Latest posts

Zukhridin Al-Hanafi
20 Sept, 17:29edited
Ақыретте жаннатты қаласаң, дүниеде адамдардың өмірін тозақ етпе, пайдаң тимей-ақ қойсын, зиян берме.
Zukhridin Al-Hanafi
15 Sept, 08:58
forwarded from @aqlnama
🖇️ Дәрістердің басталуына 5 күн қалды. Тіркелу әлі жалғасуда…🔎 https://t.me/AQLNAMA/706🔎 https://t.me/AQLNAMA/705🔎 https://t.me/AQLNAMA/704📱Байланыс нөмері: 87752398083 (телеграм) 87714868190 (уатсап)
Zukhridin Al-Hanafi
13 Sept, 04:30
forwarded from @syrymbek_adilbulatulu



Zukhridin Al-Hanafi
9 Sept, 16:35
Соңғы кезде сабаққа өтініш көбейді. Алла қаласа араб тілінен де және басқа да сабақтарды күтіңіздер, қабылдауды да.
Zukhridin Al-Hanafi
8 Sept, 20:43
Кейбір “батырларымыз” мектептегі бүлдіршіндеріміздің басындағы 50-100 грам шамасындағы орамалмен арпалысып, соны женумен әуре. Оның елге төніп келген айдаһар емес екенін аңғаратын күн қашан келеді екен.
Zukhridin Al-Hanafi
5 Sept, 05:21
XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ — ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ!Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/n4IiU_YXoJM?si=nNafin4yfYcN9kBLYouTubeҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ЖӘНЕ МӘНЕРЛЕП ОҚУДАН XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ (LIVE 1-күн)Enjoy the videos and music you love, upload original content, and share it all with friends, family, and the world on YouTube.
Zukhridin Al-Hanafi
1 Sept, 17:38
forwarded from @aqlnama
📕 Пән: Философия📒 Оқытылатын кітап: «Мәбади әл-Фәлсафа» әл-Бәләнбури📅 Басталу күні: 20.09.2026📌 Дәрістің мақсаты: бұл кітапфилософия және кәлам ілімдеріне кіріспе, сондай-ақ «Шарх әл-Ақаид ән-Насафия» секілді кәлам мәселелері мен кітаптарын түсінуге көмекші құрал саналады.🎞️ Әр сабақ арнайы әзілнген слайдтар арқылы жүргізіледі.📱 Дәрістер Зум қосымшасы арқылы өтеді.🧮 Дәріс саны: 12-15


Zukhridin Al-Hanafi
1 Sept, 17:38
Шариғат маманымен философия оқыңыз келе ме? Сіз басқа жерден таба алмайтын сабақ жіберемін қазір
Zukhridin Al-Hanafi
1 Sept, 17:37
forwarded from @aqlnama
📕 Пән: Бәлаға ілімі📏 Деңгей: Бірінші деңгей📒 Оқытылатын кітап: «Мәтн әт-Тухфа»📖 Авторы: Ахмад әд-Дардир📅 Басталу күні: 20.09.2026📱Дәрістер зум қосымшасы арқылы өтеді.🧮 Дәріс саны: 5


