Latest posts

Abylaikhan Suiindik
13 Sept, 06:33
https://youtu.be/VwthjTFnglE?si=miJ5f4I1jUWomqRL
Abylaikhan Suiindik
12 Sept, 16:33edited
«Тасһил» кітабын тереңірек оқып, білім алғысы келетін жандар үшін 43 бейнедәрістен тұратын толық курс дайын. Дәрістер нахву ғылымының екінші деңгейіне негізделген және әр тақырып жүйелі түрде түсіндірілген.Курстың артықшылықтары: • Сабақтардың толық циклі қамтылған. • Видеоларды көруге уақыт жағынан шектеу қойылмайды. • Төлем жасап, сатып алғаннан кейін дәрістер сізде сақталады.Толық ақпарат алу үшін жекеге шығыңыз. @utlubuadmin
Abylaikhan Suiindik
22 Jul, 07:43
forwarded from @olzhas_khanafin
Бүгін 22 ші шілде Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рақым етсін) дүниеден озған күні. Дұға жасап, құраннан бағыштап қоялық.Алла қабірін кең етіп, нұрландырсын.Жанын тыныштықта етсін. Алла өзінің шексіз мейіріміне бөлесін🤲
Abylaikhan Suiindik
2 Jul, 09:01
﴿قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾ وجُمْلَةُ ﴿إنَّهُ هو الغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾ تَعْلِيلٌ لِجُمْلَةِ ﴿يَغْفِرُ
Abylaikhan Suiindik
2 Jul, 09:00
﴿قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾وجُمْلَةُ ﴿إنَّهُ هو الغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾ تَعْلِيلٌ لِجُمْلَةِ ﴿يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا﴾أيْ لا يُعْجِزُهُ أنْ يَغْفِرَ جَمِيعَ الذُّنُوبِ ما بَلَغَ جَمِيعُها مِنَ الكَثْرَةِ لِأنَّهُ شَدِيدُ الغُفْرانِ شَدِيدُ الرَّحْمَةِ.التحرير والتنوير لِابن عاشور.
Abylaikhan Suiindik
2 Jul, 06:10
Құрметті білім ізденушілер!Нөлдік деңгейден бастап, кез келген деңгейге арналған араб тілі курстарына жазылу әлі де ашық.🗓 Дәрістер 10 шілдеде басталады.Сондай-ақ, араб тілі сабақтары басталғаннан кейін Бәлаға (риторика) ғылымы бойынша «Тайсир әл-бәлаға» (تيسير البلاغة) кітабын оқуды жоспарлап отырмыз.Араб тілін жүйелі түрде меңгеріп, классикалық ислам ғылымдарының тереңдігіне қадам басқысы келетін баршаңызды дәрістерімізге шақырамыз.
Abylaikhan Suiindik
1 Jul, 13:49
«Таудых» дәрістерінен пайда алып жүрген шәкіртіміздің шынайы пікірі:«YouTube арнаңыздағы таудых сабақтарын көріп жүрмін. Аллаға шүкір, өте көп пайда алып жатырмын. Әрбір сабақта тақырып жан-жақты ашылып, барынша түсінікті түрде түсіндірілген. Сонымен қатар, иғрабтау тәсілі де егжей-тегжейлі үйретіледі. Тіпті мәбни мен муғраб сөздердегі әрекеттердің (кәсра, фатха т.б.) тә-марбута арқылы ма, әлде тә-марбутасыз келе ме – осындай нәзік тұстардың өзі назардан тыс қалмаған.Сабақтарды көре отырып, мүмкіндігінше бәрін жазып алып жүрмін. Осындай құнды материалдардың тегін қолжетімді болғанына қатты қуандым. Алла разы болсын!Әсіресе, нахву ілімін жаңадан бастап жатқан шәкірттер үшін бұл дәрістер таптырмас қазына деп айтар едім.»
