саясиландыратын мәселе емес" - Тоқаев орыс тілі туралыАқордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездестіТолығырақ осы сілтемеде.
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 12:12

    Апелляциялық сот блогер Әділетхан Молдаханның ісі бойынша шешім шығардыАлматы қалалық соты жалған ақпарат таратқаны үшін сотталған блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның апелляциялық шағымын қарады. Бірінші инстанцияның үкімі өзгеріссіз қалды. Блогер 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырыладыТолығырақ осы сілтемеде.
    38821Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 11:47

    Екібастұз ГРЭС-1 экс-директоры энергетика вице-министрі болып тағайындалдыҚазақстан үкіметі Ержан Ертаевты энергетика вице-министрі қызметіне тағайындадыТолығырақ осы сілтемеде.
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 11:13

    Межелі 28 алтын: Федерациялар Азиада алдындағы уәделерін орындай ала ма?Бүгін Еркінғали Бүркіталин мен Қадырбек Шынбаев Қазақстан қоржынына тарихи екі алтын салды. Бұл спорт түрі Азиада бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Ал біздің спортшылар бірден жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Федерацияның құрметті президенті үшін бұл – жүлде жоспарының орындалғаны. Жапонияға аттанар алдында федерация дәл осы екі алтынды алуға уәде берген еді. Уәде орындалды. Қазақстандық каратэшілер мен велошабандоздар межелі алтындарға қол жеткізіп үлгерді. Енді қалған спортшылар Азиада алаңында өз міндеттемелерін орындауы тиіс.Толығырақ осы сілтемеде.
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 11:05

    Сарапшылар Қазақстанға мысты шикізат күйінде экспорттауды азайту керек екенін айттыМыс қазіргі экономиканың негізгі материалдарының біріне айналып келеді. Электр энергетикасы, көлік, байланыс, тұрмыстық техника, компьютерлер, электромобильдер, жаңартылатын энергетика – осы бағыттардың барлығының дамуы металға деген сұранысты арттырып отыр. Шикізат қоры мол Қазақстан үшін бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Алайда бүгінде мәселе елдің қанша мыс өндіре алатынында ғана емес. Өндірістік тізбектің және соның нәтижесінде қалыптасатын қосылған құнның қандай бөлігі ел ішінде қалатыны да маңызды.Толығырақ осы сілтемеде.
    39011Open in Telegram
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 10:35

    "Тәртіп орнатыңыз!": Бектенов көлік министрін жол сапасына қатысты сынға алдыПремьер-министр Олжас Бектенов көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан жолдардың сапасына қатысты тәртіп орнатуды талап етті. Үкімет басшысының айтуынша, бұл салада әлі де мәселе көпТолығырақ осы сілтемеде.
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 10:06

    Қазақстан Азия ойындарында бір күнде ММА-дан екінші алтын медалін жеңіп алдыҚазақстандық жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсеттіТолығырақ осы сілтемеде.
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 09:41

    Апелляциялық сот Гүлнәр Бажкенованың үкімін өзгеріссіз қалдырдыЖабылып қалған Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова өзіне тағайындалған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасына шағым түсірген.Толығырақ осы сілтемеде.
  • ULYSMEDIA.KZ

    22 Sept, 09:01

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары барған сайын құнсызданып жатыр2026 жылдың сегіз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) кірісі 4,2% болды. Ал осы кезеңдегі инфляция 6,3%-ға жеттіТолығырақ осы сілтемеде.