Zukhridin Al-Hanafi
1 Sept, 09:43edited
Екіншісі — білім іздеудегі ниеттің көркем болуы. Яғни, білімді Алла Тағаланың разылығын мақсат етіп, оған амал ету, шариғатты жандандыру, жүректі нұрландыру, ішкі жан дүниені көркейту, Алла Тағалаға Онымен кездесетін күні жақын құлы болу, сондай-ақ білім иелеріне әзірленген Алланың разылығы мен ұлы нығметіне ие болуды мақсат етіп үйрену.Суфиян әс-Сәури: “Мен үшін өз ниетімді түзеуден қиын нәрсе болған емес.” - деген.Ал білім арқылы мансапқа, абырой-беделге, мал-дүниеге қол жеткізуді, қатарластарының алдында мақтануды, адамдардың өзін ұлықтауын, мәжілістерде төрге шығарылып, алдыңғы орынға отырғызылуды және осыған ұқсас дүниелік мақсаттарды көздемеу керек. Өйткені мұндай адам төмен нәрсені (алып) жақсырақ нәрсеге (-ні беріп) айырбастаған болады.Әбу Юсуф (Алла оны рақым етсін): “Білімдерің арқылы Алла Тағаланы мақсат етіңдер! Өйткені мен ешбір мәжіліске оларға кішіпейілділік таныту
Zukhridin Al-Hanafi
1 Sept, 09:35
Егер кітап өз оқырмандарының біреуінің ғана өмір жолын өзгерте алса, бұл — оның авторы үшін жеткілікті сый.©️ Профессор, доктор Абдулкарим Баккар
Zukhridin Al-Hanafi
30 Aug, 15:25
Баланың әрбір қалауы міндетті түрде орындалуы керек деген түсінікпен өсуі — дұрыс тәрбие емес. Өйткені өмір оған талай рет: “Жоқ” дейді. Егер бала “жоқ” дегенді өз үйінде естіп, қабылдауды үйренбесе, оны үйден тыс жерде қабылдауы қиын болады.Бала тәрбиесінде оған берілетін ең үлкен сыйлардың бірі — оның қалауын орындаудан бұрын, сабыр етуді үйрету.©️ Профессор, доктор Абдулкарим Баккар
Zukhridin Al-Hanafi
28 Aug, 17:50
Қорқынышқа негізделген тәрбие баланы тілалғыш етуі мүмкін, бірақ бақылаушы жоқ кезде оның жақсы адам болуына кепілдік бермейді.©️ Профессор, доктор Абдулкарим Баккар
Zukhridin Al-Hanafi
26 Aug, 19:42
Фемкалар қыздардың орамалын қорғамай ма? Әлде орамал тағатын қызды олар “қыз” санамай ма?
Zukhridin Al-Hanafi
26 Aug, 19:39
Мұсылманда көмек сұрай алатын Алласы бар, ешкім оған көмек бермегенде, Алласынан сұрай алады көмекті. Бүкіл материалды заттар, адамдар бере алмайтын көмекті Алласы бере алады. Алласы барға қарсы шықсаң артыңда кім тұрса да не пайда?
Zukhridin Al-Hanafi
25 Aug, 05:02edited
Өмірде әр нәрсені дұрыс қадылдау өте маңызды. Басқа келген сынақты да дұрыс қабылдау. Қолға түскен мүмкіндікті де дұрыс қабылдау.Екі бір хәлдегі адамға да бір нәрсе беріліп, бірі оны сынақ деп қабылдаса, екіншісі мүмкіндік деп қабылдайды. Есесіне екеуі екі түрлі әсер алады, екеуі екі түрлі амал жасайды.Сынақ, сынақ деп тек сынақтарымызға емес, мүмкіндіктерімізге де қарап жүрсек өзімізге де, өзгелерге де көбірек пайда әкелеміз
Zukhridin Al-Hanafi
21 Aug, 18:04edited
Барлық кезде де пікір білдіруің керек емес. Анық-қанығына жетпеген, немесе хабарың жоқ болған заттарға пікір білдіру мәдениетсіздік қой.
Zukhridin Al-Hanafi
20 Aug, 20:16
Біреуден бір зат сұрауым керек екені, біреуге бір затты жазуым керектігі түн жарымда есіме түсетіні қызы.
Zukhridin Al-Hanafi
20 Aug, 05:50edited
Бала кезімде мешітке алғашқы аяғымды басқан кезден бері, алғашқы уағыз тыңдаған сәтімнен бастап бүгінге дейін “әйелді қорлау керек”, “әйел - еркектің нәпсін қандыратын ғана заты”, “әйелдің жалғыз мақсаты ерге қызмет қылу” деген уағыз-насихат тыңдаған емеспін, естімеппін, көрмедім. Қай жылдары ол әйелді жамандап уағыз-насихат болды? Әйелдің қадірін діннен үйрендік қой. Әйелі қыз босанса қуанатын да сол діндар кісілер емес пе?!Әйелдер жайлы жазғым келген жоқ, тек кей адамдардың не болса болды бәрін Исламнан, уағыздан көре беретіндері өзегіңді өртейді екен.
Zukhridin Al-Hanafi
16 Aug, 18:13
Қазір қандай да бір әлеуметтік желіде қаралымы болмай, ешкім танымаса да, танымалдылық пен внимание қаласа, исламды қаралап жазатындар, провокация жасайтындар көбейді. Сондай кезде не істесек болады? Ешкім қарамайтын, қаралымы жоқ, исламды жамандап, атақты болғысы, центр внимания болғысы келетін адамдарға ешқандай реакция білдірмеу, ешқандай коммент жазбау, охватын көтермеу керек. Керісінше, сырттай ғана айналып өту керек. Сонда оған қаралым да келмейді, охваты да өспейді. Ойлағаны болмай қалады.Өте сирек жағдайда ғана жақтастары жазып, охватын көтеріп жіберуі мүмкін.
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