Abylaikhan Suiindik
1 Jul, 13:01
Ілімнің шынайы мәні – оның адамның бойына сіңіп, сыртқы қалыптарға тәуелді болмайтын деңгейге жетуінде. Сондықтан ілімнің кемелдігі – кітаптар мен сөздерге байланып қалмай, білімнің көкіректе орныққан мағынаға айналуында. Сонда адам белгілі бір кітапқа немесе
Abylaikhan Suiindik
1 Jul, 10:12edited
إنَّ الريح إذا مرَّت بطيب، حملت طيْبًا تحيا به النفس، وتقوى به جوارحها، كذلك إذا مرَّت بالنَّتَن، فحملته، ألِمَت له النفس، وأضرَّ بأعلاقها إضرارًا تامًّا.Самал жел жұпар аңқыған жерден өтсе, жанды жадыратып, тәнге қуат беретін хош иісті өзімен бірге ала келеді. Ал сасық иістің үстінен өтсе, сол жағымсыз иісті де ілестіре келеді. Одан жан қиналып, адамның бүкіл болмысына зор зиянын тигізеді.Адам да дәл сол секілді. Кіммен араласса, соның мінезі мен ықпалынан өз үлесін алады. Ізгі жандармен бірге болса, олардың көркем мінезі мен игі қасиеттерінен нәр алады. Ал жаман ортада жүрсе, оның зияны да өзіне жұғады.
Abylaikhan Suiindik
30 Jun, 22:04
العلم حقيقته التجريد، فمن كماله أن تتجرَّد عن الكتب والألفاظ بحيث يكون العلم معنًى قائمًا في صدرك تعبِّر عنه بما تريد دون تقيُّدٍ بلفظ ولا كتاب. وليست هذه دعوى إلى نبذ الكتاب بل بيانُ أن الكتاب له مرحلة ما تنقضي بعدها الحاجة إليه في تكميل النفس. وفي هذا
Abylaikhan Suiindik
30 Jun, 22:03
العلم حقيقته التجريد، فمن كماله أن تتجرَّد عن الكتب والألفاظ بحيث يكون العلم معنًى قائمًا في صدرك تعبِّر عنه بما تريد دون تقيُّدٍ بلفظ ولا كتاب.وليست هذه دعوى إلى نبذ الكتاب بل بيانُ أن الكتاب له مرحلة ما تنقضي بعدها الحاجة إليه في تكميل النفس.وفي هذا البيان قطعٌ لعوائق عن الكمال كثيرة انتشرت بين المحصّلين، فإنهم يتعلقون بالكتب حتى تتوهم أنهم يسعون لتحصيل الكتاب لا لتحصيل العلم، فلا يهمه العلم الذي وضع له الكتاب بل لفظ الشارح، ولا يهمهم أن الكتاب الفلاني أكثر نفعًا بل هذا الكتاب المرسوم في العادة.
Abylaikhan Suiindik
30 Jun, 07:49edited
وما أحسَن قولَ بعض العارفين: إنه تعالى يَملِك عباداً غيرك وأنت ليس لك ربٌّ سواه، ثم إنك تتساهل في خِدمته والقيام بوظائف طاعته، كأنَّ لك ربًّا بل أرباباً غيره، وهو سبحانه يعتني بتربيتك حتى كأنه لا عبدَ له سواك، فسبحانه ما أتمَّ تربيتَه وأعظمَ رحمته!. الآلوسي
Abylaikhan Suiindik
30 Jun, 07:49
وما أحسَن قولَ بعض العارفين:إنه تعالى يَملِك عباداً غيرك وأنت ليس لك ربٌّ سواه، ثم إنك تتساهل في خِدمته والقيام بوظائف طاعته، كأنَّ لك ربًّا بل أرباباً غيره، وهو سبحانه يعتني بتربيتك حتى كأنه لا عبدَ له سواك، فسبحانه ما أتمَّ تربيتَه وأعظمَ رحمته!.الآلوسي (رحمه الله)
Abylaikhan Suiindik
29 Jun, 15:45
Уайым, қайғы мен мұңды сейілтуде уақытты ілім үйренуге, кітап оқуға және пайдалы дәрістер тыңдауға арнаудан артық ем таппадым. Егер ілім үйренудің бұдан өзге ешбір пайдасы болмаса да, осы қасиетінің өзі-ақ оған жеткілікті артықшылық болар еді. Тіпті уақытты дүниелік болсын, ақыреттік болсын, кез келген игі де пайдалы іске арнаудың өзі адамды сансыз уайым мен қайғының құрсауына түсуден сақтайды. Өйткені көптеген жан дүниелік күйзелістер мен психологиялық қиындықтар адамның пайдалы іспен шұғылдануының арқасында өздігінен басылып, сейіледі.Анығында, уайым мен бос уақыт – бірінен бірі ажырамайтын егіз. Сондықтан да ауыр еңбекпен күн көріп, маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген жандардың арасында бүгінгі қоғамда кең таралған психологиялық дерттер мен рухани әлсіздікке шағымданатындар сирек кездеседі. Керісінше, жұмыстарының қаншалықты ауыр әрі машақатты екеніне қарамастан, олардың өмірге
Abylaikhan Suiindik
29 Jun, 08:41
Шәкірттің ұстазына деген ықыласы мен білімге деген шынайы талпынысының белгілерінің бірі – ұстазы оған білімін тереңдету үшін бір кітапты нұсқаса, ол бұл ишаратты елеусіз қалдырмай, сол кітапты оқуға бірден кіріседі.
Abylaikhan Suiindik
29 Jun, 04:39
Байдауи тәпсіріне жазылған хашияларда (түсіндірмелерде) ұшан-теңіз ғылым, пайдалы талдаулар мен қаламның ұшымен жүргізілген ғылыми айтыс-тартыстар мол. Бұл еңбектер қазы Байдауидің тәпсірін түсіндірумен ғана шектелмей, ғасырлар бойы өмір сүрген мұфассирлер мен хашия жазушылардың ғылыми көзқарастарының айнасына айналған. Сондай-ақ онда сәләф дәуірінен бері айтылып келген тәпсірлік пікірлер мұқият сараланып, Алла Тағаланың кәләмі бәлағатқа (шешендікке) сай келмейтін немесе мәнмәтінге үйлеспейтін мағынаға телінбеуі үшін жан-жақты талданған.Дәл осындай сипат «Кәшшаф» тәпсіріне жазылған хашияларға да тән. Олар – ұлы имамдар төңірегіне жиналған ғылым дастарханы секілді. Сол дастархан басында олар өздерінің зеректігі мен терең ойының жемісін, ілімдерінің қаймағын ортаға салды. Алла Тағала оларды рақымына бөлеп, біздің атымыздан ең жақсы сыйын нәсіп етсін!
Abylaikhan Suiindik
28 Jun, 13:08
Әл-Жахиз (рахимаһулла) былай деген:من عاجل الضرر وآجل الحرمان أن تغتر بما عندك، فلا تثمرُه بالزيادة؛ فإن العلم قد تعرض له آفة النسيان، فما لم يدرس ويُزَد فيه ويذكر بعضه بعضا تفلَّتَ من عُقُله، ودرست معالمه، وخبا زنده.«Қолда бар білімге алданып, оны еселеп арттыруға ұмтылмау — бүгінгі күннің зор зияны, ал ертеңгі күннің зор өкініші. Өйткені білімнің басты кеселі — ұмытылу. Егер оны үнемі қайталап, толықтырып отырмаса, әрі бір білімі екіншісін жаңғыртып тұрмаса, ол ақылдың құрсауынан босап, қолдан сусып кетеді. Уақыт өте оның ізі өшіп, нұры сөнеді».
Abylaikhan Suiindik
27 Jun, 11:25
Имам әс-Суюти (рахимаһуллаһ) былай деген:"ولا يجوز الإقدام على تفسير كلام الله تعالى بمجرد ما يحدُث في النفس، أو يُسمع ممن لا عُهدة عليه"«Алла Тағаланың Кәләмін (Құранды) тек көкейге келген ой-пікірлерге ғана сүйеніп немесе сөзіне сенімсіз, ешбір жауапкершілігі жоқ адамдардан естіген дүниелерге арқа үйеп тәпсірлеуге мүлдем жол берілмейді».Бүгінгі таңда Құран аяттарын түсіндіру барысында жиі қолданылатын, көпшілік «тәфәккүр мен тәдәббур» (терең ойлану мен пайымдау) деп айдар тағып жүрген пайымдардың басым бөлігі дәл осы ескертудің аясына кіреді. Себебі, бұл айтылғандардың көбі — ешқандай іргелі ғылыми негізсіз, тек өткінші сезімдер мен адам көкейіне ұялаған мағынасыз пайым мен сәттік ойлардан ғана тұрады.
Abylaikhan Suiindik
25 Jun, 11:31
Нахву ілімінен «Тухфа Сания» кітабы бойынша дәріске шәкірттер қабылдаймын.Ұлдар тобы: орын саны жеткілікті Қыздар тобы: 3 орын қалды📥Байланысу үшін: @utlubuadmin
Abylaikhan Suiindik
25 Jun, 11:31


Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
